Дмитрий Гордон: Ресейде әлем чемпионаты өтпейді

Дерек көзі: www.azattyq.org - 30.03.2018352

«Бір жыл бұрын айттым, Ресейде футболдан әлем чемпионаты өтпейді деп. Көп адамдар мені ақымақ, есінен алжасқан, нақұрыс деп жазып жатты. Бір жыл бойы айтып келем, сіздер тағы да сұрап отырсыздар. Қайталап айтам, Ресейде әлем чемпионаты өтпейді! Енді қараңыздар, қазір наурыз, чемпионат маусымда өтуге тиіс. Қазіргі жағдайға қарап, менің қарапайым ғана болжамымның дәл келе бастағанын көріп отырсыздар», деді Дмитрий ГОРДОН украиналық телеарналардың біріне берген сұхбатында.

  Маусымның 15-і мен 14-і аралығында Ресейде өтуге тиіс футболдан Әлем чемпионатына баруға байкот жариялау қазірдің өзінде басталып кеткені белгілі. Ұлыбританияның премьер министрі Тереза МЭЙ (Thereza May) ағылшындардың футболдан ұлттық құрамасын 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатына қатыспауға үндеді. Тіпті, ешқандай министр, ешқандай дипломат, ешқандай король әулетінің адамдары чемпионатты көруге бармайтыны туралы жариялаған болатын. Бұл байкот Ұлыбританияда жүрген Ресей сыртқы барлау қызметінің бұрынғы офицері Сергей СКРИПАЛЬДІҢ улануынан кейін басталғаны мәлім. Британия тарапы бұрынғы саясаткерге жасалған қастандыққа Мәскеуді кінәлап отыр. Бұдан кейін іле-шала Австралия Сыртқы істер министрі Жули БИШОП та Сергей Скрипальдің улануын – Ресейдің агрессивті және алаңғасар саясатының бір көрінісі деп бағалайтынын, бұл жағдайға қатысты ӘЧ-на байкот жариялау тұрғысында ұлыбританиялық және өзге де әріптестерін қолдайтынын айтқан. Исландия тарапы да 26 наурыз күні дипломатиялық байкот жариялап, чемпионатқа ешқандай саясаткер келмейтінін айтты. Әлемдік БАҚ-та Польша, Дания, Швеция және Жапония елдері де байкот жариялауға дайын деген ақпарат бар. «Ұлыбритания Франциямен, Германиямен және АҚШ-пен байкот жариялау туралы келісімге келгенін нақты білем. Меніңше, Ресей бұл жағдайда жете бағаламай отыр. Бұл жайтты ғана емес, Ресей өзінің қандай жағдайда тұрғанын әлі түсінбей жүр», дейді Дмитрий Гордон аталған сұхбатта. Саясаткерлер егер Ресейдегі Әлем чемпионатына Еуропаның футболдан жетекші құрамалары келмей қалатын болса, бұл байкоттың Ресейге салынып келген түрлі санкциялардан да зардабы көп болатынын айтады. Керісінше, Путин бұл байкотты әлемнің Ресейге көрсетіп отырған жан-жақты қысымының көрінісі ретінде пайдалануы мүмкін деген де жорамалдар бар.

zhasalash.kz

Фотолар: etvpluss.err.ee, youtube.com

         

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

Сайт Әкімшілігі

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды