Жоғарғы сот коррупциядан ада ма?
Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановтың назарына!Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовтің назарына!
Жоғарғы соттың заңсыз қаулысыныңкесірінен Алматыда тұратын жалғызбасты ана тоғыз жасар ұлымен баспанасынанайырылып, далада қаңғып қалды. Жеті түн ішінде қолында ешқандай құжат жоқәлдекім үйдің есігін заңсыз, өз бетінше бұзып кіріп, пәтерді басып алды. Осымәселе бойынша журналистік зерттеу жүргізген тілшіміз түрлі деңгейдегі соттар тарапынанорын алған көптеген былықтың бетін ашты.
Халықаралық Transparency International коррупцияғақарсы қозғалысының зерттеулері нәтижесінде 2019 жылы Қазақстан сыбайласжемқорлық бойынша 180 мемлекеттің арасынан 113-орынды иемденіпті. Ал мыңдағанадамның тағдырын шешетін сот институттарында жаман індетпен күресу қалай жолғақойылған? Естеріңізге салсақ, 2015 жылы жоғарғы сотта ішкі қауіпсіздікжәне соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі құрылған. Бірақ жылсайын қанша сот шешімінің әділетсіз шыққаны, бас прокуратура судьялар тарапынаншығарылған заңсыз шешімнің қаншасына наразылық білдіріп, кері қайтарғаны жайлы нақтыстатистика жоқ. Мұның өзі жоғарғы сот тарапынан «Қазақстан Республикасының2015-2025 жылдарда коррупцияға қарсы стратегиясы туралы» президент жарлығынескермеу, сол стратегияға сай, «Сот жүйесінде 2018-2020 жылдары сыбайласжемқорлықтың алдын алу кешенді жоспарын» қасақана орындамай отырғандай әсербереді. Соттардағы жемқорлық деңгейін анықтау үшін алысқа әуреленіп, тереңқазудың қажеті жоқ. Редакциямызға хабарласып, жергілікті судьялар тарапынан туған-туыстарыныңтағдыры ойыншыққа айналғанын айтып зар илеген оқырмандарымызды тыңдасақ, жоғарғысоттың коррупциямен күресіп жүргеніне күдік ұялай бастайды. Сөзіміз дәлелдіболу үшін бір кәсіпкердің төрт жылдан бері көріп келе жатқан құқайын сөзетейік.
Шымкентқаласының тұрғыны Нұрлан Молдабеков күтпеген жерден бір пәлеге шатылды. 2013жылы Нұрлан ескі танысы Нұржан Әбілдаевпен бірлесіп жаңадан кәсіпорын құрып, Темірланауылының маңындағы тас-құм өндіретін карьерді сатып алады. Ол үшін екеуі деқалтасынан бірдей ақша шығарады. Бұдан бөлек, Нұрлан Молдабеков жеке өзі «Onty-nur»компаниясын құрып, Шұбардың тұсында жылыжай құрылысын салып тастаған. Тас-құмшығаратын кәсіпорынның құжаттарында кемшіліктер шығып, жұмысын жүргізе алмайқалады. Содан Н.Әбілдаевтың мазасы қаша бастайды. Әу баста бұл компанияНұрланның атына тіркеліп, ол пәленбай миллион кредит алған еді. Ай сайын 3миллион теңге өтемақысын Н.Молдабеков өз қалтасынан төлеп отырады. Н.Әбілдаевосы компанияның үлесін 5050 етіп жазу туралы көптен қыңқылдап жүр еді.
Солуақыттан сәл бұрын аяқастынан көлік апатынан Нұрланның келіншегі қайтыс болады.«Жығылғанға жұдырық» демекші, тоғыз жасар ұлы да кенеттен келген ажалдан көз жұмады. БұлНұрлан үшін үлкен қайғы еді. Іштегі шерін ащы сумен басып, үйден шықпауғаайналады. Сондай қызып алған сәтін пайдаланып, Н.Әбілдаев түн ішінде Нұрландышақырып алып, әлгі тас-құм шығатын кәсіпорынның 50 пайыз үлесіне қол қойдырыпалады. Тас-құм шығаратын кәсіпорынды екеуі кері қайтарып, Н.Әбілдаев бастапқыдасалған ақшасын түгел қайтарып алады. Кейін белгілі болғандай, Н.Әбілдаев оғантек тас-құм шығаратын кәсіпорын ғана емес, жеке Нұрлан Молдабековтің өзі құрылтайшыболып табылатын «Onty-nur» компаниясының да 50 пайыз иесі болуға жанын салыпты.
Бірде күтпеген жерден Нұрланды сотқа шақырады.Барса, әлгі «Onty-nur» компаниясының да50 пайыз үлесін даулап шақыртқан Нұржан Әбілдаевекен. Құрылтайшының жалған құжатын жасап, жарғылық қордың 50 пайызын 30 млнтеңгеге сатып алдым деп жазыпты. Н.Әбілдаевтың 30 млн тұрмақ, бұл компанияға 30тиын салмағаны Нұрланға ғана аян. Сол кезде барып Н.Молдабековтің есіне мынажағдай түседі. Бір-екі ай бұрын кеңседегі «Onty-nur» компаниясының бүкілқұжаттары мен мөрі ұрланып, полицияға арыз жазылған болатын. Кейін сол құжаттармен мөрді осы Н.Әбілдаев «жаздым-жаңылдым, Құдай ұрыпты, полициядағы арызыңдыкері қайтарып алшы» деп әкеп берген. Нұрлан ағайынгершілікке салып қоя салған.Есті жиып үлгергенше, сот Н.Әбілдаевтың пайдасына шешім шығарып жібереді. Одансоң баяғы жоғалған құжаттар мен мөр туралы полициядағы арызды көтеріп,құжаттарға қол қойғанда, Нұрланның мас екенін айғақтайтын үш адам куә болып,істі бұзады. Ұрлық және жалған құжат жасау бойынша Н.Әбілдаевтың үстіненқылмыстық іс қозғалып, Қылмыстық кодекстің 385-бабының 1-тармағы, 416-баптың5-тармағы бойынша бір жарым жылға бас бостандығын шектейді. Іс осымен бітуікерек еді.
Бірақ Н.Әбілдаев мұнымен де тоқтамайды. Біржарым жыл өткесін «жарғылық қорға салған 30 млн теңгені Н.Молдабеков керіқайтаруы керек» деп, Н.Әбілдаев енді азаматтық сотқа шағымданады. Бұл іскеНұрланның адвокаты қатысқан еді. «Бәрі жақсы аяқталды, уайымдамаңыз» дегенгеНұрланның жаны жай тауып, қоя салады. Сөйтсе, бұл жолы Нұрланды адвокаты сансоқтырып кетсе керек. Сотта «Сенімхат берген қорғаушым 30 млн теңге алғанынмойындайды. Қайтарып береміз» деген екен.
Нұрлан Молдабековтің сенімді өкілі, адвокатВладимир Цыганков былай дейді:
– Осы азаматтық және қылмыстық істерге сенімхат бойынша қатысқан бұрынғыадвокат А.Садыбаев өзіне артылған сенім мен мүмкіндіктерді пайдалана отырып,талап арызды өзгертуге (кәсіпорындағы үлесті сатып алды деп, жеке тұлғадан ақшаөндіруге) келісім беріп, Н.Молдабековтің атынан азаматтық іс бойынша талаптыдұрыс деп мойындаған. Сөйтіп, Н.Молдабековті «қылмыстық іс жабылды, сотН.Әбілдаевты шартты жазаға кесті» деп сендірді. Соның кесірінен жоғарғы сотколлегиясы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық соты мен Оңтүстік Қазақстан облысыныңазаматтық істер бойынша апелляциялық коллегиясы шығарған шешімдердің күшінжойды. Менің ойымша, адвокат А.Садыбаев жоғарғы соттың кассациялық коллегиясынақылмыстық іс бойынша сот үкімін қасақана ұсынбаған. Сондықтан кассацияның бұлісті объективті қарауға мүмкіндігі болмай, осындай заңсыз қаулы шығарған.Қылмыстық іс бойынша үкімді біз жеке сот орындаушысынан біліп, заң бойыншабелгіленген 30 күн ішінде жаңадан ашылған жағдайлар бойынша істі қайта қарап,жоғарғы сот қаулысының күшін жою туралы кассациялық инстанцияға екі рет шағымдандық.Бірақ Конституциямызда жазылған біздің құқықтарымыз бен бостандықтарымыздыжүзеге асыруға жоғарғы сот тарапы мүмкіндік бермеді.
Мақалаға арқау болған тоғыз жасар ұлымендалада қалған келіншектің жайына оралсақ. Бұл келіншек – Нұрланның туған қызыРоза Молдабекова. Әкесінің бизнесі шарықтап тұрғанда Алматының төрінен ойыптұрып үш бөлмелі пәтер сатып әперіпті. Бірақ мүлік иесі ретінде өзінің атынатіркеткен. Н.Әбілдаев жоғарғы сот арқылы істі басқа арнаға бұрғасынН.Молдабековтің атындағы бүкіл мүлікке шектеу қойғызады. Соның бірі Алматыдағы27 млн теңгеге бағаланған осы пәтер еді. Ал заң бойынша сот орындаушысы алдыменпәтер иесіне сатып алу туралы ұсыныс жасауы тиіс. Бұл жерде асығыс әрекет жасағансот орындаушысының ісі де күмәнді. Пәтерді Н.Әбілдаев әлдекімге «сатыпжіберіпті-мыс». «Жаңа қожайын» оны енді үшінші адамға саудалап тастапты. Шынмәнінде Н.Әбілдаев қайтсе де осы пәтерге ие болып қалу үшін сыбайластарынжылдам «іске қосып» жіберген сыңайлы. Өйткені сот орындаушысы пәтерді сатып алутуралы ең алдымен қожайынға ұсыныс жасауы тиіс. Бірақ ондай ұсыныс жасалмаған.
Іс материалдарын ақтарып отырсаңыз,судьялар тарапынан жол берілген көптеген заңсыздықтардан аяқ алып жүреалмайсыз. Оның ең соңғы нәтижесі мынау. Асыраушысы жоқ шағын отбасы даладақалды.
Адвокат Владимир Цыганков енді осыазаматтық іс бойынша прокурорлық тексеру жүргізіп, жаңадан мәлім болған немесежаңадан пайда болған жағдайлар бойынша жоғарғы соттың қаулысын қайта қараутуралы бас прокуратураға шағым түсірді. Ал Асановтың «асығыс» ісін Нұрдәулетов«майшаммен» қарай ала ма? Гәптің бәрі осында жатыр.
Тоқтар ЖАҚАШ,
«Жас Алаш»