COVID-19: Дертке шалдыққандарды ешкім жұмыстан шығаруға құқықты емес

Калибаев Нурсултан - 16.06.2020859

Күні кеше ғана Алматы қаласы медициналық жедел жәрдем станциясының 17 диспетчері COVID-19 індетін жұқтырғаны туралы мәлімет «Жас Алаш» газетінде жарияланған-ды. Баспасөз қызметі хабарлағандай, медициналық жедел жәрдем бөлімінде бүгінгі таңда 3607 адам жұмыс істейді, соның 98-і диспетчерлік қызметте екен. Ауырғандардың сегізі жұқпалы аурулар стационарларында, қалған тоғызы провизорлық стационарларда емдеу хаттамаларына сәйкес ем алуда.

Өздерінің кәсіби қызметтерін атқару барысында COVID-19 індетімен науқастанып қалған медицина қызметкерлерінің тағдыры не болмақ? Келешекте жұмыссыз қалу қаупі бар ма, заң аясында қарастырылған сақтандырудан бөлек, олар тағы да қандай жеңілдіктерді пайдалана алады деген сияқты сұрақтарға өз кеңесін берген газетіміздің тұрақты оқырманы, медицина ғылымының кандидаты, денсаулық сақтау ісінің үздігі, тәуелсіз сарапшы, заңгер Жұбан Тілеубергенов  поштамызға хат жолдаған екен. Осыған орай, сала маманы тарапынан берілген  ақыл-кеңестерді өзгертпей, сол қалпында жеткізуді жөн көріп отырмыз.

Біріншіден, медицина қызметкерлері өздерінің кәсіптік қызметтерін орындау барысында COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырып ауыратын болса, онда ол сырқат кәсіби ауру болып табылады. Бұл жайт  Еңбек кодексінің 1-бабында былайша көрсетілген: Кәсіптік ауру дегеніміз –  жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде оған зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе жедел ауру. Сонымен бірге Халықаралық еңбек ұйымының да (1996 ж.) шешімі дәл осылай: Кәсіптік ауру – қауіпті факторлардың әсерінен туындайтын ауру.

Біреулер үшін бұл құжаттар аздық жасаса, онда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (әрі қарай – ДДСҰ) 2020 жылғы 19 наурызда жарияланған «Коронавирус ауруы (COVID-19): Кәсіби қауіпсіздік пен денсаулықты сақтау бойынша негізгі ұсыныстарға қоса, медициналық мамандардың құқықтары, рөлі және жауапкершілігі» атты уақытша  нұсқаулары көмекке келмек. Осы құжатта былай деп келтірілген: Егер жұмыс орнында COVID-19 инфекциясын жұқтырған болса, өтемақы, қалпына келтіру және медициналық қызмет көрсету құқығын құрметтеңіз. Бұл кәсіби инфекцияны жұқтырған болып есептеледі, ал соның салдарынан өрбіген ауру кәсіптік ауру деп саналады.

Демек, жоғарыда көрсетілген медициналық мекемеде еңбек ететін 17 диспетчердің COVID-19 індетін жұқтырып алу фактісі кәсіби ауру болып табылатынына бола, дауласудың еш қажеті жоқ.

Осыған орай, медицина қызметкерлерінің  COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтыру оқиғаларын толыққанды тергеп-тексеру және есепке алу шаралары Еңбек кодексінің 186-190 баптарына және денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1032, №1055 бұйрықтары мен денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы №224 бұйрығына сәйкес жүргізілу қажеттілігі жоғарыда келтірілген нормативтік-құқықтық құжаттармен  бекітілген.

Одан әрі жедел кәсіби ауруды емдеп жатқан медициналық мекеме денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1055 бұйрығына сәйкес, «Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы» хабарламаның бірін науқастың жұмыс орнына, екіншісін санитарлық қадағалау мекемесіне (СЭС) дереу жолдаулары керек.

Бас-аяғы 24 сағаттың ішінде  емдеуші дәрігер, санитарлық қадағалау мекемесінің маманы және арнайы сертификаты бар кәсіби патология маманының (дәрігер-профпатолог) қатысуларымен құрылған профпатологиялық сараптау комиссиясының күшімен байланыс бар болған жағдайда науқастағы кәсіби аурудың жедел түрі анықталады. Яғни COVID-19 індетін жұқтырып алу фактісі медицина қызметкерлерінің өз кәсібін атқару барысында орын алғаны туралы тұжырым жасалынады.

Осыдан соң, комиссияның шешіміне орай, «Еңбек қызметіне байланысты кәсіби ауруды тергеп-тексеру актісі» толтырылады. Дәл осы акті ғана (!) медицина қызметкерлерінің қызмет көрсету барысында жұқтырып алған COVID-19 індетін кәсіби ауру деп тануға заңнамалық және статистикалық  құқық бере алады. Акті жоқ па, кәсіби ауру да жоқ.

Одан әрі қарай COVID-19 індетімен ауырған науқасты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 12 желтоқсандағы №671 бұйрығына сәйкес, кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі – қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау қабілеті төмендеуінің деңгейін анықтау үшін осы министрліктің құзырындағы медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясына жібереміз. Сол жерде медициналық қызметкердің  еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде кәсіптік ауруға шалдығу себептері – кәсіптік ауру екені белгіленеді.

Біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының есебінен (ГССФ) болғандықтан, ҚР-ның 2005 жылғы 7 ақпандағы «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» N30 Заңы аясында,  еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің құзырындағы медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының оң шешіміне сүйене отырып іске асырылуы керек.

Осы ретте газет оқырмандары үшін ең басты түсініксіз бір жай бар. Оған да тоқтала кетейік.

Ел президенті Қ.Тоқаевтың COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрестің алғы шебінде жүрген медицина қызметкерлері, аталған індетті жұқтырып алған немесе сол аурудан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлем төлеу туралы жарлығы жарияланғанын жақсы білеміз. Жарлықтағы көрсетілген  міндеттемелерді орындау үшін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі №129 және денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 сәуірде шығарған «Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны жұқтырған немесе одан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» №ҚР ДСМ-35/2020 бірлескен бұйрығы жарық көрді.

Алайда қос министрдің қолы қойылып, бекітілген бұйрықтың ең сорақылығы – бұл бұйрық бүгінгі таңда қолданыста жүрген көптеген заңнамалық күші бар халықаралық және ел президенті қол қойған өз еліміздің заңнамаларына қайшы келіп отыр. Солардың қатарында Ата заңымыз – ҚР Конституциясы (29-бап 1-п.), Еңбек кодексі (1-бап), ҚР «Қызметкерді өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы Заңы N30-III және көптеген денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1032, №1055 бұйрықтары, денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы №224 бұйрығы бар.

Бір ғана мысал. Бірлесіп жазған бұйрықтағы қағидалардың 2-тармағында былайша көрсетілген: Адамдарға әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – ЖАО) комиссия құрады. Сол комиссияның құрамына алты бірдей ұйымның өкілі кіргізілген, тек ол жерде профпатологиялық сараптау комииссиясының мүшелері, яғни қызметкердің бойындағы ауру мен еңбек жағдайы арасындағы байланыстылығын анықтау ісі құзыретіне кіретін мамандар ғана жоқ. Жергілікті атқарушы органдардың бұл жұмысқа ешқандай да қатысы жоқ және болуы да мүмкін еместігін біле тұра, бүкіл қоғамның сенімен баяғыда-ақ айырылған қос министрдің мұндай бассыздығын қалай түсінуге болады?

Мұндай жағдайда сіздердің әрқайсыларыңыз тәуелсіз сарапшылардың көмегіне жүгіне отырып, істің ақ-қарасын тек сот арқылы ғана шеше аласыздар.

Ал енді ауырып тұрғаннан кейінгі кезеңде денсаулықты қалпына келтіру және жүйелі түрде медициналық қызметке жүгіну үшін дәрігерлердің тұрақты бақылауында болуларыңыз қажет. Кәсіби аурулардың барлық салдарларын емдеу жағы да қолданыстағы заңнамалық күші бар нормативтік құжаттардың аясында тегін болулары қажет. Ең бастысы, науқасыңызға бола сізді жұмыстан шығарып жіберуге жұмыс берушінің ешқандай құқығы жоқ. Сіздің денсаулығыңызға байланысты өз мамандығыңызбен жұмысқа орналастыру немесе басқа мамандық бойынша қайта даярлау міндеті және ақшалай шығындардың барлығын өтеу жұмыс берушінің міндетіне жататын жайлар. Осыны есте сақтаңыз!

Дәурен ҚАЙЫР,

«Жас  Алаш»

Мақала авторы:

Калибаев Нурсултан

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?