Парламенттегі «Шығайбайлар» депутаттардың қылығы халықтың қабырғасына батып жүр

Сайт Әкімшілігі - 09.06.20203421

  Қазір  дағдарыстың дендей түсетінін айтып, болжам жасап жүрген сарапшылар жетерлік. Пандемия жағдайында тығырықтан шығудың түрлі тәсілдері ұсынылып жатыр. Үкімет шығыны көп, өзін-өзі ақтай қоймайтын біраз жобаны қысқартты. Заңдар да қабылданды. Түрлі қолдау, демеу шаралары атқарылды. Дегенмен елдің көңілінде бір түйткіл бар. Осындай сын сәтте халық өзі сайлаған қалаулыларынан тың бастама күткен еді. Әттеген-айы сол – «сайлаған депутаттарымыз ойлағандай болмады-ау» деп ашынған елдің қарасы көп.

Білесіздер, қазір біздегі халық қалаулыларының еңбекақысы – 900 мың теңге. Бұған мемлекеттен берілетін қызметтік көлік, үй-жай, тағы басқа бонустарды қосқанда, елде бір депутатқа бюджеттен айына шамамен 1,5 млн теңге жұмсалады екен.  Елдегі орташа жалақы 189 000 теңге, ал  ең төменгі жалақы 42 500 теңге екенін ескерсек, депутаттардың  айлығы орташа еңбекақыдан 3,7 есе, ең төменгі жалақыдан 16,5 есе көп екен.

      

       Өзге елдерде қалай?

 Басқа елдермен салыстырып көрсек, Украинадағы жоғарғы рада депутаттары айына 40 мың гривен (632 мың теңге) табады. Беларусьтық депутаттардың табысы 3687 Беларусь рублі (701 мың теңге). ТМД елдері арасындағы ең төменгі жалақы алатындардың бірі – қырғызстандық жоғарку кеңеш депутаттары. Қырғыз парламентіндегі орташа жалақы – 30 мың сом (167 100 тг).  Айта кету керек,  пандемия басталған тұста Қырғызстанның депутаттары сәуір мен мамыр айының жалақысынан бас тартты. Қырғыз мәжілісі «елде төтенше жағдай болып жатқанда екі ай жалақы алмаймыз» деді. Ал біздің депутаттар бұл жағдайға байланысты біркүндік жалақысын ғана аударды. Осындайда, расымен де, «халық қиналып отырған тұста сол ел сайлаған депутаттар неге жоғары жалақы алуы керек» деген сауал туындайды.

  

       «Жалақылары 200 мың теңге болсын

Әлеуметтанушы-маман Ардақ Ерденбековтің пайымынша, үкімет қазіргі жағдайды пайдаланып мәжілісмендер мен сенаторлардың жалақысын қысқартуы керек. «Депутаттардың жалақысын 200 мың теңгеге дейін төмендетуді ойластыру қажет. Әр депутатқа 1,5 млн теңгеге дейін шығындалғанша, олардың санын қысқартып, жалақысын азайтқан жөн», –  дейді маман.

Жалпы, деректерге жүгінсек, төтенше жағдай кезінде елде  4 млн 208 адам жұмыссыз қалыпты. Олардың 3 млн-нан астамы  екі ай бойы үкімет берген 42 500 теңгені ғана талғажау еткен. Осыған орай, Ардақ Ерденбеков мынадай  пікір білдірді: «Қарапайым халық 42 500 теңгемен күн көрді. Ал мұндай сын сағатта депутаттар да жалақысын азайтсын. Өздері сондай бастама көтерсін» дейді.

 

    Қиын күндер алда

  Сарапшылардың болжамынша, халықты абдыратқан қытайвирус күзде қайта оралатын болса,  әрбір екінші қазақстандық жұмысынан айырылуы әбден мүмкін. Ал мұндайда халыққа оңай болмасы тағы анық.

    Негізінен, осы пандемия келмей тұрып та халықты қымбатшылық қамыты қысып, әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтың арқасындағы жүгі одан сайын ауырлай түскен еді.  Мұны ескерген ел президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы  тұрмысы төмен елдің несиесін кешіріп, бір мәрттік жасаған  еді. Бірақ сол тұста  депутаттардың арасында «мемлекет есебінен күн көруді доғару керек, олардың несиесіне дейін кешіріліп жатыр,  мемлекетке масыл болғанды қою керек» деп тәлімсігендер де болды. Бұдан бөлек, былтыр үкімет көпбалалы аналарға көмектесу мақсатында әр балаға 21 мың теңгеден жәрдемақы тағайындаған  еді. Енді биыл үкімет оны көпсініп, жәрдемақының көлемін азайтып тастады.   Ал бұған қатысты «қазір халыққа қиын, елді қымбатшылық қысып тұр» деп,  қарсы пікір  білдірген бірде-бір депутат шықпады. Осылайша халықтың сөзін сөйлеуге келгенде бүгежектеп қалатын депутаттарды көпшілік қауым  елге келгенде мәрттік таныта алмайтын сараң, «шық бермес Шығайбайға» теңеп жүр. Олардың бұл  қылығының халықтың қабырғасына батқаны соншалықты – қазір тіпті «парламентті тарату керек» дейтіндердің қарасы көбейді.

Тақырыпқа тұздық

  

   Депутаттар халықтың жағдайын сезінбей отыр

     Тақырыпқа орай, «Жас Алашқа» пікір білдірген саясаттанушы Әзімбай Ғали былай дейді:

Өте орынды көтерілген мәселе. Халықтың алдында сүйкімінен, қадірінен айырылмауы үшін депутаттар мұндай қадамға баруы керек еді. Олардың депутаттық жалақыдан бөлек, көлденең табыстары, бизнестері тағы бар.  Депутаттардың кейбірі осы бизнестеріне ешкімді тигізбей, өз кәсіптеріне қорған болуы үшін де парламентте отыр. Мұндай қиын жағдайда тым құрығанда «50 пайызын емес, жалақымыздың 30 пайызын халыққа көмек ретінде берейік» дейтін бірде-бір депутат шықпады. Кейде олардың арасында популизм үшін, халықтың көңілін аулап сөйлеп қоятындары бар еді ғой. Ал қазіргідей пандемия кезінде неге солар «жалақымызды 30-50 пайызға қысқартайық, халыққа көмек болсын» деп ұсыныс тастамайды?! Үндемейді. Депутаттар халықтың жағдайын сезінбей отыр. Оларда халыққа деген  жанашырлық өте аз.

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ,

«Жас Алаш»


Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?