Видео

Жоба аясында аудандарды көркейту жұмыстары жоспарланды

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың бірнеше ауданның тұрғындарымен кездесуі барысында «Қуатты өңірлер – ел дамуының ұлттық драйвері» ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралды.

Jasalash.kz

Нақты айтқанда, қыркүйек айының 22 күні қала әкімінің Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында су басу, ескі үйлерді бұзу, қоғамдық көлік, инженерлік желілерді жүргізу, ауданды абаттандыру мәселелері қозғалып, алдағы уақытта оң шешімі табылатыны айтылды.

Соның ішінде басты мәселе – аудандағы көпқабатты үйлердің жартысы ескірген. Яғни, жалпы 1229 үй болса, соның 594-і пайызбен шаққанда 40 пайыз үйлер тұруға жарамсыз. Сол себептен, жеке құрылыс компаниялары 17 көппәтерлі үйлер салу жұмыстарына кірісіп кетті. Алдағы уақытта салынып жатқан жаңа үйлерге ескіүйлердің тұрғындары көшірілетін болады. Ал құрылыс жұмыстары 2023 жылдың наурыз айында аяқталады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ жаңа үйлерден бөлек, жоба аясында 3 мемлекеттік балабақшалар салынады деп күтілуде. Яғни, мектепке дейінгі білім беру тапшылығын азайту мақсатында – 730 орындық 3 мемлекеттік балабақшаның құрылысы жоспарға алынған. Соның ішінде Жас қанат ықшам ауданында 280 орындық балабақшаның құрылысы қайта басталады. Ал жыл соңына дейін Огарев даңғылында190 орындық балабақша салудың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, 2023 жылдың наурыз айында №70 арнайы балабақшаның ғимаратын сейсмикалық күшейту жұмыстары аяқталады деп күтілуде.

Қаланы көркейтіп, гүлдендіру үшін спорт обьектілерінің арасына бассейнмен жабдықталған дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынып бітеді. Ерболат Досаев: «Желтоқсан айында Майлин көшесіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің және Огарев көшелеріндегі даму және шығармашылық орталығының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу басталады», – дейді.

Қаланы көркейтуден бөлек, халықтың денсаулығы да назардан тыс қалмады. Осы орайда, Қайрат, Нұршашқан, Әлмерек ықшам аудандарымен Айбасов көшесінде 1 емхана мен 3 отбасылық-дәрігерлік амбулатория салу жоспарға алынды.

— Қазан айында Қайрат ықшам ауданында 340 адамды қабылдайтын емхананың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, құрылысы басталады. Ал Нұршашқан ауданында 100 келушіге, Айбасов көшесінде 200 келушіге арналған дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы басталады», – дейді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

Одан бөлек,  жиында алдағы уақытта Әлмерек ықшам ауданында амбулатория салуға жер учаскелерін сатып алу процестері жүргізіліп жатқандығы айтылды. Яғни отбасылық-дәрігерлік амбулатория құрылысын салуға жобалық-сметалық құжаттама да әзірленетіндігін және өзге де аудандарда «Қуатты өңірлер – ел дамуының ұлттық драйвері» жобасы аясында әлі де ауқымды жұмыстар жүргізілу жоспарда бар екені айтылды.

Бифат Елтаева
Тегтер: Без Тега