Оқиғалар

Желіні шулатқан кедей мұғалім неге кешірім сұрағанын айтты (видео)

Осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде Алматы облысы,Көксу ауданы Мұқыры ауылы мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақберетін Майра Байболатованың Қазақстанды «Қайыршы мемлекет» деп атаған видеосытарады.

Артынша іле-шала ұстаздың кешірім сұраған видео бейнесі шықты.  «Жас Алаштың» тілшісі  мұғалімінің өзімен тілдесіп көрген еді.

 Майраның айтуынша оның «Кедей, қайыршы мемелекеттіңкедей мұғалімімін» деп айтуына эмоцияналды шаршауы мен әлеуметтік жағдайы әсереткен. Сол күні сіңілісімен сөзге кеп қалған ол үйіне қайтып бара жатып, ашыныпвидео түсірген. Алайда оның ел арасына тез тарайтынын білмеген.

«Ауылда 4G интернетұстайды. Бірақ мен пәтер жалдап тұратын болғандықтан ол жерде интернет жоқ. АОҚазақтелекомға барып шағымдандым. Одан да нәтиже болмады. Отбасымызда екіқызбыз. Анам науқас, сол кісінің жанында боламын. Көмектесемін. Қараймын. Өзім«Дипломмен ауылға» бағдарламасымен келгенмін. Қыркүйек айында барып өтінішбердім. Бірақ аудан бойынша 47-ші болып тіркелдім. Бір жылда 45 адамға ғана үй бередіекен. Солай келер жылға қалдым» дейді Майра.

Бұл видео тарағансоң әкімшіліктің адамдары «Неге келмедіңіз?» деген екен. Бірақ Майра  бірнеше рет барғанын, оған қағаз жүзіндедәлеледері бар екенін айтады. Оның сөзінше әкімшіліктен келген адамдар барлықадамға тең қарайтынын, бірақ мәселесі қаралатынын айтқан. «Мен 45 адамнан аттапкеткелі жатқан жоқпын ғой. Бірақ жалғызбасты ана деген статусым бар. Анама Үндістаннандәрі-дәрмек аламын, балама киім кешек, күнделікті жейтін асымызды алу керек.Одан бөлек несие мен пәтерді қоса алғанда айлығым шайлығыма жетпейді. Бұл текмен емес, көп адамның басында бар проблема» дейді.

Оның сөзіншеәкімдіктің адамдары келіп, жағдайды түсіндірген соң «Қайыршы мелекет» дегенсөзіне өкініп, кешірім сұраған. «Көксу ауданы тарапынан модем алынды, әзіршесонымен жұмыс істеп отырмын» дейді.

Біз осы мәселебойынша мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Шара Шаймұханбетқызынахабарласып, жауап ала алмадық.

 Көксу ауданы әкімдігінің баспазсөз хатшысыАйгүл Айманбекованың да айтары бар. «Ол кісі өтінім берген, қазір үй кезегіндетұр,  тұрып жатқан пәтер ақысынтөлемейді.  261 мың айлық алады. Астындажекеменшік көлігі бар.  Мұқыры ауылындаинтернет желісі жақсы, тек М. Байболатованың тұратын үйі пәтер болғандықтанинетрнетке жалғанбаған. Бұл мәселе қаралып жатыр» дейді.

Думан ТЕРЛІКБАЙ

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега