«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі - 09.06.202017758

 Өткен жексенбіде Алматыда Жанболат Мамайдың шақыруымен бір топ белсенді бейбіт митингіге шықты. «Банктің құлдығынан құтылатын кез келді!», «Саяси тұтқындарға бостандық!», «Жер сатылмасын!» деген талап қойды. Біз бейбіт шерудің қандай деңгейде өткеніне, саяси астарына емес, сол кезде көзге түскен, қоғамды алаңдата бастаған қауіпті құбылысқа  тоқталуды жөн көріп отырмыз. Қазақстан демократиялық партиясы бастамашыларына қарсы псевдосәләфизмнің белгілі серкелері де әкімдік қызметкерлерімен ере шығыпты. Билік өкілдерінен кейін сөз алған Талғат Рысқұлбеков: «Бейбіт митинг туралы заң бүгін ғана күшіне енді. Тарасайық. Үкімет митингіге рұқсат береміз деп отыр ғой. Алдағы уақытта ресми рұқсат алып шығайық», – деп алдаусырата келіп, соңында «Төбелесеміз десеңдер төбелесейік, жанымда 20 «спортик» жігіт бар», – деп бір дөңайбат жасап қойды. Бірақ елді арандатуға ашық шақырған Рысқұлбековтің бұл сөзіне тәртіп сақшылары да, билік те ешқандай құқықтық баға бермеді.

 Естеріңізге салсақ, былтыр 16 желтоқсанда Талғат Рысқұлбеков «митингіге шығатындардың кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз» деп мәлімдеме жасаған еді. Ол кезде де псевдосәләфиттердің ісіне билік пен тәртіп сақшылары мән бермегендей сыңай танытты. Сірә, «Құдайдан сұраған» титушкалардың аяқастынан сап етіп, пайда болғанына қуанса керек.  Қулық-сұмдығы қырық қатпарлы сәләфизм ағымына Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан сияқты көрші елдерде баяғыда тыйым салынған. Діни ғұламалар бұл ағымның қаупі туралы көп жылдан бері дабыл қағып келеді. Бірақ билік өкілдері бұл ағымға еш тыйым салған емес. Жақында тілшілерге сұхбат берген ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков: «Сәләфизмге тыйым салу мүмкін емес. Өйткені сәләфизм мен псевдосәләфизм – нақты ұйым емес, дінге деген көзқарас, идея», – деп сытылып кетті.

 Тунис пен Мысырдағы сәләфиттер де 2011 жылғы «Араб көктеміне» дейін осындай еді. Елдегі иқуандар бастаған төңкерістен соң, екі ағым да өздерінің партиясын құрып тастап, саяси өмірге белсене араласа бастады. Мұндай жағдайдың біздің елде де орын алмасына ешқандай кепілдік жоқ. Өйткені ҰҚК басшысы мынандай деп тұрған соң, бұл ағымды ресми түрде ақтауға бір ғана қадам қалды. Егер ол қадам жүзеге асатын болса, Қазақстан ортағасырлық құрдымға бет алады деген сөз. Ал оны ақтап шығу түк те қиын емес. Өз алдына жеке телеарнасы, жүз мыңдаған аудиториясы қалыптасқан, парламентте депутаты сайланған, биліктің әр бұтағын емін-еркін жайлаған сектанттар кез келген уақытта саяси немесе қылмыстық дүмпуге дайын отыр.

Жақында Ақтау мен Жаңаөзенде осы деструктивті ағым өкілдерінің адам ұрлап, ақша талап еткені жайлы ҰҚК мәлімдеме таратты. Ақтөбе қаласында ағайынды екі сәләфит жігіттің полиция қызметкерін сабап кеткені белгілі болды.  Мұндай мысалды мыңдап келтіруге болады. Маңдайын псевдосәләфиттерге сипатқан біздің билік қай жолды таңдады? Болашағымыз зайырлы қоғам ба, әлде ортағасырлық мешеулік пе? Талғат Рысқұлбеков жанындағы «спортик» жігіттерімен бірге бейбіт шеруді арандатпақ болған әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке қашан тартылады? Прокуратура мен ҰҚК біздегі сәләфиттер мен псевдосәләфиттерді қашан толық бақылауға алып, әрекетіне тыйым салады? Бүгін маңдайды сипаған қолдың ертең жұдырық болып тимесіне кім кепілдік береді? Бұл сұрақтардың жауабын тиісті орындар дер кезінде беруі тиіс. Әйтпесе ертең сан соғып қалуымыз  ғажап емес.

Тоқтар ЖАҚАШ,

«Жас Алаш»

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды