Әкемнің әңгімесі

Сайт Әкімшілігі - 19.06.20201935

Бала кезімде әкемнің соғыс туралы айтқан әңгімелерін тыңдағанды жақсы көретінмін. Ең қызығы, қаланың не жердің, адамдардың аттары есімде толық қалмаса да, айтылған оқиғалардың  барлығы жадымда шашау шықпастан сақталған. Әкемнің төрт жыл соғыста көрмегені жоқ. Соғысты 1941 жылы 22 маусымда шекарада бастап, 1945 жылы 9 мамырда Берлин қаласында аяқтауы, майдан жылдары сан түрлі салада қызмет етіп, танк те айдап, «Катюшаның» да жүргізушісі болғаны, бірде генерал Доватордың атты әскерінде болып, енді бірде Белоруссияның ормандарында партизан болғаны, т.с.с. оның әңгімелерін жандандыра түсетін. Өкінішке қарай, орден-медальдарын әжеміздің шашпауынан ғана көрдік, бірақ қара санындағы және жауырын тұсындағы оқтың тыртықтары мен бомбаның жарықшағынан орылып түскен үш саусақтың басы мен үшін орденнен де артық болатын.

 «Бізді әскерге 1939 жылы шақырды, – дейді әкем, – ол уақытта қазіргідей нақты бір мерзім жоқ болатын, әйтеуір, осы күзде қайтаруы мүмкін деп жүргенбіз. Шынымызды айтсақ, соғыс болатынын білгеніміз де, сезгеніміз де жоқ. Құдай өзі кешірер, қайта соғыс болып, ерлік жасап, жауларымызды қырып, батыр болып қайтсақ деген ой бар еді. Әлі есімде, 1940 жылдары біздің бөлімге Финн соғысына қатысқан командирлер келе бастады. Солардың әңгімелерін тыңдап, «қап, финдермен соғыстың тез бітіп, біздің қатыса алмай қалғанымызды қарашы, көрсететін едік...» деп өкінетінбіз. Қайдан білейік, алдымызда төрт жыл қан майданның күтіп тұрғанын.

  Біздің бөлім бұрынғы Польша елінің жерінде, шекарадан 5-6 шақырым жерде орналасқан болатын. Ұмытпасам, бізге жақын қаланың аты – Белосток. Көктемде полкқа 30-ға жуық жаңа машина келген. Мен соның бірінің жүргізушісімін. Тұрған жеріміз көк майса, шоқ-шоқ орманы бар, табиғаты тамаша жер. Машиналар ангарда, ал біз көше сияқты қатар-қатар орналасқан әскери шатырларда жатамыз.

  Таңертең алапат басталды да кетті. Бомбалар да жарылып жатыр, төбемізден пулеметтер де атқылап жатыр. Есімізден танып қалдық. Шатырдан қалай атып шыққанымды өзім де білмей қалдым. Әйтеуір, етігімді аяғыма сұғып үлгеріппін. Бірінші болып көзіме түскені – көше сияқты екі қатар болып орналасқан шатырлардың арасынан мен білмейтін машинаның асықпай, екі жағына оқ жаудырып келе жатқаны. Көк шөптің үстінде аппақ болып баудай түсіп жатқан жауынгерлер. Ол уақытта әскерде ішкиім, мәйкі болмайтын, жаздық көйлек-дамбалдың барлығы ақ түсті. Әскери дабыл бойынша ангардағы машиналарға ұмтылдым. Мен барғанша бомбаның астында қалған машиналардың төрт-бесеуі ғана сау сияқты. Құдайға шүкір, менің машинам аман екен. Машинаға отырып, оталдырғыш стартерді басайын десем, қорқыныштан аяғым дірілдеп баса алмаймын. Екі қолыммен аяғымды ұстап, күштеп басып зорға оталдырдым да, ангардан шығып үлгердім. Менің алдымда бір ғана машинаның шыққанын байқадым. Дабылдың алдын ала дайындалған ережесі бойынша, 7-8 шақырымдағы офицерлердің қалашығына тарттым. Мен келгенде (алдымдағы машина да осы жерге келіпті) офицерлердің әйелдері, бала-шағалары үрпиісіп, үйлердің арасындағы алаңқайға жиналып тұр екен. Шамасы 50-60-тай адам, арасында екі-үш офицер, он шақты қарусыз жауынгер де бар.

    Менің машинама жүгіріп келген дәрігер майор: «Әйелдер мен балаларды отырғыз!» – деп бұйрық берді. Мен машинаның артын ашамын дегенше, адамдар жүктерін көтеріп, лық толып мініп алды. Майор қасыма келіп, «Машинаға қанша адам сыяды?» деп сұрады. «Отыз» дедім. Екеуміз де машинаның үстіне қарадық. Чемодандары мен буыншақ-түйіншектері, велосипедтері бар, жиырмаға жетпейтін адам отыр екен. Қасымдағы майор «жүктерді лақтыр» деп бұйрық берді. Әйелдердің айқайлары мен балалардың жылап-сықтағанына қарамай, жүктерді жерге лақтыра бастадым. Чемодандар ашылып, дүние-мүліктер шашылып жатыр. Бір чемоданнан су жаңа әскери гимнастерка мен шалбарды көріп қалған майор қолымен нұсқап, «тез киініп ал» деді. Сонда ғана ішкиіммен тұрғаным есіме түсті.  Қысқасы, орындарды босатып, тағы да сыйғанынша бала-шағаны отырғыздым. Көпшілігі машинаға сыймай қалды. Ал екінші машинаға жауынгерлер мен офицерлер отырып, майдан жаққа бет алды. Қару-жарақсыз өлімге кетті.

    Ал біз Белостокқа жол тарттық. Бұл – 22 маусым, таңғы сағат алтының шамасы болу керек. Төрт жылдық қырғынның алғашқы күні, алғашқы сағаты осылай басталды. Сол күні 1000-нан астам адамы бар полктан екі-ақ адам тірі қалған сияқтымыз».    

* * *

      Соңғы уақытта Ұлы Отан соғысына деген түрлі көзқарас көбейіп келеді. Уақыт өткен сайын өмір де өзгереді, сонымен қатар, өкінішке қарай, көп жағдайда саясаттың қолбаласы қызметін атқаратын тарихқа деген баға да басқаша сипат ала бастайды. Біреулер «бұл біздің соғыс емес, оны атап өтудің, оған мақтанудың, соған қатысқан азаматтарды марапаттаудың қажеті жоқ» десе, енді біреулер «осы зұлматтың кінәлісі – Германия мен Кеңес Одағы, ал біз солардың қосағында кеткен елміз» деп, соғысқа қатысқанымыздың өзі ұялуға тұратын мәселе сияқты күйге түсіреді. Енді біреулер «Германияны жеңдік деп мақтанамыз, қазір сол немістерің бізден жүз есе жақсы тұрады. Жеңбей-ақ қоюымыз керек еді, мүмкін, беріле салғанда қазір біз де сондай жағдайда болар ма едік» деген ойды бықсытады.

Меніңше, бір нәрсені мойындауымыз керек сияқты. 1917 жылдың қазан айынан бастап, 1991 жылдың желтоқсанына дейін біз заң жүзінде де, іс жүзінде де Советтік Социалистік Кеңестер Одағы деп аталатын елдің құрамында болдық. Тоталитарлық жүйенің, коммунистік идеологияның зардаптарын бірге көрдік. Отанымыз ортақ болды. Демек, сол кезеңдегі Құдайдың басымызға салған, болған барлық қиыншылықтар, оның ішінде Ұлы Отан соғысы бәрімізге ортақ. Соғыс салған қайғы-қасірет те, Жеңістің қуанышы да бәріміздің ортақ  қасіретіміз, бәріміздің ортақ мақтанышымыз болып саналады. Қазақ халқы бұл соғыста да өзінің батыр, қайсар, өжет екенін көрсетіп, ұлтты ұятқа қалдырған жоқ. 

 Енді неліктен Ұлы Отан соғысына деген қалыпты көзқарас өзгеріске түсе бастады дегенге келейік. Біріншіден, Кеңес өкіметі кезінде айтылмайтын талай шындық, оның ішінде Батыс Украина, Батыс Белоруссия, Балтық жағалауындағы елдердің нақты тарихы кеңес жүйесіне қарсы жүргізген ұлт-азаттық күрестерінің шындығы ашылды. Олардың Ұлы Отан соғысына деген көзқарастары мүлдем бөлек болып шықты. Екіншіден, темір жамылғы ашылып, тарихтың әлемдік деңгейдегі шындығымен танысуға мүмкіндік туғанда, Гитлер мен Сталиннің келісімі, Польшаның бөлінуі, Тынық мұхит пен Африкадағы ұрыстар сияқты бұрын біле бермейтін деректермен танысып, соғыстың «немістер» мен «советтермен» шектеліп қалмағанына көзіміз жетті.  Үшіншіден, мүмкін, ең басты себептің өзі болар, Кеңес Одағының ресми мұрагері болып саналатын Ресей идеологиясы Жеңісті меншіктеп, өзінің ұлыдержавалық идеологиясының басты тәсіліне айналдыра бастағанын көрдік. Мойындауымыз керек, кеңес жүйесі кезінде де мұндай «бөле тарту» бар болатын; егер қазақ ерлік жасаса, оның суретінің астына «Кеңес Одағының батыры теңдесі жоқ ерлік көрсетті» деген сөздер жазылса, орыс азаматының суретінің астына «Орыс қаруы әлемде теңдесі жоқ» деген сөз жазылатын. Мәскеудегі Жеңіс парады – Ресей қаруының, әскери күшінің көрсеткіші болып қабылданатын болды. Жеңіс күні тағатын лентадағы белгі – патшалық Ресейдің басқыншы әскерлеріне берілетін марапаттың  көшірмесі болды, т.т.

    Ұлы Отан соғысына қатысты қоғамда көтеріліп жатқан кейбір мәселелермен де келісемін; шындығында да, бұл зұлматтың Екінші дүниежүзілік соғыс деп аталуы керек екенімен келісемін, Жеңіс күнінде патшалық Ресей қарулы күштерінің белгісі болып табылатын «колорада қоңызы» лентасының таралуына да толығымен қарсымын. Мәскеуді қорғаған қазақстандық жауынгерлердің ескерткіші Алматыда емес, Мәскеуде тұруы керек (олар Мәскеуді емес, өздерінің сол кезеңдегі Отаны – Кеңес Одағын қорғады) және мәскеуліктер оларға ескерткіш орнатып, тағзым еткені дұрыс деп білемін.

Дос КӨШІМ


Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?