«Құнанбайдың шынайы фотосы жарты ғасыр менде сақтаулы»

Сайт Әкімшілігі - 23.06.202016033

 Манатай Балтақайұлы – Абай ауданы Қарауыл ауылында тұратын ардақты ақсақалдардың бірі. Көрген-түйгені көп, айтары мол қарияның үйіндегі құнды қазына – Құнанбай Өскенбайұлының шынайы фотосуреті. «Мен бұл жәдігерді ешкімнен жасырып отырғаным жоқ. Тек Ақшоқыда салынып жатқан Құнанбай музейіне осы тарихи жәдігер қойылса деген ғана тілегім бар», – деді ақсақал үйіне арнайы сәлем бере барғанымызда. Қабырғада ілініп тұрған фотосуретті қолымызға алған соң, Манатай қарт оның тарихымен таныстырды.


   – Мен, негізі, Құнанбай бабамыздың немере туысы болып келемін. Таратып айтсам, Ырғызбай бабамыздан Өскенбай мен Мырзатай туады. Өскенбайдан Құнанбай, одан  Абай туғаны белгілі. Ал Мырзатайдан Жұман, Толғанбай, Толғанбайдан Балтақай, Балтақайдан мен дегендей... жалғасып, аталас, немере туыс болып келеміз. Бұрынғы қарттардан еститінбіз, Өскенбайдың жылын берерде Құнекең Мырзатай бастаған ағайынға: «Мен шаруашылықпен жүріп кейбір жайларды ескере алмай қалуым мүмкін. Мырзаға, осы шаруаны атқаруға өзіңіз ие болыңыз», – депті. Сонымен, асқа сойыс малын апару, киіз үй тігуді қамдау, асқа келгендерді орналастыру –  бәрінің басы-қасында Мырзатай жүргенін үлкендерден естіп жүретінмін, – дейді Манатай Балтақайұлы.

     Ал әңгіменің негізгі өзегі Құнанбай фотосуретіне ауысқанда көпшілік біле бермейтін біраз сырдың шымылдығы ашылды. Айтуынша, осы уақытқа дейін Құнанбай Өскенбайұлының іске татыр шынайы фотосуреті болмаған. Тіпті Құнанбайдың қай көзі соқыр болғаны туралы да анық деректі ешкім айта алмайды. Құнанбайдыкі делінген фотолардың ешқайсысы шындыққа сәйкес келмейді екен.

   – Мұхаңның «Абай жолы» романында Құнекеңнің Сүйіндікке қарап сөйлейтіні бар ғой. Кейбір фотозерттеушілер сол эпизодқа қарап бейнесін жасағандай болыпты. Әуезов сол сәттегі Құнанбайдың көңіл күйін берген. «Шыңғыстың өңіріндей...» деп бет әлпетін айтатыны бар ғой. Шын мәнінде Мұхтар Омарханұлы Құнанбайды кер заманға сай, образын толық ашып бере алған жоқ. Анығында, ол Құнекеңнің қандай қайраткер болғанын жақсы білді. «Біз Құнанбайды білмей, Абайды білуіміз қиын» деп, өзі де айтып кеткен. Оның астарынан «айта алмай отырмын» дегенін ұғуға болады. Құнанбайдың қайраткерлігі, ел ішіндегі ықпалы, көрегендігін ел енді біліп, мойындап жатыр. Меккеде қонақүй салдыруы, балаларын білімді игеруге талпындыруынан талай жайды ұғуға болады.

  – Мына фотосурет сіздің қолыңызға қалай түсті?

  – Шәкәрімнің баласы Ахат 1960 жылдары осында, Абай жеріне көшіп келді. Абай музейінің Жидебай филиалында жұмыс істеді. Ұлы ақынға қатысты көптеген дүниелерді, жәдігерлерді жинақтап, біршама жұмыс істеді. Әкесі Шәкәрім Құдайбердіұлына қатысты дүниелерге де кеңінен ден қойды. Шәкәрімнің ақталуы үшін барын аяған жоқ. Сонымен бірге өзі де Құнанбай туралы естелік кітап жазды. Соған қажетті материал іздеп, Омбыға дейін барғанын білемін. Сол сапарында Омбы архивінде сақталған Құнанбайдың жеке бас ісінен (личное дело) осы суретін тапқан екен.

  – Бұл қай жылдар шамасы?

  – Жаңылмасам, Омбыға 70-жылдардың ортасына қарай барды. Содан осы фотосуретті алып, үш-төрт дана етіп көбейтіп, рамкаға салып алып келді. Туыстарға әкеп таратты. Біреуін маған берді. Біреуін Шағатай туысымызға берді. Тағы кімдерге бергенін білмеймін. Кейіннен сұрастырып едім, Семейде тұратын жазушы, өнертанушы Арғынбек Ахметжановқа беріпті. Оларда қалған-қалмағанында шаруам жоқ. Бірақ бұл фотосурет, міне, 50 жылға жақын уақыт менде сақтаулы. Бұл – сөзсіз, Құнанбайдың анық фотосы. Ахат Шәкәрімұлы тауып, өз қолымен әкеліп берді.

  – Бұл суретте Құнанбай бабамыздың екі көзі де анық байқалады ғой. Демек...

  – Көзі соқыр болған деген жаңсақ әңгіме. Жоғарыда айтып өткенімдей, Ахат Құнекең туралы естелігінде оны кәдімгідей суреттейді. Ол кезде Омбыға әлі бармай тұрған шағы. «Көзінің қарашығында тарының үлкендігіндей ғана ағы бар. Шешектен қалған шұбары бар. Бірақ оның бәрі білінбей кетеді» деп баяндайды. Ол кісі өмірі атын атамай, Құнекеңді «тәтем» деп отыратын. Үлкендер жағы «қажы» деп айтатын. «Мырзам» дегендер де болған.

    Манатай Балтақайұлының сөзінен ұққанымыз – бұл фото Құнанбай Өскенбайұлының анық суреті. Ахат Шәкәрімұлының жаңылысып беруі мүмкін емес. Ал кейбір басылымдарда арагідік шығып қалатын Құнанбайдың Нұрғаныммен отырған суреті тарихи шындыққа қайшы келеді. Оның Құнанбай Өскенбайұлы емесін Ахат Шәкәрімұлы да айтып кетіпті.

     Сонымен, осынау құнды жәдігер Манатай ақсақалдың үйінде сақтаулы тұр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Семейге келген сапарында: «Ұлы Абайды ұлықтағанда оның әкесі Құнанбайдың ел тарихындағы еңбегін ұмытпауымыз қажет», – деген болатын.  Осы орайда, көпшілік әлі күнге дейін біле бермейтін осынау жаңалықты жұртқа тезірек жеткізгенді жөн көрдік.   

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ

Шығыс Қазақстан облысы


Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?