Жер жаннаты жабылды...
Жер жәннаты саналатын Жетісу өлкесіндетәжтажалдың ушығып кетуіне байланыстыөңір сыртқы әлеммен байланысын үзді.
Бұл турасында аймақта карантиненгізілетінін жариялаған облыстың мемлекеттік санитарлық бас дәрігері ҚайратБаймұхамбетов мәлімдеді.
Қаулыға сәйкес, өңіраумағына өзге елдерден оралған Алматы облысының тұрғындарынан басқа, жүк тасушыадамдар мен көліктер, соның ішінде транзиттік көліктерден бөлек, өзге өңірденкелген адамдар мен көліктерге кіруге тыйым салынады.
Карантин енгізілуіне байланыстыаудан, қалаларға кіріп-шығуға, сол сияқты елді мекендердің ішіндегіқозғалыстарға да жол жабық. Бұл реттетұрғындарға медициналық мекемелерге, жақын жердегі дүкендер мен дәріханағакүніне бір рет қана шығуға рұқсат етіледі. Шенділердің айтуынша, халықтықауіпті дерттен сақтандыру шараларының күшейтілгеніне қарамастан, облыстұрғындары күнделікті тұрмысқа қажетті заттармен қамтамасыз етілетінболады.
Коронавирус індетінің таралуыбойынша қалыптасқан ахуалға сәйкес, 15 сәуірде өңірде 24 адам аталған дертке шалдығыпты.Соңғы мәліметтерге қарағанда, ең ауыр жағдай Еңбекшіқазақ ауданында қалыптасқан.
Саяжайдағы сорақылық
13 сәуірде Есік қаласыныңіргесіндегі Еңбекшіқазақ ауданының Рахат ауылдық округіне қарасты төрт саяжайаумағы карантинге жабылды. Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқанақпаратта «COVID-19» диагнозы расталған 11-пациентпен байланыстаболған азаматтар провизорлық госпитальға жатқызылып, олардан сол мезетте КВИанализі алынғаны хабарланған болатын. Жасалған талдау қорытындысы 9 адамныңіндет жұқтырғанын көрсетті. Нәтижесінде облыстық штабтың келісіміменЕңбекшіқазақ ауданындағы төрт саяжай массиві – «Алтын адам», «Көксай», «Алтыналма» жəне «Береке» бір мезетте карантинге жабылды» делінген.
Қазіргітаңда облыс əкімінің тапсырмасына сәйкес, саяжай тұрғындарының тізімі жасалды.Олар қажеттілігіне қарай азық-түлікпен жəне қызмет түрімен қамтамасыз етіледі.Карантин режимін қатаң сақтауды қамтамасыз ету мақсатында тиісті қызметтер көрсетіледі. Әкімдік таратқанақпаратта айтылғандай, соңғы анықталған 9 адам да коронавирус жұқтырған 11-ші пациенттің жақын туыстары екен.
Жергіліктіатқарушы билік саяжайға қамалған халыққа жағдай жасауға барын салуда. Саяжаймассивтерінің аумағында азық-түлік дүкендері, дәріханалар жұмыс істеп тұр. Күнделіктітұрмысқа қажетті заттар – газ, көмір және тағы басқалары әлеуметке жеткізіліпберілуде.
15 сәуірде қалыптасқан ахуалға сәйкес,Еңбекшіқазақ ауданы бойынша 12 адам қатерлі дертке шалдықса, бір адам емделіпшыққан. «Үйде қамалып отырмыз, барлық жерде полиция және медицина қызметкерлеріқаптап жүр. Көше түгіл, тіпті ауладағы дәретханаға шығудың өзі мұң болды.Күніне бір үйден бір адам бір рет керек-жарақты алып келуге шыға алады,қалғанымызға рұқсат жоқ», – дейді біз хабарласқан саяжай тұрғындары.
Әрине, бұл қажетті сақтық шараларынқамтамасыз ету қажеттігінен туындап отырған талап, оны төрт қабырғаға қамалғанжұрт та түсініп отыр. Бізді толғандыратыны басқа дүние – індетке қарсы күрестіңалғы шебіндегі дәрігерлердің, медбикелердің және медицина саласының тағы басқақызметкерлерінің қауіпсіздігі.
Дәрігер неге жылады?
Өзімтілдесе алған дәрігерлердің коронавирус жұқтырған науқастармен жұмыс істеугеқажетті қорғаныс құралдарының жетпейтіндігін айтып зар жылап отыр. Еңбекшіқазақаудандық ауруханасының әскери комиссариатқа еріктілерді медициналық тексеруденөткізуге жіберілген дәрігерлеріне басқа қорғаныс құралдарын айтпағанда,қарапайым медициналық бетперде де бермепті. Атап айтарлығы, олардың барлығыатын атамауды өтінді.
Соңғымәліметтер дәрігерлердің көңіл-күйін тіптен түсіріп жіберген сыңайлы. Денсаулықсақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау комитетініңбасшысы Людмила Бұйрабекова 13 сәуірде таратқан ақпаратқа сәйкес, елімізде 211медицина қызметкері COVID-19 індетін жұқтырған, бұл елімізде қауіпті дерткешалдыққандардың 21 пайызын құрайды. Ал Алматыдағы орталық клиникалық ауруханатолығымен карантинге жабылды. Бұл дегеніміз нағыз сорақылық емес пе?!Еліміздегі ең үлкен мегаполистегі ахуал осындай болса, шалғайдағы қалыңқазақтың жағдайы қандай жағдайда екен деген сұрақ ойға орала береді. Сондаелімізде үкімет тарапынан қауіпті дертке қарсы күреске бөлінген миллиардтағанқаржы қайда?! Індетке қарсы күрестің алғы шебіндегі дәрігерлер неге қорғанысқұралдарымен қамтамасыз етілмеген?! Осы сұрақтарға нақты жауап бере алатынлауазымды тұлға бар ма?! Әлде марқұм Шерхан ағамыз (Шерхан Мұртаза – автор) айтқандай,«Қазаннан қақпақ кеткен, иттен (шендіден) ұят кеткен» заман қайта туды ма?
Сөз соңында айтарым, жаңалықтардан жауғааттанған жауынгердей, қорғаныс құралдарын киген қытайлық дәрігерлерді көргендәрігердің бірі жылап жіберді. Ол неге жылады екен?..
Дәурен Қайыр