Жұмысқа кешігеміз: Өскеменде қоғамдық көлік жетіспейді
Өскеменніңхалқы қоғамдық көліктен әбден тарығып отыр. Қала іргесіндегі «Нұрлы көш»ауылының тұрғындары орталыққа қатынайтын автобус кішірейіп, газельге айналды.
Оның өзі уақытылы жүрмейді – дейді. Қоғамдық көлікті күте-күте шаршап, шыдамытаусылған ел такси тоқтатып кетуге мәжбүр. Ал олар болса, балалы адамды отырғызбайәуреге-сарсаңға салуда.
Өскеменніңіргесіндегі «Нұрлы көш» ауылында барлығы бес мыңдай адам тұрады. Алжанында екі бірдей елді мекен бар. Ондағы елмен бірге бәрін қоссаңыз 6 500адам тұрады. Халықтың бәрі де несібесін қаладан тауып отыр. Сондықтан, әсіресе облысорталығы Өскеменге таңертең-кешке арлы-берлі қатынайтын адамның қарасы өте көп.Қоғамдық көлікті күткендер қыстың қақаған суығына тоңып, шілденің шіліңгірыстығына күйіп біттік – дейді.
— Менің осы ауылда тұрғаныма үш жылдан асты. Осы уақытта автобустардыңграфик бойынша жүргенін көрген жоқпын. Таңертең жұмысқа ылғи кешігіп барамыз. Графиксақталмайды. Талай рет диспетчерге телефон шалдым. Ия ескереміз дейді. Бірақешқандай нәтиже жоқ. Ал кешке қаладан қайту ол да бір қиямет қайым. № 256бағыттағы көлікпен қайта алмаймыз. Иін тірескен халық бір-бірін басып кетежаздайды – деді, «Нұрлы көш» ауылының тұрғыны Манар ҚИЗАТОВА.
Ауылішіне кіретін жалғыз 256 бағыттағы көлік қана. Оған симағандар мен күтіпжалыққандар жол бойын жағалап, жеңіл машиналарды тоқтатуға мәжбүр. Оның өзіндеде діттеген жеріне дейін жете алмайды. Ары қарай тағы да өзге автобусқателміріп, күтіп тұруларына тура келетінін айтқан Өскемен қаласының тұрғыны Кәмшат ЖИЕНБЕКОВА: — Автобусқа90 теңге төлейміз. Ол бір наның бағасы. Ал такси Нұрлы көшке дейін ол 150-200теңге алады. Ал Нұрлы көштен бері қарай такси балалы адамдарды алмайды.Отырғызатын орын жоқ. Арнайы белдіктері жоқ. Полиция ұстайды деген сылтауларыкөп. Енді сонда қалай қатынау керек? Білмеймін–деді.
Ауыләкімі бұл мәселенің бұрыннан бар екенін өзі де айтты. Талай мәрте айтылса датүбегейлі шешілмей отырғанын да жасырмады. 2013 жылдары оралмандарқоныстанғанда адам тасымалымен жергілікті халықтың өзі айналыссын деген шешімшыққан екен. Содан кейін 7 автобус жұмысқа кіріскен. Қазір олардың тоз-тозышығып, тұрақты жүрмеген соң амалсыз газельдерді кіргізгендерін айтады.
— Енді одан бері міне 5-6 жыл өтіп кетті. Оның бәрі тозды.Қазір мінеки сынып, қирай береді. Жүрмей жатыр. Оның басты мәселесі осы.Газельді кіргізіп отырғаны да содан. О мәселе осыдан екі жұма бұрын көтерілді. Ендітүбегейлі өзінің шешімін табатын шығар деп ойлаймын– дейді, №11 Өзін-өзі басқару комитетінің директоры Ерсейіт НҰРАЛДИНОВ.
Қоғамдықкөліктің қорлығын дәл осы «Нұрлы көш» ауылының жанындағы Ахмеркентінің тұрғындары да тартып отырғандарын айтып шағымданды. Әскери қалашықтамыңнан астам адам тұрады. Мектеп пен балабақшаға баратын балалары ол бар. Ондақатынайтын 42 бағыттағы автобусқа адамсимағаны былай тұрсын, қыстың күні соңғы аялдамаға дейін бармай, орта жолданқайтып кетеді екен.
Фото: alrt.kz.