Әлеумет

Жетімдер тегін пәтерлерін сатып ала алмай жүр

Ақмола облысында жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балалар жергілікті әкімдік берген жалдамалы пәтерлерді өз аттарына аудара алмай жүр.

Jasalash.kz
"Кезінде тегін деп берілген баспаналар 5 айдан кейін жалдамалы болып шыға келді",– дейді жетімдер үйінің бұрынғы тәрбиеленушілері. Қағазда көрсетілген талапқа бағынып, 4 жылдан бері пәтер ақысын төлеп келген тұрғындар баспананы өз атымызға жазайық десек, құжаттары дұрыс емес дейді.Төрт жылдан бері талай мекеменің табалдырығын тоздырып, мардымды жауап ала алмаған тұрғындар бүгін жергілікті әкімдіктің алдына жиналды. Жетімдер үйінде өскен азаматтар:  "Бізге тегін берілуі тиіс пәтерлер үшін әкімдік ақша алып отыр", – дейді. Айтуларынша, 2013 жылы ел игілігіне тапсырылған баспананың 38 пәтері ата-ана қамқорынсыз өскен балаларға беріліпті. Сол кезде әкімдіктегілер пәтерлердің тегін берілетінін айтқан. Бірақ, жастардың қуанышы көпке бармады. Арада 5 ай өткеннен кейін әкімдіктен келген мамандар үйлердің жалдамалы екендігін және ай сайын пәтер ақысын төлеп тұру қажеттігін жеткізген.-Біз бұл талаппен де келістік. Ай сайын пәтерге 5 мыңнан  төледім.  Бірақ, келісім шарт дұрыс жасалмаған. Ол жерде пәтерді сатып алғымыз келсе, айына қанша төлеу керек, неше жыл төлеу керек, қалай сатып алуға болады деген мәселе көрсетілмеген. Тұрмысқа шықтым, екі балам бар. Оларды есепке алған жоқ. Өз баламды өз үйіме тіркей алмай, біраз сандалдым, — дейді Татьяна Мордовина. Ашынған жұрт жауап беруге шыққан Бурабай аудандық ТКШ бөлімінің жетекшісі Қайыргелді Мусиннің жағасынан алуға дейін барды. Шенеуніктің айтуынша, заң бойынша ешкімге ешқашан тегін пәтер берілген емес. -Сол айтқан адам қателік жасаған. Ол кім айтқан, не үшін айтқанын  мен білемеймін. Бұл үй «арендный» үй, негізі. «Арендаға» төлеу керек. Бірақ та, олардың қақысы сатып алуға қашан да бар. Ертең сатып алам десе, заң бойынша арыз жазып, 30 пайызын төлеп солай алуға болады,- дейді Қ.Мусин.  Алайда, пәтер даулаған тұрғындар бұл сөзге көп илана қоймады.«Пәтерді өз атымызға аудару үшін алғашқы жарнасын төлеп (шамамен, 1-1,5 млн теңге), келісім шартты қайта қарау керек» деген тұрғындар келісім шартты қайта жасату кезінде үйімізден мүлдем айырылып қалуымыз мүмкін деп қауіптенеді. Ерболат Асылбек,Көкшетау.фото автордікі
Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега