Әлеумет

Жеңіс Қасымбек қар тазалай алмай жатыр

Қарағандыда қар күрейтін техника жетпей жатыр.Бұл туралы «Жас АЛАШ» сайтының өңірдегітілшісі хабарлайды.

Jasalash.kz

Қарағанды жұртшылығы бұл өңіргеенді ғана қыс келгендей күй кешуде. Соңғы аптада қалың түскен қармен ұйытқып соққанборан, Жеңіс ҚАСЫМБЕК бастаған шенеуніктердің қысқа дайындығыныңжеткіліксіз екенін байқатты. Әлеуметтік желілер арқылы қалааралық жолдар мен көше қарларыныңуақытында тазаланбауына қатысты шағымдар көп түсті. Қарағанды облысы әкіміЖеңіс Қасымбек аппараттық жиналыста бұл мәселеге басты назар аудару қажетекендігін атап өтті. Әсіресе қары дұрыс  күрелмейтін Қарағанды- Теміртаутас жолына қатысты арыз-шағым бір толастар емес.«Бізде соңғы күндері болған проблема олауа-райымен байланысты. Қардың көп мөлшерде түсуі жағдайдыушықтыра түсті. Көбінесе түк көрінбейтін боранның салдарынан жолдар жабылды. Боран басылғансоң қарды тазалау үшін бірер сағатқа жолды тағы жаба тұруға тура келді»,- депмәлімдеді "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ Қарағанды облысы филиалының директорыСерік АЙДОС. Жолға жауапты мамандардың мәліметінше қазіргі уақытта Қарағандыныңжолдарына күніне жүз шақты техника шығып қар күрейді. Дегенмен бұл техникалараздық етіп жатыр екен. Ал қаланың ішіндегі қарды күреп, сыртқа шығару үшін 200техниканың күші пайдаланылуда. Бірақ олардың  өзі де Қарағандының қарымен толық күресе алмайжүр. Қала  маңайындағы жолы жабылып, көлікқатысы тоқтаған ауылдарды айтпағанның өзінде облыс орталығы ішіндегі жер үйсекторлары да қар құсауында қалып, биліктен көмек сұрап жатыр. ЖақындаПришахтинскідегі жер үй секторының тұрғындары «инсульт» алған әйеладамды жедел жәрдем көлігіне жеткізе алмай әуреге түскен. Қардан жүре алмағанжедел жәрдем көлігіне тұрғындар науқас жанды өздері көтеріп жеткізген. Алайдаорнынан қозғалған көлік тағы қардан жүре алмай  бірер сағат тұрған. Ақырсоңында жедел жәрдемді  өрт сөндіруші көлігімен сүйреп әзер шығарған.Сырқат анасына алаңдаған Пришахтинск тұрғыны екі сағат бойы «жандарыншүберекке түйіп » отырғанын мәлімдейді.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек арқаның алты ай бойы жатып алатын қысына дайындықтыкүшейту керек деген тапсырма берді.Айта кету керек, әлеуметтік желіде қардан қажыған жұрт«коммуналдық қызмет қар қанша жауса да облыс және қала әкімдігінің маңайынтілмен жалағандай етіп тазалайды» деп өкпесін білдіруде.

Фотоларавтордікі.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега