Оқиғалар

Жол үстінде торт әзірлеген: Түркістан облысында қауіпті видео түсірген ерлі-зайыпты жауапқа тартылды

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында қозғалыстағы көліктің люгінен денесін шығарып, жол үстінде торт әзірлеген әйелдің видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Фото: әлеуметтік желіден

Қауіпті кадр полиция назарына ілініп, тәртіп сақшылары KIA Ceed автокөлігін және оның жүргізушісін жедел анықтады.

Тексеру барысында көлікті 36 жастағы ер адам – әйелдің жұбайы басқарғаны, ал 35 жастағы әйел люктен шығып, торт әзірлегені белгілі болды. 

Жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын бұзған ерлі-зайыптыға қатысты тиісті әкімшілік шаралар қабылданды.

Сайт Әкімшілігі