ЖСН-ді өзгертуге бола ма?
Әлеуметтік желілерде жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) өзгертуге болады деген ақпарат тарады. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі түсініктеме берді.
Ведомствоның мәліметінше, азаматтар заңда белгіленген тәртіппен уәкілетті органдарға жүгініп, тегі, аты, әкесінің аты және басқа да дербес деректерін өзгерте алады.
Алайда ЖСН-ге қатысты тәртіп бөлек. ІІМ ЖСН әр азаматқа бір рет берілетінін және кейін өзгертілмейтінін атап өтті.
Сондықтан әлеуметтік желілерде тараған ЖСН-ді ауыстыруға болады деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.