«Жемқорлықпен күресу үшін оралдым»
Грузияныңбұрынғы президенті, Одесса облысының экс-губернаторы Михаил Саакашвили бір жылөтпей Украинаға қайта оралды.
Саясаткер күшпен саяси иммиграцияға кеткен еді. Бүгінол Украинаға оралды.
28мамыр күні президент Владимир ЗЕЛЕНСКИЙ Саакашвилиге азаматтығын қайтарған еді.2004-2013 жылдары Грузияны басқарған Михаил Саакашвили 2015 жылы Украинаазаматтығын қабылдаған. Ол 2004 жылы Украинадаға болған түрлі-түсті төңкерістіқолдаған. 2014 жылғы Евромайданды да қолдап, биліктің ауысуына белсенді түрдеат салысқан.
Қашқынпрезидент Виктор ЯНУКОВИЧТЕН кейін билікке келген Петр ПОРОШЕНКО 2015 жылыгрузиялық реформатор саясаткерді Одесса облысының басшысы етіп тағайындайды.2016 жылы үкіметті жемқорлықпен күресіне кедергі жасады деп айыптайды. Артыншаөз еркімен қызметінен кетеді. 2017 жылы 28 ақпан күні «Рух новых сил» саясипартиясы ресми түрде тіркеледі.
«Мен кек алу үшін.Біреуді жазалау үшін оралғаным жоқ. Бұл менің стилім емес. Қолымнан келетін істі жасау үшін келдім. Одессада жасатпаған шаруаларыммен айналысамын», — дедіСаакашвили журналисттерге.
Фото: currenttime.tv