Қоғам

Жемқорлардан тәркіленген қаржыға 62 мектеп салынып жатыр

Жемқорлардан тәркіленген қаражат жинақталатын Қор арқылы еліміздің бірқатар өңірінде, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 76 мың орынға арналған (екі ауысымды) 62 мектеп құрылысы қаржыландырылды.

Jasalash.kz

Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, қор былтыр желтоқсан айында құрылған, содан бері оның есепшотына 151,6 млрд теңге түсті. 

Қордың қызметі мектептерді, қосалқы ғимараттарды және интернаттарды салу және қайта жаңғырту арқылы үш ауысымды мектептер мен апатты оқу орындарының мәселелерін шешуге және жалпы білім беру мекемелеріндегі орын тапшылығын жоюға бағытталған.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега