Әлеумет

Журналист Лұқпан Ахмедиярдың Қазақстаннан шығуына шектеу қойылғаны хабарланды

Бұл туралы журналист Лұқпан Ахмедияр әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Фото: uralskweek

 Оның айтуынша, «Просто журналистика» YouTube арнасының авторы ретінде шетелге ұшпақ болған кезде Астана халықаралық әуежайында төлқұжаты тексеру үшін алынып, кейін өзіне қайтарылған. Алайда оған Қазақстан аумағынан шығуға рұқсат берілмеген.

Журналистің сөзінше, елден шығуға қойылған шектеу Астана қалалық полициясының нұсқауына байланысты болған.

Қазіргі уақытта Астана қаласының полициясы бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Лұқпан Ахмедияр мен Рауль Упоровтың Facebook-тегі парақшалары бұғатталған болатын.

Сайт Әкімшілігі