Қоғам

Энергетика министрлігі жылу қашан берілетінін айтты

ҚР энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов жылуды қосу ережелері туралы айтты.

Фото: ortkom

Вице-министрдің сөзінше, орташа тәуліктік температура +8 градустан төмен болуға тиіс.

«Жергілікті атқарушы органдар осы Ережелерді ұстанады. Бірақ бұл ұсыныс қана. Әрбір жергілікті атқарушы орган жылыту кезеңін ертерек бастауға құқылы. Мысалы, Павлодарда әлеуметтік нысандарда бір апта бұрын жылу беріле бастады. Қазіргі кезде басқа қалаларда да шешімдер қабылдануда», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар ол жылыту маусымын бастауға қазандықтар мен турбиналар дайын екенін айтты.

Nazym Sapar