Мүгедектер сотталмай ма?

Сайт Әкімшілігі - 23.06.20201928

Ел түрмелерінде мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалмаған

     Қарағандыда облыс әкімінің бұрынғы кеңесшісі,  «Лайықты өмір» қоғамдық бірлестігінің бастығы Александр Ивкин сотталды. Арбаға таңылған мүгедек Александр Ивкинге «алаяқтық жолмен 160 млн теңгені жымқырды» деген айып тағылған. Былтырдан бері тергеліп жатқан шулы іске жақында сот соңғы шешімін шығарды. Ірі көлемдегі қаражатты талан-таражға салды деп айыпталған І топ мүгедегі Александр Ивкин бес жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сот үкімімен келіспеген Александр Ивкин:  «Өмір бойы мүгедектер құқығын қорғап келдім, сол белсенділігімнен жаза тартып отырмын», – деген пікір білдірді.

     Шын мәнісінде «Лайықты өмір» қоғамдық бірлестігінің басшысы Александр Ивкин билік пен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында дәнекер бола білген. Ол мүгедектерге «инвотакси» ұйымдастыруды, тегін жаялық беру мәселесін шешуде құжаттар жинап, бұл ұсынысын билікте отырғандарға ұтымды жеткізе білген.  Дегенмен тергеу орындарының мәліметінше,  Александр Ивкин мүгедектердің жеке көмекшісіне сағатына төленетін 279,54 теңгені  құжатта қасақана 257,19 теңге деп көрсеткен. Сонымен қатар мүгедек көмекшілерінің қызмет  көрсететін сағатын ұлғайтып жазып қойған. Осылайша артық есептеліп келген мемлекет қаражатын жымқырып отырған. Дегенмен ол бұл айыбын мойындамады.

    Сот шешімі шыққан күні залда тұтқындалған Александр Ивкинді  түрмеге жеткізу жасақ қызметі үшін үлкен мәселеге айналды. Далаға мүгедек арбасымен шыққан айыпталушыны мамандар  жарты сағат бойы түрмеге апаратын көлікке  отырғыза алмай әуре-сарсаңға түсті. Түрмеге алып барғанда оның алдында біршама уақыт күтіп тұруға тура келген. Осы аралықта тіпті мүгедектің қан қысымы көтеріліп, жедел жәрдем шақыртқан. Ақыр соңында Александр Ивкиннен коронавирусқа қарсы сараптама алынып, оның қорытындысы шыққанша екі-үш  күнге үйіне жіберіпті. Айыпталушының коронавирусқа шалдықпағаны нақтыланған соң ғана түзету мекемесіне жеткізілген.

    Бір апта өткен соң мүгедекке адвокатымен онлайн режимінде тілдесуге мүмкіндік берген. Александр Ивкин Қарағанды түрмесінде мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына мүлдем жағдай жасалмағанын мәлімдеген. Түзету мекемесінде мүгедек арбасы үшін пандус қойылмаған. Ол түрмеге түскенде бес адам жабылып жүріп төртінші қабатқа әзер шығарыпты. Мүгедек арбасына арналған жол болмағандықтан,  оған тек дәлізге ғана қыдырып шығуға рұқсат етілген. Сонымен қатар Александр Ивкин дәретхана мен жуынатын бөлмеге мүгедек арбасы кіре алмайтындықтан, қиындық туындап жатқанын мәлімдеген. Оның қасына көмектесуге санитар бөлген, алайда Александр Ивкиннің салмағы 120 келі болғандықтан, оған да қызмет жасау қиынға соғып тұрғанға ұқсайды. «Александр Ивкиннің денесінің кеудеден төменгі жағы жансызданып қалған,  ол тек қолын ғана қимылдата алады. Біз өз тәжірибемізде мұндайға алғаш рет тап болып отырмыз. Түрмеде Ивкин үшін әр бөлменің есігі, дәліздердің көлемі – барлығы мүгедек арбасы үшін сай келуі тиіс. Алайда, оның айтуынша, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін  мүлдем жағдай қарастырылмаған», – деп мәлімдеді А.Ивкиннің адвокаты Екатерина Левицкая.
     Мүгедек сотталушыға алғаш рет кездескен Қарағандыдағы қылмыстық атқару жүйесінің мамандары бұл мәселенің бақылауға алынғанын айтып сендіреді. «Қазіргі уақытта мүмкіндігі шектеулі жанға арналған жеке бөлме жасақталды. Түзету мекемесінде жазасын өтеушілердің арасынан көмектесетін санитар тағайындалған, оған бұл үшін еңбекақы төленеді. Дегенмен ғимаратта жедел саты жоқ, сонымен қатар әр қабатқа көтерілу үшін пандус орнату мүмкін емес, өйткені бұл нысанның техникалық жағынан сәйкес келмейді», – дейді қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Рустам Каюпов.
    Мүгедек арбасымен түрмеге сыймай, тағдырдың тағы бір тақсыретін тартқан Александр Ивкин сот шешімімен келіспей, апелляциялық сот сатысына шағым түсірген. Соңғы үміті сол сотта...

   Арайлым ЕРКЕБАЕВА,

Қарағанды


Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?