118 миллион жегені болып тұрған дегені!

Сайт Әкімшілігі - 16.06.20201385

Елімізде кәсіпкерлерге қаншама жақсылық жасалып жатыр. Бәрі де «солар шаруасын дөңгелетіп әкетсін, елдің игілігіне жұмыс істесін» деген амал. Өкінішке қарай, олардың қайсыбірі мемлекет қамқорлығын дұрыс түсінбей жүрген секілді. Әйтеуір бүйректен сирақ шығарады. Қаражат қазанынан ыңғайына қарай жымқырып қалуға атырысады.

Айталық, Нұр-Сұлтан қаласында екі кәсіпкер бюджеттен 118 миллион теңгені жеке пайдалары үшін иемденген. Осы теріс тірліктері үшін сотталды. Бұл туралы Қаржы министрлігі жанындағы Қаржылық мониторинг комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Комитет бұрынырақта Елордадағы «QazIndustry» Қазақстан индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамының қаржысын ұрлағаны үшін екі кәсіпкерге қатысты қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлаған еді.  Кәсіпорындарды басқа тұлғалардың атына әдейі бұрмалап тіркеген олар қылмыстық ісін жасырғысы келген. Бірақ қызметін өздері басқарып отырған. «Жабдықтарға техникалық қызмет көрсетеміз» деп әуде берген пысықтар жалған шығын сомасын көрсету арқылы қоржыннан 118  миллион теңге артық  алған.

Мемлекеттің бұл қаржылай көмегі ең алдымен шағын және орта бизнесті қолдауға, сондай-ақ шығындардың орнын толтыру және тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бағасын төмендету мақсатында бөлінген. Амал қанша, сол ақшаны алаяқтар иемденіп кеткен.

Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық соты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігіне сәйкес («Алаяқтық») екі кәсіпкерді кінәлі деп тапты. Олар алты жылға бас бостандығынан айырылды. Енді олар бюджет қаржысын алуға қатысы бар қызметте кемінде 5 жыл жұмыс істей алмайды. Бұл аз болса,  сот «QazIndustry» Қазақстан индустрия және экспорт орталығына» 118 миллион теңгені және 1 770 000 теңгені мемлекет кірісіне баж салығы ретінде  өтеу туралы қаулы шығарды.

Жансая ЖҰМАШ

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?