Қоғам

«Жеке суреттерін таратамын деп қорқытқан» – Оралда ер адамды бопсалаған әйел ұсталды

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ақша бопсалады деген күдікпен облыс орталығының 31 жастағы тұрғынын ұстады.

Фото: Полиция

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті ер адамның жеке фотосуреттерін таратамын деп қорқытып, ақпаратты жарияламау үшін 500 мың теңге талап еткен.

Полиция қызметкерлері әйелді жедел іс-шара барысында қолға түсірген. Тексеру кезінде ақша қаражаты мен заңға қайшы әрекеттерге қатысты дәлелдер сақталған ұялы телефон тәркіленді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сайт Әкімшілігі