Өңір

Жұрт алаңдап отыр

Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы жағдай жұртты алаңдатып отыр. Он үш мың халқы бар шаһардажеті адам короновируске шалдыққан.

Jasalash.kz

Сондықтан жергілікті билік карантин шарасынкүшейте бастады. Бұл туралы

«Аурудың таралуына жол бермеу және тұрғындарды қорғаумақсатында қосымша шаралар қажет болды. Шахтинскіде сырқаттану  көрсеткіші он мың адамға шаққанда біржағдайдан асты», – деп хабарлады аймақтағы Тауарлар мен қызметтердің сапасы менқауіпсіздігін бақылау департаментінің бастығы Қанат Асқаров.

Қалаға 12 сәуірден бастап кіруге және шығуға тыйымсалынған. Қоғамдық көлік қозғалысы мүлде тоқтаған. Сонымен қатар, жеке көлікпенжүруге тыйым салынған. Тұрғындардың жеке көлікпен жүре алмауы да жағдайдықиындатты. Шаһардағы тұрғындардың басым бөлігі Шахтинск, Саран Қарағандыжақтардағы шахта кеншілері. Кеншілерге және басқа да жұмысы тоқтамаған саламамандары үшін арнайы автобустар шығарылған. Алайда жұрт үшін автобустың қорлығыөтіп тұр. Өйткені автобус аз болғандықтан көлікте адамдар иін тіресіп тұрады. Тіпті аяқ қойып тұратын жер табылмайқалады деген тұрғындар әлеуметтік желіні шулатып, бұл мәселеге биліктің бей — жай қарап отырғанын айтуда.  

«Ауруға шалдықпау үшін жеке көлікпен жүруге тырысатынедік. Енді оған тыйым салғандықтан арнайы автобуспен жүруге тура келеді.Таңертеңгі уақытта автобуспен жүру – өте қиын. Осыдан кейін кесел жұқтырыпаламыз ба деп те қорқамыз?», – дейді кенші Руслан есімді азамат.

Қала тұрғындары жағдайды ушықтырмау үшін жеке көлікпенжүруге рұқсат берілсе деген базыналарын айтады. Өйткені жолаушыға толыавтобуспен жұмысқа барғанда кеселді тұрғындардың жұқтырып алмауы әбден мүмкін.Қазіргі уақытта қымбатшылық қыспаққа алып, жан бағудың  қиын болып бара жатқаны жасырын емес. «Сары қарын»баланың қамын ойлаған жұрт қолда бар жұмысынан айрылып қалмауға тырысады.Алайда жеке көлікпен тұрғындардың жүруіне тыйым салған биліктің қауіпсіздікшарасы тұрғындарға қолайсыз болып тұр. Кеншілерге арнайы автобус шығарыпотырған «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының көмір департаментінің өндірісдиректоры  жұмыскерлердің жол азабынтартқаны үшін  кешірім сұрады.

«Карантин 12 сәуірдегі 00.00 сағатта енгізілгендіктен,барлық қызметкерлер автобус кестесінің өзгергені туралы тиісті деңгейде хабаралған жоқ. Қазіргі уақытта бұл жағдай Ленин атындағы шахтаға бір уақыттакелетін жұмыскерлердің санын талдау, автобустардың санын үш бірлікке көбейтуқажеттігін көрсетті. Ол үшін тендерлік шаралар өткізу қажет. Ал бұған уақыткерек. Сондықтан үш күн ішінде карантин кезіндегі санитарлық норма сақталуыүшін  көмір департаменті кәсіпорынқызметкерлері ақылы демалысқа жіберілетін болады», – деп хабарлады «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы көмір департаментінің өндіріс директоры АманбайБейсембаев.

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясы кеншілердіңбарлығын  ақысыз демалысқа жіберіп қойып,қарап отырмасы анық. Дегенмен компания өкілдері мен Шахтинск қаласының әкімдікмамандары нақты қанша кеншінің ақылы демалысқа кеткенін ашып айтпады. Тек бұлмәселенің шешіліп жатқанын меңзеп, қысқа қайырды.

Карантиннен шыға алмай отырған Шахтинск тұрғындарыныңтағы бір базынасы –  электр жарығы. Тіптікейбір тұрғындар әлеуметтік желіде «бір бөлмелі үйдің тоғына тоғыз мың теңгетөлегенін айтып, мәселеге билік араласпаса карантин режиміне қарамастан көшегешығып, наразы пікірімізді білдіреміз» деп те жазған. Телеграмм каналындағыШахтинск әкімшілігінің чатына екі жүзден астам тұрғыннан шағым келіп түскен.Тұрғындар карантин кезінде тарифті бірнеше тиынға төмендетіп, іле-шала оны қайтаданқымбаттатқан монополистер жұртты тонап отыр деп есептейді. Есептеусервистік  орталығы» ЖШС мәліметіншенаурызда Шахтинск тұрғындары бұрынғы айға қарағанда қуатты 17 пайызға көптұтынған. Алайда Шахтинск тұрғындары монополистің айтқан  уәжіне сенбейтіндерін жеткізеді.

Арайлым ЕРКЕБАЕВА, 

Қарағанды 

 

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега