Әлеумет

Желтоқсаннан бастап екінші деңгейлі банктер қазақстандық отбасылардың әл-ауқатын бағалау жүйесіне қосылады

Қазақстанда Отбасының цифрлық картасын екінші деңгейлі банктердің ақпараттық жүйелерімен интеграциялау жұмыстары биылғы желтоқсанда басталады.

Фото: ашық дереккөз

Бұл өзгеріс мұқтаждық деңгейіне қарай әлеуметтік көмек көрсету тетіктерін жетілдіруге бағытталған.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа тәсілдерді 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап кезең-кезеңімен енгізуге дайындық жүргізіп жатыр. Алдымен жоба аясында табысы жоғары азаматтар, кейін ауқатты азаматтар қамтылады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың айтуынша, пилоттық кезең өзгерістердің тиімділігін кең көлемде енгізгенге дейін бағалауға мүмкіндік береді. Алғашқы кезеңде әлеуметтік көмекті оңтайландыру шараларының нәтижесі тексеріліп, соған қарай жобаның ауқымы кеңейтіледі.

Министрлік бұл шаралар мемлекеттік әлеуметтік көмекті ұсыну жүйесін жетілдіруге бағытталғанын атап өтті.

Сайт Әкімшілігі