Әлеумет

Жұмыс істейтін әйелдерге берілетін декреттік төлем көлемі ұлғаюы мүмкін

2027 жылы жұмыс істейтін әйелдерге жүктілік пен босануға байланысты берілетін біржолғы төлемнің ең жоғары мөлшері шамамен 661,5 мың теңгеге артуы мүмкін.

Фото: ашық дереккөз

Қазіргі 2,25 миллион теңгенің орнына 2,91 миллион теңгеге жуық төлем қарастырылып отыр. Бұған ең төменгі жалақы мөлшерінің өсуі себеп болмақ.

Ең төменгі жалақыны 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланған. Әлеуметтік төлемдерді есептеу кезінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған табыстың жеті ең төменгі жалақыдан аспайтын бөлігі ғана ескерілетіндіктен, есепке алынатын айлық табыстың шекті мөлшері де 595 мыңнан 770 мың теңгеге дейін ұлғаяды.

Ұзақтығы 126 күн болатын стандартты декреттік демалыс үшін төленетін ең жоғары сома міндетті зейнетақы жарналарының 10 пайызы ұсталғаннан кейін шамамен 2,91 миллион теңгені құрауы мүмкін. Бұл есеп ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі деген болжамға негізделген.

Сайт Әкімшілігі