Баған

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Қазақта «жер дауы, жесір дауы» әлімсақтан бар. Бірақ, бүгінде «жесірдауы» өзінің мәнін жойып кейінге ысырылғанымен, қазіргі биліктің жерді пұл етіп әлсін-әлсін сатуға шығармақ болған әрекеті жер дауының өзектілігін арттыра түсті.

Jasalash.kz

  Мәселен, үкімет 2016  жылы 1,7 миллион гектар ауыл шаруашылығына  тиесілі жерді  аукцион арқылысатылымға  шығаратынын  жария еткен еді.  «Малым – жанымның садағасыжаным –арымның садағасы»  дейтін тәмсілді бетке  ұстайтын қазақ  наразылығын білдірді. Келіспейтінін айтты. Қоғам белсенділері  жалпыхалықтық митингілер ұйымдастырды. Өйткені жерді сатуға,  ұзақ  мерзімге жалға беру, соның  ішінде шетелдіктерге  беруге болмайтынын   тарих айғақтап бергеніанық. Соның  бір  мысалы – Палестинаны  мекен еткен арабтар өздеріне  тиесілі, жекешелендіріп алған жерлерін  оңды-солды  сатып, енді соны  қайтара алмай сорлап отыр. Патшалық  Ресей Алясканы АҚШ-қа  сатты. Енді мәңгі  қайтара алмасы хақ. Сол  секілді шетелдіктерге  ұзақ  мерзімге жалға берілген жерді ертең  уақытыкелгенде біз  қайтара аламыз  ба, жоқ па? Халық  соған алаң  болды. Өзге байлық  құрып  қалғандай жерді сатып, пайда көрмек болған  билік  тұрғанда жалға  өтіп кеткен жерді кейін  қайтарып алу  қиынға соғары хақ-тын. Халық  осыны ойлады. Ойын айтты. Наразылық танытты.

Ақыры сол кездегі  билік  жағдайдың ушығып  бара жатқанын  ескеріп, Жер кодексіндегі дау  тудырған баптарға  бесжылдық мораторий жариялады.   Оның  мерзімі келесі  жылы, яғни  2021жылдың 31 желтоқсаны аяқталады.  Дегенмен  бірер күннен бері жерге  байланысты  әңгіме қоғамда  қайта қызып  барып басылды. Ол  үкіметтің  Қазақстан  жерінде  орналасқан Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдердің  компания-кәсіпорындарын  жер учаскелері  тегін берілетін отандық кәсіпорындардыңтізіміне қосу болатын. Егер осы қаулы жүзеге асқан жағдайда ЕАЭО-ға кіретінкәсіпорындар   қазақ  жерінің бір пұшпағына  ие  болып, өздері  қожайындық ететінзауыт-фабрикаларын салып,  бізге  шекесінен қарар еді. Бірлі-жарлы компания болса бір  сәрі, елімізде  осы одаққа  енетін елдердің жүздеген құрылымдары  жұмыс істеуде.Солардың бәріне жер үлестіру керек  пе?Бұл  қауіпсіздікке қатер төндіретінжағдай. Тіпті мұның астарында  қазақжерін  байқатпай жаулап алу  пиғылы жатқандай. Үкімет қай елдің мүддесі үшін осындай қадамға  барыпотыр?  Кім жасырын  нұсқау берген? 

  Үкімет бұлқаулыны 21  сәуірге  дейін жалпыхалықтық талқылауға салдық дегенекен. Бірақ  вируспен арпалысқан  жұрт бұдан хабарсыз еді. Алайда  елімізде орналасқан ЕАЭО  кәсіпорындарынажерді  тегін беру мәселесі қарастырылғанқаулыны назардан  тыс, жасырын қабылдауғажол берілмеді.  Түрлі ақпарат көздеріарқылы хабардар  болған қоғамбелсенділері  қарсы  тұрды. Үкімет халықтың көшеге  шығып кетуінен тайсақтады ма, қаулыталқылаудан алынып  тасталды. Осылайша  жұрт коронавирус індетімен айналысыпжатқанда, қаулыны байқатпай  өткізіпжіберуге  тырысқан  үкіметтің жолы  кесілді. Бұлжалпыхалықтық  жеңіс. Дегенмен бұғантоқмейілсуге болмас. Қыр астында жерді сатуға жарияланған  мораторийдің бітетін уақыты тақапқалды. Жағдай не  болмақ?  Тағы да жерді сату  мәселесі күн  тәртібіне шыға  ма?  Қасым-Жомарт Тоқаев «Жер шетелдіктергесатылмайды. Бұл менің президент ретіндегі берік ұстанымым» деген  сөзінде тұра ала  ма?  Әлде...                                                          

  Иә, біздің билікке   сенім аз. Өйткенібүйректен сирақ шығаратын кездері көп.  Ертең  бұлт етіп басқа жаққа шығып, басқаша  сөйлеп тұрмасына кім кепілдік береді?! Осындай шетін  мәселелерді ескере келе,  өзім жетекшілік етіп отырған «Байтақ–Болашақ»экологиялық альянсы   жерді  сатуға қарсы  «Жер-Ана» қоғамдық  қозғалысын құруды  қолға алмақ. Алға  қойған мақсатымыз – жер сатуға да, ұзақ мерзімді жалға беруге де болмайтынын елге  түсіндіру.  Өйткені елімізде жерді жекешелендіріп  сату, тауарға айналдыру  мәселесі тәуелсіздік алған кезден бері көтеріліп, күні бүгінге  дейін  күн  тәртібінен  түспей келеді. Шынтуайтында, жер – мемлекетбайлығы.  Оны ешкім тауарғаайналдырып,  саудалауға  тиіс емес. Оған  жол берілмеуі керек.

Азаматхан  ӘМІРТАЙ,

«Байтақ–Болашақ»  экологиялық альянсының  төрағасы

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега