«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі - 11.06.20204320

Осы апта бастала салысымен Нұр-Сұлтанда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алдында аналар пикетке шықты. «Аналар екпеге қарсы», «Әр балаға 21 000 теңге», «2 пайыз бастапқы жарнасыз ипотека», «Жалдамалы пәтер», «Мұқтаж жандардың кредиттері жойылсын», «Аштық» деген сөздер жазылған плакаттар ұстаған аналар тіпті министрліктің алдына түнеп шықты. «Біртанов отставкаға кетсін!», «Жәрдемақы, баспана» деп наразылық білдірген әйелдерге басу айтуға Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі Дәурен Бабамұратов, жедел жәрдем және Есіл ауданы санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің өкілі Арман Құрбанов келді. Өзге жоғары лауазымды шенділер «шуылдақ» әйелдердің базынасын тыңдағысы келмесе керек, Бабақұмаров пен Құрбановтың оларға айтқаны «Сіздерді білеміз, көргенбіз. Карантин қаупі сейілген жоқ. Тұрған адамдар тиісті арақашықтықты сақтамай тұр, кейбірі маскасыз жүр» деген уәж болды.

      «Аналар шаршады»

 Көпбалалы аналардың атынан БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Бота Шынықұлова бұл жолғы үнсіздік акциясының мақсатын  былай түсіндірді:

«Көпбалалы аналар шаршады. Сол себепті осы жолы үнсіз пикетке шығуға шешім қабылдады. Біз бір жарым жыл бойы жүрдік, жол картасы да жасалды. Бірақ оны ешкім орындап жатқан жоқ. Қазір бізбен жергілікті атқарушы органдар ғана жұмыс істейді. Бірақ әкімдіктер ештеңе істей алмайды. Себебі барлық заң үкімет деңгейінде – орталық мемлекеттік органдарда қабылданады».

Көпбалалы аналардың айтуынша, үкіметтік деңгейде заңдар қабылданып жатқанымен, оның орындалуы қиын екен. «Көпбалалы аналарда үй алуға алғашқы жарна да жоқ. Сондықтан мұны тағы жеңілдету керек. Ал мүгедек баласы бар аналар үшін бөлек баспана кезегін енгізген жөн», – дейді үкіметке талаптарын қойған аналар.

       Ұлттық қор мен бюджет көтермей ме?

Негізінде, аналардың митингіге шығуы, пикет ұйымдастыруы, үкіметке қарсы ашынып, ашығып сөйлеуі бір бұл емес. Бұдан бұрын да аналар талай мәрте дүрлікті. Осы арада «Неге мәселені тиімді жолмен шеше алмай отырмыз, әлде ана мен балаға көмектесуді бюджет көтермей отыр ма? Көмектесуге Ұлттық қордың шамасы келе ме?» деген заңды сауал туындайды. Бұл ретте, экономист-сарапшы Тоғжан Шаяхметова: «Арнайы қордан көпбалалы аналарға қаржы қарастырылуы керек. Ұлттық қордан банктерді қолдауға демеу қаржы бөлінеді. Қандай да бір экономиканың ақсап жатқан саласын қолдау үшін де қаржы бөлеміз. Экономика өркендеуі үшін елдегі адам капиталы да қуатты болуы қажет. Ол үшін, әрине, жастардың білім алуына, толыққанды азамат болып қалыптасуына жағдай жасалуы керек. Өз басым көпбалалы отбасыларға балаларын оқыту үшін тегін гранттар бөлу жайы шешімін табуы керек деп есептеймін. Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы көлемін орташа жалақымен теңестіруге әрекет жасау керек», – дейді.

«Алтын алқаның» өзі таза алтын емес»

 Мамандар осылай десе,  Алматыдағы «Көпбалалы аналар» одағының мүшесі Рабиға Ақанованың айтуынша, көпбалалы аналар үкіметтің сылдыр сөзіне енді сенуден қалған. «Үкімет түрлі заңдарды айтады. «Үй аласыңдар, жер алуға болады» деп алдайды. Онысына қанша жыл кезекке тұрсақ та ала алмаймыз. Көпбалалы ана атанып, «Алтын алқаны» өңіріме тақтым. Кейде жаным қысылғанда сол алқаны ломбардқа өткізгім келеді. Бірақ оны ломбардтар да алмайды. Себебі таза алтын емес. «Алтын алқалы» аналарға берілетін бар-жоғы 17 мың теңге жәрдемақыны рәсімдеу үшін қаншама құжат жинауың керек. Кейбір шенеуніктер  жағдайыңды айтып барсаң, «бала тусаң, өзің үшін тудың» деп шығарып салады», – деді көпбалалы ана Рабиға Ақанова.

Осы арада деректерді ақтарып көрсек, расымен де, Қазақстанда «Алтын алқаны» жасау кезінде ыстық және суық эмальдар, лактар, алтын жалату мен патинирлеу қолданылады екен. Бұл ретте, әлеуметтанушы Серік  Әзбергенов: «Батыр аналарға берілетін «Алтын алқаның» таза емес екені айтылғалы біраз болды. Қаншама мың тонна алтын қоры бар елдің аналарға таза алтынды  қимауы ұят нәрсе. Қазір қайда барсаң да, алдыңнан көпбалалы аналардың мәселесі шығады. Сондықтан болашақта бұл мәселені шешпесек, аналарын жылатқан ел атанып масқара боламыз», – дейді.

   Тақырыпқа тұздық

     «Күйеуім мүгедек, моншада тұрған кезім де болды»

 Тақырыпқа орай, «Жас Алаш» 39 жасында жеті баланың анасы атанған Гүлбану Ысқақованың пікірін білді:  

– Жеті баламмен моншада тұрған күндерім де болды. «Алтын алқам» да, «Күміс алқам» да бар. Алтын деп бергендері таза алтын емес. Тек алтын жалатылған. «Алтын алқа» иегері болғаным үшін мемлекеттен 17 мың теңге аламын. Өзім бала күтімімен жұмысқа шыға алмаймын. 2003 жылдан бері үйдің кезегіндеміз. Қарасай ауданы Жамбыл ауылының әкіміне үйдің кезегін сұрап, бірнеше мәрте бардым. Жылжыған кезекті көрмедім. Қайырымды азаматтар көмектесіп, үй салып берді. Бірақ ол үйді өз атымызға аудармадық. Құжаттарын дұрыстай алмадық. Қолымызда тек жерді алған акті ғана бар. Мемлекеттен үй алу кезегінен күдерімізді үздік. Күйеуім үшінші топтағы мүгедек. Мүгедек болса да, балаларды асырау үшін жалданып жұмыс істейді. Үкіметтің бергені, шындап келгенде, жыртыққа жамау болмайды.

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ, 

"Жас Алаш" 

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?