Карантин кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерге банктер екі түрлі көмек ұсынуда

Сайт Әкімшілігі - 17.06.20201197

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова төтенше жағдай мен карантин кезінде қаржылық жағдайы нашарлаған кәсіпкерлерге (шағын және орта бизнес) қосымша қолдау көрсету туралы бұйрыққа қол қойды.

Бұйрыққа сәйкес, төтенше жағдай және карантин кезінде қаржылық жағдайы нашарлаған кәсіпкерлер банктік несиесі және жұмыс істеу үшін берілген шағын несиені өтеу мерзімін кейінге қалдыру немесе оны қайта қаржыландыруға өтініш бере алады.

Егер төтенше жағдай және карантин кезінде кәсіпкердің қаржылық жағдайының нашарлауының объективті себептері расталса, несиелік мекеме шағын және орта бизнеске көмек көрсетудің екі түрін ұсынады.

Біріншісі. Кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар аясында банктік қарызды және (немесе) микрокредитті жеңілдік шарттармен қайта қаржыландыру. Егер несиелік ұйым мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысқан жағдайда немесе ішкі процедураларға сәйкес заемдарды және (немесе) микрокредиттерді қайта құрылымдау процесіне ілінген болса.

Екіншісі. Қаржылық жағдайды және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру үшін қажетті мерзімге дейін ай сайынғы несие төлемін кейінге шегеру. Егер кіші және орта бизнестің арызында өзге мүдде көзделмесе, кейінге қалдыру мерзімі кемінде 90 күнтізбелік күнді құрай алады.

Мерзімі кейінге қалдырылған төлемдерді несие мерзімі аяқталғанға дейін бөлу түріндегі жаңа төлемдер кестесін құру немесе несие мерзімін кейінге қалдыруға байланысты несиені өтеу мерзімін ұзарту арқылы беріледі, егер банктік несие және / немесе микрокредит беру туралы шартта басқа төлем кестесі көзделмесе немесе шағын және орта бизнестің өтінішінде бұл жайлы көрсетілмесе.

Қайта қаржыландыруға немесе кейінге қалдыруға өтініш, қаржылық жағдайдың нашарлауын растайтын құжаттармен бірге кәсіпкерлер несие мекемесіне 2020 жылдың 16 маусымынан 2020 жылдың 15 қыркүйегіне дейін ұсынуға болады.

Өтінішті қарау өтініш түскен күннен бастап 20 жұмыс күнінен аспауы керек және кәсіпкердің жағдайы нашарлағанын растайтын құжаттар несиелер мен (немесе) микрокредиттерді қайта құрылымдаудың ішкі тәртібінде қарастырылған құжаттардың толық тізбесіне сәйкес келуі тиіс.

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?