Қазақ неге өспейді?

Сайт Әкімшілігі - 18.06.20204162

 Исі қазақтың  талайына жазылғаны  сол ма, әйтеуір, өсім беруге келгенде сәйгүліктей бауыры жазылып,  бір  көсіле алмады. Өсуімізден өшуіміз  көп, өксігіміз  одан да көп   ұлт екенбіз. Салыстырмалы  түрде  алып қарайтын  болсақ, көрші  жатқан,  тамыры  бір ала  шапанды  өзбектер   тәуелсіздік алған  1991 жылы 17 миллионға  да жетпейтін  ел еді.  Бүгінгі күні  ресми түрде  33 миллионның  ар жақ,  бер  жағында. Ондағы  жұрттың төрттен үші өзбектер. Ал біз  ше? Тәуелсіздік  қарсаңында 16 млн-нан  сәл ғана асатын едік. Бір сөзбен айтқанда, өз-ағам өзбекпен шамалас  болдық. Қазір  ше? Бүгінде Өзбекстан халқының  ұзын  саны 33 млн-ға  жетіп жығылады  Ал  кеше ғана  ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті Қазақстанның халық  саны 18 711,2 мыңға  жетті деп жариялады. Енді  салыстыра  беріңіз, қай елдің  халқы  өскенін.  Сонда  деймін, өзбектің  еркегі асыл, әйелдері жатырлы да,  қазақтың ері белсіз,  әйелі  жатырсыз  болып  шыққаны  ма?

 Әрине, Қазақстан тәуелсіздік алғалы 4 миллионға  тарта славяндар және өзге де ұлттар өздерінің тарихи Отанына көшіп кетті  деген уәж айтылар. Дұрыс. Мұндай  үрдіс Өзбекстанда да  болды. Десе де, өзбек  халқы тез  өсім берді. Біз  болсақ  көшіп кеткендердің  орнын атамекенге  оралған  қандастармен һәм азды-көпті жергілікті  халықтың  өсімімен әупірімдеп толтыра алдық. Қазір елдегі 19 млн-ға тарта халықтың 12,5 миллионы  қазақтар. Ал  Өзбекстан  халқының 85  пайыздан астамы өзбек. Бұл қайдан  шықты? Осы  жерде  бұ  қазақтың  өзбектен  несі кем деген сауал  туары  анық. Әрине, мынаны еске алуға  тиіспіз. Қазақ  ұлты тағдырдан көп таяқ жеді: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, 1918-20 жылдардағы ақ пен қызыл айқасы, 1921-22 жылдардағы аштық, одан кейінгі тәркілеу,  колхоздастыру, үркіншілік, 1931-32  жылдардағы ашаршылық, 1937-38 жылдардағы саяси қуғын-сүргін, 1941-45  жылдардағы  Екінші дүниежүзілік соғыс (Ұлы  Отан соғысы) – осының  бәрі исі  қазақтың  өсуіне үлкен  бөгет болды. Миллиондаған боздақ  қырылды, аштан  өлді. Мұндай зұлмат-нәубеттер болмағанда қазақтың  ұзын  саны 30-40 миллионның  ар жақ, бер жағында  болар ма еді?! Бірақ  ондай бақытты Алла қазаққа жазбапты.

   Айтқымыз келгені – өткен  тарих емес, тәуелсіздіктен  бергі кездегі халықтың  өсу  саны. Сонымен,  өзбек  озды,  қазақ кейін  қалды. Неге? Тәуелсіздік қарсаңында екі елде де халық  саны  (16-17 млн) орайлас еді. Бәлкім, бұл  мемлекеттердің  ұстанған  саясатына да  байланысты  болар.  Айтпағымыз – бір  ұлттың екінші  ұлтты «жұтып»  қою  саясаты. Жалпы, бір ұлттың екінші бір ұлтты «жұтып» қоюы, яғни өзіне сіңіре отырып «бір ұлт, бір дін, бір халық» атануы тарихта бар дүние. Өзге әлемді ысырып қойып, қоңсылас отырған қытайдың, өзбектің, орыстың арғы-бергі тарихына көз салар болсақ, бұл ұлттардың өзге ұсақ халықтарды «жеп» қоюда өте «тәбетті» екенін байқауға болады. Өз заманында арыстанша ақырған ғұндарды, күнше күркіреген түріктерді іштен іріте отырып, бәрін болмаса да, жартысын Қытайдың жұтып қойғаны белгілі. Сол секілді орыс патшасының отарлау саясатының құрбаны болған Сібірдегі қаншама ұсақ ұлттар дінінен, тілінен, ділінен айырылды. Орысқа сіңіп кетті. Тіпті аты-жөндеріне дейін өзгертті. Сол секілді бүгінде 33 миллионға жетіп отырған өзбектер де өзге ұлтты «алашапанды өзбек» етуге келгенде өте белсенді болды. Ал, шындығында, өзбектің құжатын көтеріп жүргендердің арғы тегін тексеретін болса, онда олардың шамамен 25-30 пайызы тәжік, шамамен 10-15 пайызы қазақ  және  т.б. ұлттар болып шыға келері анық. Бірақ олардың бәрі өзбекке тастай батып, судай сіңіп кеткендер. Міне, бұл өзгені жұта отырып, әлеуетті күшке айналудың бір қыры.

   Осы орайда, қазақ неге «тәбетсіз» деген ой қылаң береді. Расында, неге? Әйтпесе 130-дан астам ұлт өкілдері өмір сүріп жатқан мемлекет емеспіз бе? Бәрін болмаса да, біразын қазақ атандырып жіберуге шамамыз келмес пе еді?   Кейбір деректерде еліміздегі  қазақтардың үлесі 70-75 пайыздың көлемінде деп көрсетілген. Мейлі, қалай десек те, өз жерімізде басымдыққа ие ұлт екеніміз әмбеге аян. Солай бола тұрса да, азын-аулақ өзге ұлт өкілдерін өзімізге неге сіңіре алмай отырмыз? Не бөгет? Жүргізіліп отырған саясат па, әлде өзіміздің енжарлығымыз, қырсыздығымыз ба? Дұрысы, биліктің  ұстанған  саясаты  деуге  болар. Өйткені Қазақстандағы ешқандай ұлтқа басымдық бермей, бәрін тең ұстау керек деген ұстаным бар. Тіпті өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін, тілін, дінін дамытуға рұқсат етілген. Арнайы орталықтары  бар,  мектептер ашып  қойылған.  Мұндай  жағдайда  өзге ұлтты сіңіріп, «жұтып»  қою мүмкін  бе?  Әрине,  жоқ. Демек,  Қазақстан халқы «үлкен  қазаққа» айнала алмай жатуы да  осында.

    Әрине, бәріне  билік кінәлі дей  беруге  болмас, бұл  жерде ұлттың да  кінәсі  бар.  Мәселен,  өз әдет-ғұрпымызға, салт-дәстүрімізге өткеннің сарқыншағы деп менсінбей қарауымыз. Екіншіден, қазақ және орыстілді болып бөліну. Елдің мемлекеттік тілі атанып отырған ана тілімізді үшінші сорттағы (орыс, ағылшын тілінен кейін) тіл ретінде қабылдауымыз. Тіпті қазақтардың біразының өз ана тілін білмеуі, біліп тұрса да, өзге тілге бейімділік танытуының өзі өзгелерді кері тебуге себеп болып отыр. Қысқасы, мұндай жағдайда өзге ұлтты өзімізге сіңіру мүмкін бе? Әрине, жоқ. Керісінше, біз өзге ұлттың жемсауына түсіп бара жатқандаймыз ба, қалай?

    Ал өзбек  билігінің  өзге  ұлттарға  деген саясаты өзгеше болды. Жалпақшешейлік  қалып танытпады. Өзбек  тілін білуді  міндеттеді, құжатында  өзбек  деп жазылса, жақсы  жұмыс,  билік тармақтарында  өсуге  мүмкіндік жасалды. Бұл  жерде  өз  тарихи  Отанына кете алмаған өзге  ұлт  өкілдеріне  амалсыз  һәм мәжбүрлі  түрде өзбек  болып жазылуға тура келді. Біздің билік олай  жасай алмады. Өзбектен кемдігіміз осы. Өспеуіміздің бір  ұшы  осында  жатыр.

Күлтегін БЕК,

«Жас Алаш»

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?