Оқиғалар

Жезқазғанда көлікті капоты ашық күйде тізгіндеген жүргізуші жауапқа тартылды

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлер Сарыарқа көшесінде капоты ашық ВАЗ-21010 автокөлігін айдап келе жатқан жүргізушінің бейнежазбасын анықтады.

Фото: видео-скрин

Полиция қызметкерлері жүргізушіні тауып, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Сондай-ақ жүргізушімен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, мұндай әрекеттің жол қозғалысына қатысушылар үшін аса қауіпті екені түсіндірілді.

Сайт Әкімшілігі