Сараптама

Жетімі мен жесірін жүдетпеген ел едік қой, ашыққандар көмек сұрап жатыр

Елде карантиндік режим жарияланғалы біраз уақыт өтті. Әу баста күшейтілген мерзімжариялана салысымен үйіне азық-түлік тасып, дүрлігіп кеткен халыққа билік басуайтып, «аш қалдырмаймыз» дегенге үндеп еді.

Jasalash.kz

Әттеген-айы, жарты ай өтпей,әлеуметтік желіде ашыққандар елден көмек сұрап, видеоүндеулер  жариялап жатыр. Атап айтарлығы, олардың қатарыбірді-екілі адаммен шектелген жоқ. Көпбалалы аналар, жалғызбасты аналар,жұмыссыз қалғандар, мойнында несиесі бар адамдар, тізе берсек, біраз халықтыңсалы суға кеткен жайы бар.

    Билік қанша жерден халықты тарықтырмаудыңамалдарын қарастырып жатырмыз дегенімен, мемлекеттік көмекке қолы жетпей,биліктен емес, қайырымды жандардан көмек сұрап  жатқандардың  саны күн санап көбейіп барады. Айтуларынша,мемлекеттік көмекке олардың қолдары жетпейді, айта-айта қарапайым халықтыңбилікке сөзі өтпейтін болған. Ал енді мұндайда не істеу керек? Халықтыашықтырмаудың ең төте жолы қайсы? Билік осындай, халықты тарықтырмаудың бірнешететігін ойластыруы керек емес пе?

  Бұған қатысты бірінші кезекте  «Ұлттық қордан әр тұрғынға ақша бөлу керек»дейтіндер де табылды. Мәселен, экономика ғылымының докторы, профессор ЖұмаділдаБаяхметовтің айтуынша, бізде әлдеқандай заман болса, халықты тығырықтан алыпшығуы тиіс Ұлттық қор бар. Ендігі Ұлттық қордың шарапатын халық көретін кезең келді. Бұл ретте ойын ортаға салған ғалым былайдейді: «Ұлттық қорға қазір мұнайдан түсетін түсім, корпоративтік табыс салығы, үстеме пайда салығы,  пайдалы қазбаларды өндіру салығы, өнімді бөлубойынша үлестер, экспортқа рента салығы және өнімді бөлу туралыкелісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыныңқосымша төлемі, міне, осылардың барлығы Ұлттық қорға түседі. Біз бұл қаржыны «халықтыңбасына әлдеқандай жағдай туғанда тығырықтан алып шығады» деп сақтап отырмыз.Ендеше, қазір сол кезең келді».

     Жұмаділда Баяхметовтің айтуынша, қазірәлемдік нарықта мұнайдың бағасы құлдырап жатқан тұс. Бүгінде халықаралықнарықта көрші Ресейдің мұнайының бір баррелі тіпті 17 долларға бағаланып жатыр.«Ресейдің артынан Қазақстанның да еретіні сөзсіз. Мұнай бағасы бір жақтан, елгееніп алған тәжтажал екінші жақтан экономикаға қатты қысым түсіріп отыр. Мұнымойындау керек. Халықтың қиналатын кезі әлі алда. Сондықтан билік халыққа нақтықанша сомада көмек көрсете алатынын арнайы сараптап, Қазақстанның әрбіртұрғынына экономикалық және төтенше жағдай тұрақталғанша ай сайын Ұлттық қорданқаржылай көмек көрсетуі қажет», – дейді экономист-ғалым.

     Мамандар осылай деп пікір білдіріпжатқанымен, еліміздің ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мемлекеттікқордан әр тұрғынға ақша бөлуді нағыз популизм санап отыр.  Оның ойынша, осындай төтенше жағдайда амалсызжұмысынан ажырап қалғандарға ғана 42 500 теңге жәрдемақы төлеу орынды. Қайталап айтамыз, тек жұмысынанайырылып қалғандарға ғана төленетін сома.

     Ал сонда басқа әлеуметтік мұқтаж адамға қайтпеккерек?! Мысалы, бізге БАҚ өкілі ретінде хабарласып, жағдайын айтқан МәриямІзбасарованың айтуынша, ол Іле ауданынан күнделікті Алматыдағы «Көк базарға» қатынап,сүт және сүт өнімдерін сатып, тиын-тебен тауып отырған. Ал қазір карантиндікрежим күшейтіліп, Іле ауданынан Алматыға ешбір адам шыға алмайды. Қала мен екіортаға блокбекет орнатылған. Міне, содан бері төрт баланың анасы күнделіктіас-ауқатқа ақша таппай, күнделікті нанның өзін балаларына үнемдеп беріп отыр.Мәриямның үлкен ұлы 18-ге толып кеткендіктен, ол төрт балаға берілетін жәрдемақыныда ала алмайды. Бұл бір ғана мысал. Бір бөлке нанның өзін үнемдеп жұмсап, ертеңгікүнін ойлап алаңдап отырған отбасылар қаншама?!

     Халықтың жайын үнемі електен өткізіп,елдің сөзін сөйлеп жүретін жазушы Дулат Исабеков: «Біздің мемлекетте әр саланыңтұтқасын ұстап, басқарып отырған биліктегілер елдің қамын ойлап жатқан жоқ. Әрқайсысы өз басының қамыменәуре.  Мен мұны айтып келдім, айтамын да.Мысалы, 92 мың шаршы шақырым ғана жері бар, жерінің өзі құм, тас Израильден бізқызанақ сатып аламыз. Ал біздің жеріміз 3 млн шаршы шақырым. Біздің түбімізгебос мақтаншақтық жетті. Осы уақытқа дейін мұнайға сендік. Өздігімізбен ештеңеөндірмедік. Мұнайдың құны қазір күннен-күнге түсіп жатыр. Оған  коронавирус індеті қосылды. Енді біздің билікосы жағдайдың барлығын ескеріп келіп, жұмыссыз қалғандарға 42 500 теңгекөмек беретінін айтты. Оның өзін алу үшін жұмыс істейтін адамның зейнетақықорында  кем дегенде алты айлық жинағыболу керек екен. Ол үшін жергілікті әкімдіктерге барып, жұмысынан айырылғанындәлелдеуі қажет.  42 мыңның әуресі көпболайын деп тұр.  Осыны жеңілдетугеболмай ма?! Мұның барлығы қолдан жасалған кедергілер ғой. Әйтеуір, халыққа оңайшылықпен ақша бермеудің барлық амалынжасап қойған», – дейді.

     Дулат Исабековтің айтуынша,  мемлекеттің өзі «42 мың теңгені береміз,халыққа көмектесеміз» деп  ашық популизмгеұрынып отыр. «Популизм деп осыны айтады. Халыққа береміз, қатырамыз деп  атақтарын шығарып алады. Ал артынан қарапайымхалық мемлекеттен көмек алу үшін түрлі қиындықтарға тап болады. Бұлайша елдіәуре-сарсаңға түсірмей, біздің экономикамыз осынша көмек беруге жарайды немесеэкономикамыз көтермейді дегенді халыққа ашып айту керек», – дейді жазушы.

    Жалпы, тәжтажалды әлемдік пандемия дегелібері біраз елдер халқын тарықтырмаудың түрлі жолын ойластырып жатыр. Мәселен,Италия президенті Серджо Маттерелдің «Коронавирус жуық арада тоқтамайтын болса,Италия өмір бойы карантин жариялап, басқалар үшін өз есігін жабады. Италияныңмемлекеттік қоры өз азаматтарына жалақы мен коммуналдық қызметтерді төлейтінболады, адамдардың банктер алдындағы қарыздары алынып тасталады» деген сөзібүкіл әлемді тебірентті.

    Ал 13 млн халқы бар Уханда елін аман алыпқалу үшін Қытай билігі он күнде  1000науқасқа арналған оқшаулайтын аурухана салып тастады. Іргеміздегі Өзбекстан«халықты сақтап қалу үшін  вирусжұқтырғандарды оқшаулайтын аурухананы бес күнде салып аламыз» деп таңғалдырды. АҚШ тәрізді алпауыттармен салыстырмай-аққоялық, Украина мен Ресейдің өзі халқының еңсесін түсірмеу үшін ұтымдытәсілдерді ойластырып-ақ жатыр. Украина үкіметі індет уақытында 10 миллионнан астамзейнеткерге, 4000-нан астам мүгедек пен әлеуметтік зейнетақыға күні қарапотырған әлжуаз топқа ай сайын қосымша 1000 гривень (15 979 теңге) төлемек.Ресей карантин тәртібін толық сақтаған әрбір зейнеткерге 26 наурыздан 14 сәуіргедейінгі аралықта 4000 рубльден (22 756 теңге) төлейтінін хабарлады.  Ал  Қазақстан үкіметі елде төтенше жағдайжариялауға байланысты кіріс көзінен айырылып қалған тұрғындарға ғана айына еңтөменгі айлық жалақы көлемінде (42 500 теңге) төлемекші. Мұндай көмектіелімізде  1,5 миллионға жетпейтін тұрғыналуы мүмкін. Ал өтемақыға қолы жетпегендері, кезінде Дәркембай кедей айтқандай,«өзгенің кесе толы айранына көзімді сүзіп қайттым амалсыздан» деп, басқаныңқолындағыға көзін сүзіп қана отыра бере ме?!

    Жалпы, қазақ «Аш адам ұрысқақ, тырысқақкеледі» дегенді бекер айтпаса керек. Кезінде тарихта аты қалған Тұмар патшайым«Аш өзегіне түскен елді басқарам» деу көзсіздік. Аш адам – аш бөрі»  дегенді бекер айтпаған. Қазір елде әлеуметтіказ қамтылған топтар бекерден-бекер «ашпыз» деп отырған жоқ. Олар, расымен де,мемлекеттің көмегіне мұқтаж. Сондықтан құзырлы орындар халықтың әлеуметтік азқамтылған тобы шынымен де  ашыққанын,тарыққанын мойындауы керек. Олардың мұң-мұқтажын естуі тиіс. Осы орайда, еріксіз,мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан, «халыққа құлақ асатын мемлекетті»қалай құрмақпыз деген сұраққа қаласың. Халыққа ешқандай кедергісіз төтеншекөмек берілмесе, төтенше жағдай жариялаудың қандай қажеті бар еді?!

    Егер тарыққан елдің зары биліктің құлағына жетпесе, мұның арты жақсылыққаапармасы тағы анық.  Тіпті «ашыққан елдіңмұңы жаппай толқуға ұласып кетпесін» деп алаңдап отырғандар да баршылық.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега