Жұмырға кеткен 100 гектар Қасымовтың қатысы бар ма?
Ішкі істерминистрлігіне қарасты «Қазақстан» шипажайы» АҚ президенті Қазыбек Сұлтанның«970 млн теңге жымқырды» деген айыппен ұсталып, қамауда жатқанына сегіз айөткен-ді.
5 мамыр күні Қазыбек Сұлтанның 25 жастағы қызы да «осы іске қатысыбар» деген күдікпен тұтқындалды.
АдвокатБауыржан Бибатыровтың айтуынша, тергеушілер былтыр қарашадан бері бұрынғыбастықтың бүкіл туысын – балалары, қыздары, жиендері мен әпке-қарындастарын«күдікті» деп таныған. Қызы ұсталғасын-ақ, одан әріге шыдамаған анасы АльмираСұлтан Facebook әлеуметтік желісінде таңғаларлық мәлімдеме жасады. «Күйеуімнің сөздерінен, төтенше жағдай менкарантин жарияланған тұста ҚР Қылмыстық процессуалдық кодекс нормаларын бұзаотырып, адвокатты қатыстырмастан, ЛА15518 мекемесінде тергеушілер М.Сарбасовпен Б.Есмаханов ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың айтуымен, бұрынғы министрҚ.Қасымов пен оның орынбасары Б.Бейсенқұловқа қарсы куәлік беруді талап еткен,психологиялық қысым жасай отырып, келісімге келуді ұсынған. Күйеуім кінәсізжандарды өзінің бас бостандығына айырбастап, жалған ақпарат беру туралыұсыныстан бас тартты. Соның нәтижесінде СИЗО-да негізсіз отырғанына сегіз айболды. Біз бүкіл тергеу барысында үнімізді шығармадық. Өйткені тергеушілербарлық туысымызды «ұйымдасқан қылмыстық топ құрды» деген айыппен қамаптастаймыз деп қорқытты. Біз сұмдық ауыр қысымды бастан өткердік, артын ойлап,ешқандай мәлімдеме жасамадық» деп жазады.
Артыншатілшілерге жауап берген ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев: «Мемлекеттік күзет қызметінің басшысыҚасымовты 20 жылдан астам уақыттан бері танимын. Соңғы уақытта оның орынбасарыболып қызмет еттім. Оны кәсіби әрі тәжірибелі басшы деп білемін. Экс-министрдіңқазір тергеп-тексеріліп жатқан іске ешқандай қатысы жоқ», – деп мәлімдеді.
Мәселені осымәлімдемен-ақ жаба салуға болар еді. Оның үстіне Қалмұханбет Қасымов зейнетжасына жетсе де, демалысқа кетпей, мемлекеттік күзет қызметіне басшы болуы биліктің«оқшантайынан» әлі түспегенін білдірсе керек. Бірақ жел тұрмаса, шөптің басықалай қозғалсын? Осы тұрғыдан келсек, бұл дау-дамай билік транзитін бастанкешіп жатқан жоғарғы эшелондағылар бұрынғы «сенімді адамдарға» деген көзқарасынқайта бағалап жатыр деуге негіз болады. Бұлай деуімізге кейбір ақпаратқұралдарында Қалмұханбет Қасымовтың ұлына тиесілі ірі компаниялар тізіміжариялана бастағанын айта кеткен жөн. Жалпы, Қ.Қасымов министр болған тұстақандай істерімен ел есінде қалып еді?
ҚалмұханбетҚасымовтың ең ұзақ отырған қызметі ішкі істер министрі болған 2011-19жылдар екен. Бұл уақыт Жаңаөзен оқиғасы, Ақтөбедегі террористер,Күлекбаев ісі, бейбіт митингіге шыққандарды және азаматтық белсенділерді қудалау сияқты шым-шытырық оқиғалармен естеқалды.
Бірақ ел бюджетіне едәуір салмақ түсірген бұдан да үлкенбір мәселе тасада қалып қойған секілді. Бәрі түсінікті болу үшін басынанбастайық. 2008 жылы СерікБүркітбаевты ұлттық қауіпсіздік қызметі және қаржы полициясы қызметкерлері «асаірі көлемде қаржы жымқырды» деп айыптап, ісін сотқа өткізді. Сот С.Бүркітбаевтыалты жылға бас бостандығынан айырып, екі жыл түрмеде отырып шықты. Бұл істіңастарында не бар еді?
Серік Бүркітбаев 2003 жылы Қазақ мұнай және газинститутының директоры болып тұрған тұста Алматы облысы Талғар ауданынан «Наукоград»деген ғылыми орталық салу жайында бастама көтерді. Технополистің түсетін жері табиғатыкөркем Солдатсай шатқалы болып белгіленді. 2007 жылы амбициялық жобаны елбасынатаныстырды. Нұрсұлтан Назарбаев бұл бастаманы қуана құптады.
Сонымен,қалашықтың бас жоспарын жасауға АҚШ, Голландия, Германия архитекторлары тартылды.Солдатсай шатқалынан 100 гектар жер сатып алу мақсатына «Қазмұнайгаз»компаниясы 5 млрд теңге бөлді. «Наукоград» жобасы аудан, облысты былай қойып,республика деңгейінде насихаттала бастады. Алдын ала жоспар бойынша,«Наукоград» қалашығында 10 мыңнан астам студент пен ғалымдар тұруы тиіс еді.Оларға арнап тұрғын үй, оқу кампустары, кітапханалар мен жатақханалар, демалысорындары мен мәдени ғимараттар көздің жауын алатындай үлгіде салынуы керек болатын.Қашпаған қашардың уызынан үміттенген үкімет шала-жансар жобаны «Серпіндіжобалар» қатарына қосты. Инфрақұрылым дайын болғасын 2010 жылы үлкен құрылысбасталуы тиіс еді.
Араға бес жылсалып технополистің жай-күйін тексеруге келген мамандар қыруар қаржыныңтоналғанына көздері жеткен. «Қазмұнайгаз» компаниясы бөлген 5 млрд теңгенің 1млрд 200 млн теңгесіне 100 гектар жер сатып алынған. Ал қалған 3 млрд 800 млн теңге «жоқ» бопкеткен. Серік Бүркітбаев осы іс бойынша түрмеге отырып шықты. Бұл іске әзіршеҚалмұханбет Қасымовтың еш қатысы жоқ.
Қиялдағықалашыққа тиесілі көрікті әрі қымбат жер үлесі тағы талай адамның нәпсісінсынаққа салды. Серік Бүркітбаев сотталып кеткесін әлгі 100 гектар жер Талғарауданының жер қорына кері қайтарылды. Бірақ технополистің жыры мұнымен дебіткен жоқ. 2013 жылы ауданға алғаш рет әйел адам – Райхан Садықова әкім болыптағайындалды. Міне, осы тұста «Наукоградқа» арналған 100 гектар жер талан-таражғатүсті. Талғар ауданы мәслихатының бұрынғы төрайымы Рая Ыдырәлиеваның айтуынша,Солдатсай шатқалындағы көрікті жерлер сол кездегі аудан әкімі РайханНұрмырзақызы Садықованың туыс-жекжаттары арқылы саудаланып кетсе керек.
Ал Райхан Садықованың туыстары кім дейсіз ғой?Алматы қалалық №5 профилді аурухананың басшысы Болат Нұрмырзаұлы Садықов туғанбауыры болып келеді. Болат Садықов кезінде денсаулық сақтау министрлігініңхатшысы қызметін атқарған. 2011 жылы сол кездегі денсаулық сақтау министріЖақсылық Досқалиевпен бірге істі болып, сол жылы қылмыстық жауапкершіліктен«кінәсіз» деп босатылған болатын. Солдатсай шатқалындағы 100 гектар жер үлесі алдымен Болат Садықовтыңқайын жұрты мен дос-жарандарының атына жазылып, содан әрі әлдекімнің жұмырында кеткенкөрінеді. Құзырлы орындар бұл мәселенің анық-қанығын әлі тексермей отыр.
Бір үйден шыққанСадықовтардың соншама жетістіктерге жетіп, жауапкершіліктен оп-оңай сытылыпкетуіне экс-министр Қалмұханбет Қасымовтың қандай қатысы болуы мүмкін? Әрине,көзге шұқып көрсететіндей тікелей қатысы жоқ. Бірақ экс-министр мен Талғарауданы экс-әкімінің нағашылы-жиен секілді жақын туыстығы бар екені ғана ескетүседі. Басқа түк те емес…
Тоқтар ЖАҚАШ,
«Жас Алаш»