Саясат

Журналист Сандуғаш Дүйсенованың ісі. Президент атына петиция жолданды

Істі болған журналист Сандуғаш Дүйсенованы қолдауға арналған петиция басталды. Сандуғаш Дүйсенованың қызы Сая Біләлова анасына Instagram желісіне кіруге рұхсат берілгенін, бірақ пост жазуға рұхсат берілмегенін хабарлады.

Jasalash.kz

«Сондықтан бүгіннен бастап мен оның парақшасын басқарамын. Алдымен баршаңызға қолдауларыңыз үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Біз ең ауыр жағдайдан аман қалдық: анам қылмыскер сияқты уақытша ұстау изоляторына қамалды, бас бостандығынан айырылды, Қазақстан журналистерінің араласуынан кейін ғана босатылды! Қазір ол өзінің кәсіби қызметін жүзеге асыра алмайды, бұл үшін қатты ашулы», — деді Біләлова.

Оның айтуынша, тергеуші Дүйсенованың алда жарық көретін материалдың барлық бейне және фотолары сақталған ұялы телефонын алып кеткен.

«Ол тіпті ешкіммен байланыса алмайды, сондықтан тергеу аяқталғанша күтуіңіздер. Әзірше, қамқор адамдар бастаған петицияны қолдаңыздар», — дейді журналисттің қызы.

Петицияда Дүйсенованың ұсталуына байланысты «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жазған үндеуі бар.

"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы,  Сөз бостандығын өрескел бұзуға байланысты барлық мәселелер бойынша тағы бір рет сөтінішпен Конституцияның кепілі ретінде Сізге жеке жүгінуге тура келетіні әрине өкінішті. Біз жақын арада еліміздің азаматтарының негізгі құқықтары мен бостандықтарын сақтау үшін Президенттің жеке араласуы талап етілмейтін елде өмір сүреміз деп үміттенеміз. Алайда, Сандуғаш Дүйсенованың ісіне қатысты қалыптасқан жағдай сіздің жеке назарыңызды талап етеді" — делінген петицияда.

Еске салсақ, 11 тамызда Сандуғаш Дүйсенованың қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін, атап айтқанда адамның жеке өмірі туралы оның келісімінсіз жеке немесе отбасылық құпияны құрайтын мәліметтерді таратқаны үшін уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғаны белгілі болды. Дүйсеновтің адвокаты Ильмира Назырова журналистің қамауға алынуын заңсыз деп санайды.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега