Өңір

Желіде тараған видеоға қатысты Көкпекті әкімдігі түсінік берді

Осыдан бірер күн бұрын уатсап әлеуметтік желісіндеКөкпекті ауданында әкімдіктің бақылауымен өтіп жатқан карантиндік шаралардыбасқа мекеменің кезекті жұмысыменшатастырған видео тарап кеткен болатын. (Сілтеме арқылы өтіп аталмыш видеоны көруге болады) Бұл арада әлдебір азаматша цистерналытіркемесімен кетіп бара жатқан жүк көлігінің дертесінде су сеуіп отырғанжігітті ұялы телефонына түсіріп, сыртынан «Көкпектідегі дизенфекциялықшаралардың осылай жүріп жатқанын» айтып келемеждеп өтеді.

Jasalash.kz

Алайда, мәселеніңбайыбына бармай жатып, аудандағы карантиндік қорғаныс жұмыстарын түгелдейтеріске шығарған көріністі Көкпекті аудандық әкімдігі де дер кезінде байқапүлгерді. Дем арасында тарап кеткен кереғар көрініске орай Көкпекті ауданыәкімінің аппарат басшысы Бек Нұғыбаев БАҚ өкілдері арқылы бірден мәлімдемежасап, нақты түсінік берді.

-Бұлвидеодағы көрініс жекеменшік жол жөндеу мекемесінің іс-әрекеті. Тиісті мекемегедереу хабараласып, мән-жайды сұрағанымызда жұмыстан кейін цистернада қалғансуды жолдың шаңын басу үшін төгіп өтулеріне тура келген. Бірақ, жол жөндеуережелерін бұзғаны үшін бұл мекеме әкімшілік жазаға тартылды. Ал, коронавирусқақарсы күреске орай Көкпекті және Самар ауылдарында Денсаулық сақтаудепартаментінің қаулысы негізінде нақты, жүйелі жұмыстар жүріп жатыр.Тұрғындардың алаңдауына негіз жоқ. Залалсыздандыру жұмыстары аптасына екі ретжүргізіледі,-деп мәлімдедіКөкпекті ауданы әкімдігінің аппарат басшысы Бек Нұғыбаев.

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ,

Шығыс Қазақстан облысы

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега