Журналист Гүлнәр Бажкенованың үкімі өзгеріссіз қалды
22 қыркүйекте Алматы қаласының сотында журналист Гүлнәр Бажкенованың бірінші сатыдағы сот үкіміне берген апелляциялық шағымы қаралды.
Соттың апелляциялық алқасы Бостандық аудандық сотының бұған дейін шығарған үкімін өзгеріссіз қалдырды. Осылайша, журналистке қатысты бірінші сатыдағы сот шешімі күшінде қалды.
Бұған дейін Orda.kz басылымының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкенова 8 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Алайда тағайындалған жаза екі жылға кейінге шегерілген. Сонымен қатар сот шешімі бойынша Бажкеноваға бес жыл бойы журналистикамен, блог жүргізумен және қоғамдық қызметпен айналысуға, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты ұйымдарда басшылық қызмет атқаруға тыйым салынған.
Апелляциялық соттың 22 қыркүйектегі шешімімен бірінші сатыдағы сот үкімі өзгеріссіз қалды.