Қоғам

Жетісайда 4 мыңға жуық мұғалім мен мектеп қызметкерінің зейнетақы жарнасы уақытында аударылмаған

Жетісай ауданында мыңдаған білім саласы қызметкерінің міндетті зейнетақы жарналары уақытылы аударылмай келгені анықталды.

Фото: из открытых источников

Заңбұзушылықты аудан прокуратурасы қадағалау барысында әшкерелеген.

Прокуратураның мәліметінше, аудандық білім бөліміне қарасты 41 білім беру ұйымында жұмыс істейтін 3766 қызметкердің міндетті зейнетақы жарналары белгіленген мерзімде аударылмаған. Соның салдарынан жалпы сомасы 33,8 миллион теңге көлеміндегі төлемдер уақытында жүргізілмей, қызметкерлердің конституциялық құқықтары бұзылған.

Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде анықталған заңбұзушылықтар толықтай жойылып, міндетті зейнетақы жарналары толық көлемде төленді.

Осылайша, 3766 білім беру ұйымы қызметкерінің құқықтары қалпына келтірілді. Прокуратура азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын мәлімдеді.

Сайт Әкімшілігі