Ұстаз жолы- дара жол

Сайт Әкімшілігі - 23.06.2020813

Ұстаз! Осы бір бес әріптен ғана тұратын сөздің астарында теңіздің тереңдігіндей  қаншама мән- мағына, таудың биіктігіндей  ұғым  жатыр. Әр оқушының бойына білім нәрін сеуіп, бұлақ суындай сусындатқан ұстаздың еңбегін ұмыту мүмкін емес. Әрбір шәкірттің өзі сүйген, жылдар бойы тәлім алған ұстазының  аяулы бейнесі көкірек көрігінде, жүрек түбінде сақталуы заңдылық деп білемін. Ұлы ұстаз алдынан өтпейтін ешбір пенде жоқ, ғалым, дана да, ақын, әнші де, барша адамзат баласы ұстаз алдынан білім нәрімен сусындаған. Петропавл қаласындағы Әбу Досмұқанбетов атындағы қазақ орта мектеп- интернатының болашаққа құлаш сермеп, арман қуып кеткен 1988 жылғы түлектері өзіміздің аяулы да ардақты ұстазымыз, тәрбиешіміз Мұстафин Бекет Салықұлының 65жылдық мерейтойы қарсаңында жылы лебіздерімізді айтып, құттықтағымыз келеді. Неше жылды артқа тастап, мектеп бітіргелі  30 жылдан артық уақыт өтті. Сағындырған кездер- ай, қайта оралмас мектеп өмірі әркімнің есінде қалатын бақытты балалық шақтың белестері емес пе? Негізгі мектепті бітіріп, бәріміз үлкен қалаға жол тартып, алғаш интернат табалдырығын аттағанда ең бірінші жылы шыраймен қарсы алған ұстазымыз Бекет ағай болатын. Облыстың  әр ауылынан келген қара домалақ ұл-қыздарына  өмірдің қыр- сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге жол көрсетіп, жан дүниемізге мейірім шуағын таратып, адамгершілікке баулыған ұстазымыздың еңбегі біз үшін ерекше.  Көңілі пәк,  ойы терең, жүрек нұрынан өз жемісінің  өнімін көру әр ұстаздың арманы емес пе? Жарқын жүзді, «қатал» мінезімен бізді бір ортаға жинап, ақыл айтып, тәрбиелеген кездері әлі де есімізде.Ұстаздық пен тәрбиешілік қызметті қатар ұстап, бала жүрегіне жол таба білген ағайымыздың асыл қасиеттері өзінің ата- анасынан дарыған. Физика және астрономия сырлары мен құпияларын терең меңгере білуге үйретумен қатар, тәрбиені ұштастыра білді.   «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, Бекет ағайымыздың ұлағатты ақыл сөздері әр шәкіртінің санасына дарып, бойымызға сіңірді. Ұлы Абай атамыз айтқандай «Үш нәрсе адамның қасиеті; жылы жүрек, нұрлы ақыл, ыстық қайрат» деген салмақты сөзі Бекет ағайдың бір өзіне арналған ба дерсің!  30 жылдан асып,  әрқайсымыз елдің түкпір- түкпірінде жүрсек те,  сыныптастарымызбен  әлеуметтік желіде хабарласқан кезде де ең бірінші сөзіміз  ұстаздарымыздың амандығын білуден басталады. Мектеп түлектерінің кездесу  кешінде  сәті болмай бара алмадым, бірақ сыныптастарымыз көңілдері көтеріңкі кеште ұстаздарымызбен кездесіп, мәре-сәре болып қайтқанына қуаныштымын. Бұл бір есте қаларлық ұмытылмас сәт. Бекет ағайды заты дара тұлға деп айтсам артық болмас еді. Бұл сөзімді сыныптастарым да қолдайды деп ойлаймын. Тәрбиеші  ағайымыз ер азамат болса да, ұл- қыздарға  ақылы бірдей, тәлімі ортақ болды. Әрқайсымыздың мінез- құлқымызды жетік меңгеріп, ата-анамыздай болып кетті. Шәкірттік өмірімде осындай  ұстаздан білім, тәрбие алғаныма мен қуаныштымын. Өз мінезімдегі еңбекқорлық, жауапкершілік, ойымды ашық айту секілді  өжеттілік қасиеттерім бірінші ата – анамның, екіншіден Бекет ағайдың берген тәрбиесінің бір үлгісі деп білемін. «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» дегендей Бекет ағайдың алдынан түлеп ұшқан оқушылары қазіргі таңда жақсы маман иелері, ер жеткен үлкен ел азаматтары. Жақсы ұстаздан тәлім алған біздер өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолымыздан тайынбай еңбек етіп келеміз.Өзіміз де қазір ата-ана болып, бала тәрбиесіне көңіл бөлеміз. Әрқайсымыз  мұғалімдік,  дәрігерлік,кітапханашылық, тағы да басқа салаларда қызмет атқара отырып, өз балаларымызға ұстаздың қадір- қасиеті жайында ақылымызды айта отырамыз. Салауатты өмір салтын ұстану, қазағымыздың салт- дәстүрін қастерлеу, үлкенге құрмет, кішіге ізеттілік көрсету секілді ізгі қасиеттер,  осының бәрі Бекет ағайымыздың  ерен еңбегінің жемісі. Ардақты да асыл ұстазымызға айтар алғысымыз шексіз. Арада көп жылдар өтсе де, ұстаз еңбегі елеулі, әрқашанда бас иеміз. Бекет Салықұлы, сіз ұшырған түлектер, әрқашанда сізді ұмытпайды. Алланың назарында, бақыттың базарында отбасыңызбен ұзақ ғұмыр кешіп, әлі де биік белестерді бағындырып, алдыңыздан түлектерді ұшыра беріңіз. Жасыңызға жас қосылып, еңбегіңіз әрқашанда бағалана берсін деп шынай шәкірттік тілегімді білдіремін.


Бақытгүл Шайжанова, 

Серік Қазанғапов,

мектептің 1988  жылғы түлектері


Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?