Абай облысын құру туралы ұсыныс

Сайт Әкімшілігі - 09.06.20202695


ҚР президенті Қ.Тоқаевтың,

Парламент  депутаттарының назарына!


Семей өңірі киелі жер. Бергі тарихқа көз жүгіртсек, қазақтың көп зиялылары Алаштың астанасы Семейдің тумасы немесе сол аймақтан білім алып шыққандар. Алаш қайраткерлері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Х.Ғаббасов, Ә.Ер­ме­ков, Қ. Нұрмұхамедұлы, А.Дүй­­себаев, Б.Сәрсенов, А.Бар­­лыбаев, Т.Жарқынбаев, И.Әлім­беков, Қ.Мұздыбаев, М.Тұр­ғанбаев, С.Мұстафин, М.Мал­­дыбаев сынды көрнекті қоғам қай­раткерлері білімдерінің бастауын Семейден алған.

Олардың алдында әлемге әйгілі Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Шәкәрім, тағы басқалар оқыған, өскен жер. Кейін кеңес заманында, егемендік алғаннан соң да мемлекет, қоғам қайраткерлері, айтулы тұлғалар шыққан киелі аймақ. Бұл жерді, жалпы, Қазақ елінің саяси-әлеуметтік идеологиясының негізі бастау алған, ұлттық иммунитетті қалыптастырған аймақ десем, артық айтқандық болмайды. 1903 жылы Ресей патшалығының үкімімен Семей колледжі алғаш рет құрылып, онда Ә.Сәтбаев, М.Әуезов, Ж.Аймауытов, Қ.Сәтбаев, Ә.Марғұлан, М.Бөжеев, І.Айтықов атты алыптар  өмірге жолдама алып, Қазақстанның атын әлемге шығарды.

Бір Абайдың өзі екі ғасыр бұрын батысты да, шығысты да зерделеп, қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, Қазақ елін өрге жетеледі. Абай – тума талант, данышпан, хакім, гений, қазақтың идеалы. Ол әлем өркениетінің ғұламаларынан көп ілім-білім жиған, сол білімімен адамзат биігіндегі өз ойларын қорытып шығарды. Абай – адамзаттың рухани сардары. Абай ой мен сөз бостандығының символына айналды. Ахмет Байтұрсынов айтқандай: «Абайды қазақ баласы тегіс танып, тегіс білуі керек». Бір сөзбен айтсам,  Абайдың толық адам ілімінің жол картасын жасап, біздің рухани конституциямыз ретінде халықты оқыту керек.

Осы орайда, биыл туғанына 175 жыл атап өтілгелі отырған әлемдік деңгейдегі тұлғаға неге бір облыстың атын беруге болмайды деген сұрақ көптің көкейінде тұр. Жамбыл облысы бар. Түркістан облысы ашылды. Талдықорғанға облыс мәртебесі қайта берілді. Бір кездерде құлдырап кеткен облыс, әсіресе Талдықорған қаласы, қазір қарасақ, сәулетіне көз толады, дамып келеді.

Экономикалық жағынан алсақ, Семей өңірінің өндірістік әлеуеті жоғары, халық саны  1,4 миллионнан асады. Абай, Аягөз, Жарма, Зайсан, Тарбағатай, Қатонқарағай, Үржар және т.б. аудандарда халық тығыз орналасқан. Семей қаласында 322 мың, Өскеменде 340 мың адам тұрады. Тамылжыған табиғаты таңғаларлықтай, оның ішіндегі Зайсан көлі, Бесқарағайдың үлкен ормандары, Тарбағатай таулары мен Қатонқарағайдың көркем табиғаты, Алматы облысымен шекаралас Алакөл болашақта үлкен туристік потенциалы бар жерлер. Қазақстанның Швейцариясы осы жер деп айтуға болады. Ертең шетелге ақша шашатындар мен көптеген шетелдік туристер асығатын әсем демалыс орындарына айналатындай жағдайы бар өңір. Мысалы, Алакөлдің табиғи емдік қасиеті ТМД елдерінде танымал, сол себепті онда келетін туристер де көп. Бұдан басқа, өңірде түрлі түсті металдардың, графит пен алтынның қайнар көздері бар.  Облыста Ертіс өзені мен оның салалары суының өнеркәсіп пен халықты сумен қамтамасыз етуде үлкен маңызы бар. Бұл өңір Қазақстанның ең ірі индустриалды-аграрлық аймағы саналады. Мұнда металл өндіру, машина жасау құрылысынан бастап, ауыл шаруашылығына дейін жақсы дамыған. Бұл бай өңір тұнып тұрған табиғатымен келешекте Қазақстанды сыртқа танытатын өлке.

Түркістан мен Семей қазақ қоғамын ізгілендіретін рухани орталықтар болуы тиіс. Ескі Семейде «Көпестер қалашығын» жасау қажет. Қазақтың жақсы-жайсаңдары  жиналатын «Абай зиялылары» орталығы ашылса, киелі жердің қасиеті аспандар еді. Түркістан мен Семейді жаңғыртып, рухани орталық ету арқылы қазақ халқының санасы өзгеріп, тереңде жатқан рухани-мәдени, тарихи құндылықтарымыздан күш алып, батыстың да, шығыстың да ықпалынан кетіп, қазіргі аласапыран жаһанданудан ұлттық тінін сақтап қалар ма еді?! Қазақстан өз дамуының жаңа жолын табар еді. Қазақ өткенге есесі көп кеткен ел. Мүмкін, бізге тағдыр өтпелі кезеңде осындай мүмкіндікті беріп тұрған шығар. Бұл жолы қапы қалсақ, ешкімге өкпелей алмаймыз.

Бұл өңірдің халқы Семей полигонынан қаншама зардап шекті. 1949-91 жылдары Семей ядролық сынақ полигонында 470 ядролық жарылыс жасалынды. Оның салдарынан қанша адам қайтыс болғаны белгісіз. Тек сәулелік зақым (облучение) алғандардың саны жарты миллион адамнан асқан. 2 млн гектар ауылшаруашылық жері радиоактивті умен ластанған. Арал, Семей аймақтары экологиялық апатты өңірлер деп есептеліп, бір уақыттарда біз, Жоғарғы Кеңес депутаттары, заң қабылдаған болатынбыз. Оның да аяғы суға кетіп,  Жоғарғы Кеңес қайта-қайта таратылып, ақыры ескерусіз қалды. Зардабы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда. Егер демократиялық сайлау болса, ендігі сайланатын депутаттар бұл тағдырлы мәселені қайта көтеріп, екі өңірдің халқына қомақты жәрдем беруі керек.

Жалпы, бұл өңірдің қазақ халқына бергенін, зардап шеккенін таразыға салсақ, біз Семейге қарыздармыз деп есептеймін. Оның үстіне қитұрқы саясатпен Семей облысын жауып тастағаны нағыз әділетсіздік. Осындайда жоңғарларды жеңіп, қазақтың ұлан-ғайыр жерін жаудан сақтап қалған қара орман халқымыздың дәрменсіздігіне ішің ашиды, жүрегің сыздайды.

Ал енді Абай облысының орталығы Семейде ме, жоқ әлде Өскеменде бола ма, оны облыстың тұрғылықты халқынан сұрау керек. Керек болса, референдум жасап шешуге болады. Маған салса, әрине, киелі жер – Семей.

Кейбіреулер айтуы мүмкін, қазір дағдарыс уақытында бұл іс-шараларға көп қаржы кетеді, кейінге қалдырайық деп. Мен ойлаймын, мұндай ізгілікті қадамды дәл қазір – ақынның мерейтойы тұсында жасауымыз қажет. Жалпы, 30 жыл бойы қалыптасқан «ыңғайлы көпшіліктің» қасаң тартқан санасын өзгертетін уақыт келді. Қазір қазаққа жетпей тұрғаны – рух. Ал Абайдың атын шығару қазақтың рухын көтереді. Абайдың көрегендігі мен Шәкәрімнің шындығын, Шоқанның ғылымдағы ерлігін бағдаршамдай ұстану қажет. Абай атындағы халықаралық «Рухани даму қоры» құрылғанын қалаймыз, бұған керек болса, бүкіл ел болып көмектеседі. Абай атының өзі-ақ облысты көтеріп береді.

Оразалы СӘБДЕН,

ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері,

Қазақстан ғалымдар одағының президенті,

э.ғ.д., профессор, академик                                                        

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?