Жер дауын Путин емес, біз даулауымыз керек

Сайт Әкімшілігі - 25.06.20203753

Қоғамда  Ресей  президенті Владимир  Путиннің  осыдан  біраз күн  бұрын   жер  мәселесі жөнінде айтқаны талқыға түсіп  жатқаны  белгілі. Әрине кез-келген «елім,  жерім»  дейтін  азамат Путиннің айтқанына  қарсылық  білдірері анық. Есіңізде  болса,  2014  жылы да  Путиннің «қазақта  мемлекет  болмаған»,  деген әңгіме айтып, айды  аспанға  бірақ  шығарғаны  бар. Мына айтқандары да соның жалғасы іспетті.  Тек бұл  жолы бізге  ғана арнап емес, кезіндегі  КСРО кеңістігінде  өмір сүрген барлық ТМД-ға кіретін  республикаларға  қарата айтып  отыр. Әрине,  таяқтың  бір  ұшы  бізге  тиері  анық. Сонымен  ол  былай  дейді:

«Совет Одағын құру туралы келісімде одан шығу құқығы да жазылған. Бірақ оның нақты процедурасы жоқтықтан мынадай мәселе туады: Қандай да бір республика Совет одағының құрамына кіреді, сөйтіп, Ресейдің ірі көлемде дәстүрлі-тарихи аумағын алады. Сөйтеді де бір күні одақтан шығуға шешім қабылдайды. Олай болса, орыс халқының сыйлығын қоса әкетпей, немен келдің, сонымен шығуың керек қой». Бұл  21  маусым күні «Россия 1» телеарнасындағы «Москва. Путин. Кремль» хабарына берген сұқбатынан  үзінді. Алайда  араға  бір күн  салып, Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков президенттің  айтқандарына түсінік беріп,

«Ресейдің көршілеріне аумақтық талабы жоқ. Әңгіменің  ауаны сыйға жер берілгені туралы емес, Конституцияда кеткен қателіктер туралы болды», деп әңгіменің  тонын  жұмсартты. Қалай  десек те, Путин ойындағысын айтты. Пиғылының  қандай екенін  танытты. Әйтпесе, тарихтан мақұрым жан емес екені анық. Айналасында жүздеген кеңесшісі  отыр, қаншама институттар  жұмыс істеп жатыр. Солар әлемді  қойып, ТМД елдірінің тарихын  білмейді  емес,  біледі,  айтпайды  емес айтады. Бірақ  Путин Ресейдің әлеуеті  баяғыдай  мықты  екенін  танытқысы келіп, айналасына сұс көрсетіп  сөйлеп,  үрейде  ұстағысы келеді. Бірақ  оның  дегені енді  бола  қояр  ма екен? Басқа  республиканы  қайдам, қазақ елінің біраз  жері  патшалық  Ресеймен  большевиктік  Ресейдің   қанжығасында кеткені  тарихтан  белгілі.  Нақтылайтын  болсақ, Сарытау (Саратов),  Түмен, Орынбор, Астрахань, Челябі (бұрынғы атауы  Селебе)  және Омбы шаһары  және оның маңындағы  ұлан-ғайыр  жер  Ресейдің қармағында  қалды.  Әгәрәки   қажет  болса, жер дауын   Путин емес, біз  даулауымыз  керек.  Путин  мұны  неге айтты?  Әрине,  Батыс елдері  салған санкцияның  құрсауында қалып, экономикасы тұралап,    халықы аш-жалаңштана  бастаған  кезде,  түсіп кеткен беделін көтеру  үшін, айтуы мүмкін. Бұл  басқа әңгіме. Десек те,  Путиннің  бұл айтқандарынан  біз  қортынды  шығаруға  тиіспіз. Ол  қатардағы жай адам емес, алып  империяның  басшысы. Демек,  Путиннің аузынан шыққан әрбір сөз, сол елдің көзқарасын  білдіреді. Әрине, қазіргі кезде көршілерімізбен,  соның  ішінде, Ресеймен  саяси, экономикалық, мәдени қарым-қатынаста  болғанымыз  жөн. Бірақ Мәскеудің  дегеніне көніп, бас  шұлғи бергеннен ада  болғанымыз, әрі абай  болғанымыз дұрыс.

Азаматхан  ӘМІРТАЙ,

 «Байтақ-Болашақ» экологиялық  альянсының  төрағасы

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?