Әлеумет

Жеңіс Қасымбек Бегімовке сөгіс жариялады

Қарағандыоблысының әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК Жезқазған басшысыҚайрат БЕГІМОВКЕ сөгіс жариялады.

Jasalash.kz

Бұл туралы өңірдегі «ЖасАЛАШ»тілшісі Арай САТЫБАЛДЫҚЫ хабарлайды. 

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша қалабасшысы Жезқазғандағы су мәселесіне қатысты сынға іліккен.

«Мен суменжабдықтау құрылғыларының жұмысына риза емеспін. Сонымен қатар «Қазақмыс»басшылығына да ескертемін:  Қаланы суменқамтамасыз етуге жауапты қызметкерлердің шаруасына көңіл бөліңіздер»,- дедіҚасымбек.

Алдағы 2020жылы Жезқазған қаласының бюджеті 5 миллиардқа ұлғаймақ. Қарағанды облысыныңәкімі облыстағы әлеуметтік мәселелерді дұрыс шешу үшін ақшаны тиімді жұмсауғашақырды.

ЖеңісҚасымбек,  Жезқазған — Қызылордаавтожолын жөндеуге жобалық-сметалық құжаттарды дайындау мамыр айындааяқталатынын айтты. Содан кейін қайта қалпына келтіру жұмыстары басталмақекен. Ал 2021 жылғаҚарағанды — Жезқазған автомобиль жолын күрделі жөндеу жоспарланған.

Коллаж: zhasalash.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега