Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі - 18.06.20204445

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Еуразиялық одақ тарапынан жасалған қитұрқылықтар кесірінен тығырыққа тірелді. Мәселе оңтайлы шешілмесе, ұлан-ғайыр даламызда теміржолмен жүк тасу құқығын «Ресей темір жолдары» компаниясы иемденуі бек мүмкін.

Еуразия экономика одағы (ЕАЭО) мүшелері арасындағы өзара паритеттік (тепе-тең) серіктестік туралы сөз қозғаудың өзі ерсі болып барады. Қабылданатын заңнамалар көбіне Ресейдің мүддесін көздейді. Бұрын жыл сайын жүздеген миллиард теңге пайда тауып келген отандық теміржол саласы ЕАЭО аясында сәйкестендірілген тарифке көшкеннен бері кері кете бастады. Мысалы, 2017 жылы «Қазақстан темір жолы» компаниясының пайдасы 3,5 есеге кеміп, бар болғаны 12,9 млрд теңгені құраса, 2018 жылы 70 млрд, 2019 жылы 86 млрд теңге шығынға батты. Жалпы, теміржол арқылы жүк тасымалы бойынша «сәйкестендірілген (біріздендірілген) тариф» деген қайдан шыққан еді? Алдымен сол мәселеге тоқталайық.

  2012 жылы Кедендік одақ аясында Қазақстан, Ресей және Беларусь бірлесіп, «Теміржол көлігі қызметіне тарифтік саясат негіздерімен қоса, қолжетімділікті реттеу туралы» келісімге қол қойды. Қазақстан парламенті 2013 жылдың 1 қаңтарында осы мәселе бойынша арнайы заңды қабылдап, келісімді мақұлдады. Кейіннен, 2015 жылы құрамына Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения мен Қырғызстанды біріктірген Еуразия экономикалық одағы мүшелері де біртіндеп осы сәйкестендірілген тарифке көшті. 2017 жылы Қазақстан Қырғызстан аумағына кіретін және одан шығатын теміржол тасымалын сәйкестендірілген тарифке көшірген бойда ҚТЖ 42 млрд теңге пайдадан қағылды. 

  ЕАЭО сотының үлкен алқасы «сәйкестендірілген тарифті әр мемлекет өзі қарастырады, үкімет тарапынан жасалатын протекционизмнен барлық мүше-мемлекеттер (экономикалық қолдау) өз еріктерімен бас тартты» деп хабарлады. Бірақ шын мәнінде олай емес. Өйткені «Ресей темір жолдары» компаниясы Кузбасстан таситын көмір мен Алтайдан алатын бидай үшін тарифін барынша төмендеткен. Мұндай нәрсені Ресей осы одақтың кез келген мүшесінен талап ете алады. Ал Қазақстанның көмірі мен бидайын Ресей арқылы Беларусь, Арменияға тасымалдағанда сәйкестендірілген тарифтің «ресейлік үлгісі» жұмыс істемейді. Біздің жүкке көптеген алым-салық қосылып, қымбаттап шыға келеді. «Ресей темір жолдары» компаниясы  жүк тасымалы үшін сәйкестендірілген тарифті қалауынша өзгертіп, жүк тасымалындағы өз мүддесін қорғап отыр. Бұл әрекет ЕАЭО қабылдаған келісімдерге кереғар. Бірақ оған терістік көрші пысқырып та отырған жоқ. Яғни мұндай экономикалық саясат тек «Ресей темір жолдары» үшін ғана тиімді. Бұл тығырықтан шығу үшін «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры  ҚТЖ басшылығына Германиядан топ-менеджерлерді жалдады. Сол-ақ екен, ресейшіл мүддені күйттейтін басылымдар ақпараттық шабуылды боратып жіберді. Оның көпшілігі тапсырыспен жазылғаны мәлім.

  Ал жаңа топ-менеджмент таяуда үкіметке ҚТЖ атынан сәйкестендірілген тариф қағидатын өзгерту туралы өтініш жазды. Жалпақ тілмен айтқанда, сәйкестендірілген тарифті барлық бағыт бойынша транзиттік тариф деңгейіне дейін көтеруді сұрайды. Өйткені сәйкестендірілген тарифтен келген шығындарды ҚТЖ осы уақытқа дейін транзиттік және импорттық тарифтің есебінен жауып келді. Ал қазір транзиттік және импорттық тариф бойынша мұнай өнімдерін тасымалдау мүлдем тоқтады. 2019 жылы жүк тасымалының 78 пайызы өзінің құнынан төмен, ЕАЭО-ның сәйкестендірілген тарифімен тасымалданған.  «Егер транзиттік және сәйкестендірілген тариф деңгейін салыстырар болсақ, онда соңғысының төрт есе қалып кеткенін байқайсыз. Мысалы, көмір – 10,3, темір рудасы – 8,9, бидай – 8,8, химиялық және минералдық тыңайтқыштар мен түрлі түсті руда 8 есе төмен. Сондықтан транзиттік тарифтен түсетін табыстың есебінен реттелетін тарифті субсидиялауға мәжбүрміз», – дейді ҚТЖ ұлттық компаниясының экономика бойынша басқарушы директоры Шолпан Омарбекова.

     ҚТЖ сәйкестендірілген тарифті жылдамырақ, Өзбекстан  Еуразия экономикалық одағына кірмей тұрып өзгертуді көздейді. Бұл мәселе техникалық тұрғыда көтерілетін және төмендетілетін тариф ретінде көрініс табуы керек. Оған дәйек ретінде «Ресей темір жолдары» компаниясының экспорттық жүк тасымалына қосқан салықтарын алға тартқан. Ал Ресей мысалын «сорақылық» деп есептемейтін кейбір сарапшылар ҚТЖ көтерген мәселені Еуразиялық одақтың келісімін бұзу деп есептейді. Баз бір ақпарат құралдарының  айтуынша, барлық бағыттағы жүк тасымалы екі есеге, ал  отандық тауар өндірушілердің өнімдері бірнеше есеге қымбаттап кетуі мүмкін екен.

    Қалай болғанда да, одақ ішінде құрылған қақпан ұлттық компанияға зияннан басқа ештеңе әкелмейді. Ал оның алдағы тағдыры үкіметтің қолында. Үкімет кімді таңдайды? Отандық тасымалдаушыны ма, әлде «Ресей темір жолдарын» ба? Оны көп ұзамай білетін боламыз.

Тоқтар ЖАҚАШ 



Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?