Қоғам

Жетісуда өзеннен заңсыз құм-қиыршық тас өндіргендер ұсталды

Жетісу облысы полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері Талдықорған қаласы аумағындағы Балқашты өзенінде құм-қиыршық тас қоспасын заңсыз өндіру фактісін анықтап, оның жолын кесті.

Полиция

Рейдтік іс-шара барысында тиісті рұқсат құжаттарынсыз табиғи ресурстарды өндірумен айналысқан жүк тиегіш анықталды.

Аталған дерек бойынша қажетті материалдар жиналып, процессуалдық шешім қабылдау үшін уәкілетті органдарға жолданатын болады. Арнайы техника айыптұрағына қойылды.

Полиция мәліметінше, мұндай құқық бұзушылықтар өңірдің экологиялық ахуалына елеулі зиян келтіріп, табиғи тепе-теңдіктің бұзылуына және қоршаған ортаға кері әсер етуі мүмкін. Жыл басынан бері осындай 27-ге жуық құқық бұзушылық тіркелген.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. 

Сайт Әкімшілігі