Семейде тағы екі адамды ұстап әкетті

Дерек көзі: www.azattyq.org - 12.05.2018100

Семейде 10-ы мамыр күні «саяси тұтқынларға» бостандық сұрап алаңға шыққан азаматтар қамалып жатыр. Бұл туралы zhasalash.kz сайтының өңірдегі тілшісі хабарлайды. Фарит ИШМҰХАМБЕТОВ пен Арсен ҚҰДАБАЕВ  Семейдегі орталық мешіт жанында ұсталып,  әкімшілік соттың шешімімен үш тәулікке қамалды. Оларға  488 баптың  1- тармағы бойынша айып тағылды. ЖСДП-ның жергілікті мүшесі Роллан МАШПИЕВТЫҢ айтуынша, ұсталғандар қатарында басқа да азаматтар бар. Азаттық радиосының хабарлауынша, Бішкекте қазақстандық блогер Мұратбек ТҰҢҒЫШБАЕВ та ұсталды. Оған Қазақсатнда экстремисттік ұйым деп жарияланған ҚДТ (ДВК) қолдады деген айып тағылған. Блогер екі айға қамауға алынды. Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Семей қаласы

Фото: zhasalash.kz

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.