Қоғам

Журналист Ботагөз Омарованың үйқамақ мерзімі 21 маусымға дейін ұзартылды

Журналист Ботагөз Омароваға қатысты үйқамақ бұлтартпау шарасы тағы бір айға ұзартылды. Енді ол 21 маусымға дейін үйқамақта болады, деп хабарлайды Elmedia.

Фото: Ботагөз Омарованың Facebook парақшасынан алынды

Адвокат Толқын Әбілованың айтуынша, Ботагөз Омарова 21 наурызда тергеу сотының шешімімен екі ай мерзімге үйқамаққа алынған. Бұл мерзім 21 мамырда аяқталуы тиіс еді. Алайда сот оның үйқамақта болу уақытын тағы бір айға созған.

Қорғаушының сөзінше, жәбірленуші тарап әзірге келісімге келуге дайын емес. Өткен аптада Толқын Әбілова қорғау тарапы Ботагөз Омарованың кінәсі дәлелденбеген деп есептейтінін, сонымен қатар жәбірленушілермен татуласуға және бітімгершілік келісім жасауға дайын екенін айтқан.

Еске сала кетейік, Ботагөз Омарова 21 наурызда жалған ақпарат таратты деген күдікпен қозғалған қылмыстық іс аясында үйқамаққа алынған. Ал Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов 13 мамырда бұл істің жақын арада сотқа жолданатынын мәлімдеген еді.

Сайт Әкімшілігі