Көрдемшелер азайып, жезөкшелік жойылсын!

Сайт Әкімшілігі - 16.06.20201466

Қариялар биліктен не талап етеді?

Редакциямызға арнайы атбасын бұрған Тасмағамбет Омарұлы елге еңбегі сіңген 82 жастағы зейнеткер екен. Қария өзімен бірге замандастарының билікке қойған талаптары жазылған үшбу хатты арқалай келіпті. Ақасақалдардың аманатына қиянат жасамай, олардың датын жариялағанды жөн көрдік. Сонымен көпті көрген қариялар не дейді?

Ата-бабамыздың берген тәрбиесі, қалыптасқан дәстүр бойынша қазақ ешқашан жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған. Оның мәнісі бұрын қазақ құда түсіп, баталасып, қызына қалың мал алып, ұзатқан. Қыздың жасауы ретінде бір үйге қажет мүлікті төсек-орын ретінде берген. Қыз барған жерінде перзентті болып, күйеуі бақилық болған жағдайда, ата-енесі оны әмеңгерлік қағидасына сәйкес, күйеуінің ағасы немесе інісіне, олар болмаса, етене жақын туысына қосқан. Егер тұрмысқа шыққан қыз қайтып келсе, оны өз үйінде қабылдамаған. Міне, қазақта жетім бала мен жесір әйелдің болмауы осыдан. Ал егер қыз бала үйінде отырып, пәктігінен айрылып, күйеуге шықса, онда оны күйеуі атқа теріс мінгізіп, дүние-мүлкімен қоса, үйіне апарып тастайтын жағдай болған. Бұл тек әке-шешесі ғана емес, бүкіл ауылды қарабет қылды деген сөз.

Ал қазір ше? Мектепті бітірмеген қаншама қыз 13-16 жасында жүкті болып, аборт жасатып, тұрмысқа шықпай, өз үйінде әйел болып отыр. Ол қыздарға үйленген жігіттер де көп ұзамай, ажырасып кетеді.

Ұят, ар-намыс, адамгершілік сияқты асыл қасиеттер аяққа тапталды, жезөкшелік бизнеске айналды, қазақ аза бастады. Бүгінгі таңда ЖОО бітіріп, жасы 25-30-дан асқан қыздар тұрмысқа шығудың жаңа бизнес жоспарын ойлап тапқан сыңайлы. Олар жоғары білімді, жалақысы қомақты жігіттерді интернеттен немесе басқа да жолдармен тауып алып, оларды түрлі айла-тәсілмен өзіне тартып, тұрмысқа шығып алуға тырысады. Ал нәрестелі болған күннен бастап, төркініне қашып, өзгере бастайды. Олардың күйеуге шығудағы басты мақсаты – сәбиге заңды әке табу және ол 18 жасқа толғанша алимент өндіріп алып, өзі қалағандай өмір сүру. Себебі ондай бойжеткендердің әке-шешесі де осылай өскен, тәрбие көрмеген, бір үйде шешесі екеуі ғана қалған соң, қызына «күйеуің мен балаңды алып, үйге қайтып кел, күйеуің көнбесе, сот арқылы ажырасып, балаға алимент өндіріп ал. Өзің қызметке орналас, баланы біз бауырымызға басып өсіреміз», – деген ақыл айтады.

Мұны жазып отырғаным: 2018 жылы алған келінім 2019 жылы бір ұл туып, бізді бақытты қылған еді, алайда немерем алты айға толмай, жүрегімізді суырып алғандай, еш себепсіз немеремді алды да төркіні тайып тұрды. Басты себеп: «бұл үйде тұрғым келмейді», болды.  Ал қазіргі заң күйеуінің жазығы бар ма, жоқ па, әйелді қорғайды. Сот баланы әйелге алып беріп, күйеуінен алимент өндіреді. Жалғызбасты әйелге Үкімет бар жағдайды жасап, жеңілдікті  тудырып отыр: жұмыс та, үй де берді. Бүгінгі таңда Қазақстанда 3 миллионнан астам әйел тұрмыс құрмаған не ажырасқан. Олардың алды 50-60 жастан асып, жалғыз өзі қалған.

Алматы қаласындағы үлкен тойханаларда несие алып, той жасап қосылған жастардың 40-45%-ы 1-2 жылға жетпей-ақ ажырасатыны анықталған. Ал әргедегі көршілеріміздегі жағдай қандай? 2017 жылғы көрсеткіш бойынша, Түркменстанда тұрмыс құрған жастардың 1%-ы, Тәжікстанда 2 %-ы, Өзбекстанда 6%-ы ажырасса, Қазақстандағы бұл көрсеткіш 46%-ды  құраған. Бұл көрші мемлекеттердің жастары әке-шеше тәрбиесін алған, солардың айтқанын тыңдайды, дініне берік, тәртібі жақсы екенін білдіреді. Ал біздің батыс елдерінен алған үлгіміз, ашқан жаңалығымыз 2019 жылдың соңында алынған статистикалық көрсеткіш бойынша, Алматы қаласы және аудандарында жыл бойы некеге тұрғандардың жыл соңына дейінгі көрсеткіші:

2017 жыл – 84590, ал ажырасқандар 35 570 – 41 %

2018 жыл – 81800, ал ажырасқандар 34 660 – 42,2 %

2019 жыл – 83850, ал ажырасқандар 36 340 – 42 %

Бұл – заңды көрсеткіш, ал заңсыз некеге тұрмай отбасын құрып, ажырасып жатқандар қаншама?!. Сотқа беріп, жағдайымызды айтсақ, «Ата, сіздікі дұрыс, бәрін түсінеміз. Сізге жанымыз ашиды, бірақ заң әйелдің жағында» дейді. 

Бүгінгі таңда көптеген қалталы азаматтар қыздармен махаббат құрып, сәби тудырады. Соңында сәби әкесіз жетім, әйел күйеусіз жесір қалып жатады. Себебі оларды қосатын заң жоқ. Қазақ некесіз туған баланы көрдемше деген. Мұндай Кеңес дәуірінде де болды, бүгінгі таңда тіпті көбейіп кетті. Ақын Дүйсенбек Қанатбаевтың осы көрдемше туралы жан тебірентерлік өлеңі бар:

Өртеніп сонда өзегі,

Жылады өксіп, өлгенше.

Не деген зәрлі сөз еді,

Әкесіз туған көрдемше.

Бұл – әлгіндей балалардың «кімнің баласысың?» деген сұрағына жауап таба алмаған халі. Қазір заңды некеден өтіп, отбасын құрып, бала туып, ажырасқандардың, жезөкшелік пен зинақорлықтың, жалғызбасты әйелдердің, көрдемше сәбилердің көбеюі – қанымыздың бұзылғанының белгісі. Жүрегінде иманы бар, тамырында қазақтың қаны бар әрбір жанды ойландыратын жағдайға жеттік. Біздің аналарымыз «өлімнен ұят күшті» деген өсиет қалдырса, қазіргі қыздарымыз «ұяттан теңге күшті» деп, газет-журнал, телеарналарда жарнама жасап, қонақүйлерде, өз пәтерлерінде тәнін сатып, көрдемше сәбилер өсіріп отыр. Оның үстіне, өздерінше «Қазақстан халқын бір адамға көбейттік» деп мақтанатынын қайтерсіз?!. «Жалғызбасты анамын» деп, әкімшіліктен жәрдемақы, пәтер сұрайды. Бұл не деген сұмдық, бауырларым?!.

2019 жылдың 23 желтоқсан күні кешкі жаңалықтарда көрсеткен Әділет министрі Марат Бекетаевтың депутаттар қойған сұраққа 6 миллиард теңгеден астам борышкерлердің алимент қарызын ата-анасының зейнетақысынан өндіру жөнінде ұсыныс білдіруі – онсызда немерелерінен айрылып, зарлап, қасірет-қайғы шегіп отырған қарияларға үлкен соққы болды. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілермен өткізген мәжілісінде: «бір әйелдің қаңғыбас ит пен мысыққа аяныш білдіріп, оларды қорғау жөніндегі жазған хатын оқығанын және дұрыс мәселе көтергенін, оны қолдайтынын естігенімде, «Ал біз адамбыз ғой! Көп жыл аңсап, енді жеттім бе деп, маңдайынан иіскеп, бауырымызға басып, жұбаныш болған немеремізді жүрегімізді суырып алғандай тартып әкеткен, тәрбие көрмеген келіндердің әрекетіне әділет іздеген ата-әжелердің мұңы мен зарын тыңдап, қаншама тірі жетімге айналған сәбилердің көз жасын көріп, заңға келесі өзгерістерді енгізуді сұраймыз:

1.     Қыз тұрмысқа шықты ма, сол үйді өзімдікі деп, қызмет етіп, перзент сүйуі керек, егер күйеуі қаза болса, онда қайынағасына, інісіне немесе етене жақын туысына тұрмысқа шығуы керек;

2.     Ер азаматтардың құқығын қорғау, әйел себепсіз ажырасса, оның кінәсі дәлелденсе, сәбиді әкесіне қалдыру;

3.     Еркек бірінші әйелінен сәби сүймесе, өзге әйелмен көңіл қосып, сәби сүйсе, екі әйелге бірдей жағдай жасаса, ондай некені заңдастыру керек;

4.     Жезөкшелікке салынғандарға заң бойынша қатаң жаза қолдану.


Алдымыз 90 жастан асқан, соңымыз зейнеткер қариялардың қазақ жұртының атынан жазған мұңымен жоғарыда көрсетілген статистикалық көрсеткішті ескеріп, Елбасымыз Н.Назарбаевтың: «Біз жаңғыру жолында, бабалардан мирас боп қанымызға сіңген, бүгінге тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді түлетуіміз керек», деген теориялық ойын іске асырып, отбасы туралы заңға өзгеріс енгізілсе, судьялардың жұмысын жеңілдеп, миллиардтаған алимент қарыздар талап етілмей, отбасын бұзу, жезөкшелік, зинақорлық, жесір әйел, жетім бала, жалғызбасты жандардың пәтер талап етуі азайып, жетімдер үйі мен қарттар үйінің есігі жабылатынына сенеміз.

Аналарымыз бізді «ұят болады, обал болады, сауап болады», деп тәрбиеледі. Осы небары үш-ақ ауыз сөз, қағида боп қалыптасқан еді.

Қазақстан отбасын бұзудан әлемдегі алдыңғы қатарда. Егерде мұның алдын алмасақ, бірінші орынға көтерілуіміз ғажап емес. Біздердің 8 қаңтарда әділ Президентіміз Қ.Ж. Тоқаев мырзаға Қазақстанның 7 облысынан елге белгілі қариялардың атынан жоғарыдағы тақырыпта жазған хатымызға 20.01.2020 жылы Нұр-Сұлтандағы Ақ Ордадан Бұйрабекова деген азаматшадан «хатты алдық, тиісті органдардан жауап күтіңдер» деген жауап алдық.

24 ақпанда Әділет министрі заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры Б.Атагазиновадан хат алдық. Онда: «Өтінішіңізде көрсетілген ұсыныстар сарапталып, сіздердің белсенді азаматтық көзқарасыңыз және қоғамымызға отбасы мен неке құндылықтары, дәстүр тәрбиесін сақтау мәселелерін көтергендеріңіз үшін шексіз алғыс білдіреміз. Осы бағытта мемлекеттік органдар тарапынан жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда елімізде ажырасу санының көбейуі – өкінішті жағдай. Былтыр заңды қосылған некенің 43%-ы ажырасқаны анықталды. Қазіргі уақытта алимент өндіру туралы 205 мың атқару-құжат орындалуда», дей келе, Президентке жазған өтініштің әр бабына сәйкес талдап, заңдағы стадияларды көрсетіп, төрт парақ хат алдық.

31.03.20 жылы Ішкі істер министрі төрағасының бірінші орынбасары А. Аубакировтен үш парақ жауап келді. Ол хатта ішкі істер министрлігі отбасын нығайту жөніндегі істеп жатқан жұмыстарын және жезөкшелік туралы заңнамаға сәйкес түсіндірулер берген.

Президентке хат жолдаған қариялар елге белгілі, еңбегі сіңген, әрбірі мыңдаған қол үлесіне татитын жандар. Конституциялық заңды біледі, үйретудің қажеті жоқ! Біз заңға өзгеріс енгізуді талап етеміз!

Халықтың атынан жазылған хат Президентке жетпесе, депутаттар хабарсыз болса, онда демократиялық тәуелсіз ел болып, ата-бабамыздың дәстүрі мен тәрбиесін іске асырмасақ, жастарға тәрбие бере алмасақ, ажырасу 50%-дан асса, жалғызбасты әйелдер мен жезөкшелік және көрдемше сәбилер көбейіп, қартайған ата-ананың қадірі кетіп, қанымыз бұзылып, қазақ деген ар-намысымыз аяққа тапталмай ма?

Еске түсіре кетейік, христиан дінінде Иса Пайғамбарға түскен Інжілде көрсеткен әрбір еркек бір әйелге үйлену қағидасын бүгінге дейін қолданып келеді. Мұхаммедке Пайғамбарлық келген күннен бастап, жат қылықтардың тамырына балта шабылды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) Хадиша анамыздан кейін Айша, Нафиса, Зейнеп, Зүбайда, Умму-Хабиба, Сафия, Мәймуна, Мәриям, Сауда атты әйелдерге үйленуі, әйел адамдарға теңдік беруі – халыққа көрсеткен үлгісі еді. Себебі Пайғамбарымыз сол әйелдерінің бәрімен бірдей тату-тәтті ғұмыр кешкен. Алла Елшісі өз хадисінде «Қоғам азарда достық жоғалады», деген.  Абайдың әкесі Құнанбай төрт әйел алса, Абайдың өзі Ділда, Әйгерім, Еркежан (інісі өлген соң атастырған) үш әйелінен 10 ұрпақ өсірген.

Абылайхан 12 әйелінен 30 ұл, 40 қыз өсіріп (энциклопедия 45-бет)сол әйелдері некеде болғандықтан, балалары жетім, әйелдері жесір қалмаған.

Ислам дініндегі Мұхаммед Пайғамбарымыздың жолы, бабаларымыздың салт-дәстүрі, тәрбиесі, Тұңғыш Президентіміз Елбасы Н.Назарбаевтың «Біз жаңғыру жолында, бабалардан мирас боп қанымызға сіңген, бүгінге тамырымзда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді түлетуіміз керек» деген теориялық ойын жүзеге асырып, Президентіміз заңға өзгеріс енгізгенін көрсек, біз қариялар  о дүниеге армансыз кетер едік!

Тасмағамбет Омарұлы,

Алматы облысы,

Іле ауданы, Қазцик ауылы.

Өтінішті қолдаушылар:

Аманқос Төреханов, 94 жаста, ардагер, Түркістан облысы;

Ұшыға Отарбай келіні, 91 жаста, Батыр ана, Алматы облысы;

Дәметкен Омарова, 86 жаста, Батыр ана, Ақтөбе облысы;

Құралжан қажы Юлдашев, имам, Шымкент қаласы;

Орынбай Балтабаев, еңбек ардагері, Тараз қаласы;

Махмут Байтілеуов, бизнесмен, Маңғыстау облысы;

Аманғали Романов, саясаткер, Алматы қаласы;

Түгелбай Ташенов, «Желтоқсан» көтерілісінде 14 жылға сотталып 1992 жылы ақталған, Қайрат Рысқұлбековтің соңғысы.

Жалпы 26 адам қол қойған.

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?