Қазақ енді жерленбейді, өртеледі

Сайт Әкімшілігі - 16.06.20202697

Бір ақиқат дүние, қазақтың саны аз, жері үлкен. Кейбір деректерге қарасақ, қазақ жері қазіргідей 18 жарым миллион халықты емес, бірнеше жүз миллион халықты асырауға байлығы да, кеңдігі де жетеді-мыс. Көңілді серпілтер дүние-ақ. Алайда сол дала, қазақ үшін, жалпы осы елді мекендейтін өзге ел- жұрт үшін де тарыла бастағандай. Әсіресе ірі шаһарлардың маңында жер тапшылығы қатты сезіле бастаған. Өзгесін былай қойғанда, адамдарды жерлеу үшін жылына бәленбай гектар жер керек екен. Ал, оны шешудің ең бір оңтайлы жолы – крематорий салу. Қысқасы дүниеден өткендерді арулап жерлемей-ақ, өртеп жіберу. Осылайша жерді үнемдеу. Соның дәлелі ретінде биыл Алматыда адам өртейтін крематорий салынады. Әзірге оның жобалық құжатын әзірлеуге 46,8 миллион теңге бөлініп қойыпты. Құрылыс жыл соңына дейін бітуі тиіс. Ал, келер жылдан бастап, адамды өртеп, күлге айналдыру жұмысы басталмақ. Сәл таратып айтар болсақ, бұл мәселе Қазақстанда 1987 жылдан бері айтылып келеді. 2004 жылы Алматы әкімдігі крематорий салу мәселесін шешіп қойған екен. Бірақ оны жүзеге асыруға дәті жетпеді ме, бір нәрсе кедергі болды ма, білмедік. Сол мәселе биыл шешімін таппақ. Крематорий қазаққа жат. Крематорий дегенде көз алдымызға фашистердің концлагері һәм ондағы түтіні будақтап адамдар өртеліп жатқан пеш елестейді. Үрейлі-ақ. Енді Алматыда сол жағдай қайталанбақ па? Айтылар уәж мынау: Алматы халқы жылдан жылға көбейіп, өсіп келеді. Өмірден өтетіндер де (жылына 7-8 мың адам) көп. Ал оларды жерлеу үшін қаншама гектар жер керек. Қазір жер қат. Осы тапшылықты шешу үшін амалсыз крематорийге жүгіну қажет. Сондай-ақ, Алматы крематорийінің қызметі – жер тапшылығын шешіп қана қоймайды, медициналық мекемелердегі биоқалдықтарды, жыл сайын жүздеп дүниеден озатын қаңғыбастарды, қаңғып өлген иттермен мысықтарды т.б өлекселерді өртеп, инфекция таралуына жол бермеу.

Міне, мәселе қайда жатыр! Жалпы біз кез-келген нәрсені науқанға айналдырып жіберуге бейіл тұратын елміз ғой. Айтқымыз келгені, егер Алматыда крематорий салынса, ертең осыны көрген өзге қала басшылары жер мәселесін шешеміз деп жаппай крематорий салуға ден қойып кетпей ме, қорқыныш сонда. Бұлай бола берсе, түптің түбінде аруақтарға құран оқып, бет сипайтын молаларда қалмауы мүмкін-ау.

Азаматхан ӘМІРТАЙ, 

қоғам белсендісі

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?