Қоғам

Жүргізушілер 13 ақпаннан бастап көлікті тек жеке куәлікпен жүргізе алады

13 ақпаннан бастап еліміздің азаматтарына көлікті қажет құжаттарды алып жүрмей-ақ, тек жеке куәлікпен жүргізуіне болады.

Jasalash.kz

Бұл туралы ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.

«Мемлекет басшысы „Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы“ Заңға қол қойды. 2019 жылғы желтоқсанда ел Президент  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жүргізуші құжаттарын ақпараттық жүйелер арқылы тексеру, жүргізушілерге құжаттардың қағаз нұсқаларын өзімен бірге алып жүрмеуге мүмкіндік беру туралы мәселені көтеріп, ІІМ-не заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тапсырды», — дейді министр Facebook желісіндегі парақшасында. 

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега