Кимнің пейілін тарылтқан коронавирус па?

Сайт Әкімшілігі - 16.06.20201496

Мақтаарал ауданында су басқан үйлерді қайта салу жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Бұған дейін белгілі болғандай,  Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық елді мекендері қалпына келтірілмейді. Зардап шеккен тұрғындарға  арнап аудан орталығы Мырзакенттен 425 жеке тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл үшін 50 гектер жер бөлінген. Облыстық әкімдіктің таратқан мәліметі бойынша 235 тұрғын үй мемлекеттік бюджет есебінен, қалған 190 тұрғын үйдің 150-ін миллиардер Болат Өтемұратовтың қоры салмақ. 20 үйді «Біз Біргеміз» қоры мойнына алса,  20 үйді «Салиқалы ұрпақ» қоры тұрғызады.

Ел басына қиын жағдай туған кезде алпауыт бизнесмендер қарап қалған жоқ. Жергілікті кәсіпкерлердің алды 100 миллион теңгеден аударды.  П.Шодиев, А.Машкеевич, А.Ибрагимов жетекшілік ететін әйгілі Eurasian Resources Group тобының мақтааралдықтарға 5 миллион доллар қаржы бөлгені туралы мәлімет таратылды. Ресейде тұратын өзбек миллиардері Әлішер Усмановтың  берген 5,2 миллион доллары зардап шеккен 5 мыңнан астам отбасының әрқайсысына 1 мың доллардан таратылып жатыр. 

Мақтаарал өңірінде су тасқынына ұшыраған халыққа қол ұшын созғандардың қатарында Тұңғыш президенттің туған інісі, тоқалдарымен, қала берді той-томалағымен, көкпарымен аты шыққан, біраз ақындарға шабыт беріп жүрген Болат Назарбаевтың да аты аталды. Жоғарыдағы «Салиқалы ұрпақ» қоры осы Назарбаевқа тиесілі болып шықты. Облыстық әкімдіктің таратқан мәліметіне қарағанда, бүгінде 20 үйдің құрылысына дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Жуырда іргетасы қаланып, үйдің қабырғасы көтеріледі. Аталған қордың ресми өкілі Нұрлан Байымбетовтің айтуынша, үйлерді жергілікті «Нұр ел» және «Тіней-құрылыс» компаниялар жүргізуде. Жалпы, Болат Назарбаев Оңтүстік өңіріне бөтен емес. Оның Мақтааралмен көршілес жатқан Шардара ауданына күйеу бала болып келетіні көпшілікке  былтыр күзде Болат Әбішұлының дүркіретіп тұрып берген көкпарынан кейін  белгілі болған еді. Шардарада өткен  сол көкпарды ел әлі айтады. Қаз-қатар тігілген киіз үйлер. Сахнада ән айтып жатқан өнер жұлдыздары. 20 қазан палау басылып, елге тегін таратылған,көкпардың салымдарына 7 «Нива» көлігінің тігілген, «құдай-ау не деген той мынау» деп таң қалысқан жұрттың видеосы әлеуметтік желі арқылы жартыәлемге таралған еді.  Айтпақшы, Болат Назарбаев 20 үйден бөлек 100 отбасыға 100 мың теңгеден үлестірмек.

Ал Мақтаарал ауданының тумасы, Қазақстанның №1 байы, «Қазақмыстың» қожайыны Владимир Ким туралы әзірге жартымды ақпарат жоқ. Зардап шеккен мақтааралдықтарға сонау Ресейде жүрген өзбек бизнесменінен бастап жәрдем беріп жатқаны мыс миллиардерін селт еткізбеген сияқты. 

Ақпарат құралдарында жарияланған мәліметтерге қарағанда, Қазақстанның № бай бизнесмені, әлемдегі ең дәулетті деген 500 бай-бағланның тізімінде жүрген Кимнің жағдайы биыл мәз емеске ұқсайды. Сәуірде Forbes басылымы  доллар миллиардерлердің тізімін жариялаған болатын. Осы тізімге қарағанда, Кимнің дәулеті биыл 4,5 миллиард доллардан 3,7 миллиард долларға кеміген. Осы себепті ол әлемдегі ең дәулетті азаматтардың тізімінде 424 орыннан 494-ші орынға төмендеген.

 Ұлыбританияда жыл сайын елдегі қалталы азаматтардың тізімі жарияланып тұрады. Бұл тізімге  ағылшын азаматтары ғана емес, Ұлыбританияда жұмыс істейтін шетелдіктер де енгізіледі. Ағылшындардың биылғы тізіміне қарағанда, қазақстандық кәсіпкер Владимир Кимнің дәулеті өткен жылдармен салыстырғанда едәуір төмендеген. Бәріне кінәлі коронавирус, соның салдарынан болған әлемдік дағдарыс көрінеді. Айта кетері, Владимир Ким KAZ Minerals тобының президенті әрі ірі акционері болып табылады. Компания түсті және қымбат металлдарды өндірумен айналысады. KAZ Minerals компаниясы Лондонда орналасқан және оның акциялары Лондон биржаларына шығарылып тұрады.

Биыл сондай-ақ, ақпарат құралдарында Владимир Кимнің Ресейден әріптес іздеп жүргені, тіпті бар активтерін сатып, Монакоға көшкелі жатқаны туралы мәлімет таратылды. Алайда «Казақмыс Холдинг» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы  Эдуард Огай мұны жоққа шығарды. Ал енді жуырда Кимнің АҚШ-қа кеткелі жатқаны туралы мәлімет таратылды. Bloomberg-тің жазуынша,   Владимир Кимді ағылшын жері жаппай тексеріп жатқанға ұқсайды. Ким бұған дейін ағылшын өкіметінен инвестициялық виза алған. Бұл визаны алған бизнесмен ел экономикасына 2 миллион фунт инвестиция салуға міндетті болған. Егер тексеру кезінде осы міндеттеменің орындалмағаны анықталса, онда Ким Ұлыбританияның қаһарына ұшырайды. Ол Лондонның төрінде орналасқан 40 миллион долларлық үйінен біржолата көшіп кетуі ықтимал. Кейбір мәліметтерге қарағанда, оның бизнестегі әріптесі Эдуар Огай АҚШ-қа кеткен. Кимнің де мұхит асып кетуі әбден мүмкін көрінеді.

Әрине, бұл ақпараттың шындыққа қаншалықты жанасатыны белгісіз. Бірақ Мақтааралда «Ким көмектеседі екен» деген сөздердің де алыпқашты әңгіме болудан әріге аспай тұрғаны рас.

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ,

Түркістан облысы

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?