Әріптес әзілі

Сайт Әкімшілігі - 25.06.20201755

 Жуырда Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетіне бас редактор болып тағайындалған Оралхан Дәуіт «Жас Алаштың» оқырмандарына жақсы таныс. «Жас Алаштың» Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі, бас редактордың орынбасары болған Орағаң өз ортасында, орайы келгенде, осып түсер әзілдерімен де белгілі. Біз журналистер мерекесі қарсаңында әріптесіміздің әр ортада айтқан әзілдерін жиып-теріп, оқырманмен бөлісуді жөн көрдік.

                        Өз орнымызды ауыстыра салмаймыз ба?

     Оралхан Дәуіт қайбір жылы Жамбылдан шығатын жастар газеті «Арайға» бас редактор болып тағайындалғанда, облыстың бас басылымы «Ақ жолдың» сол кездегі бас редакторы Ғалым Қасабай ағамыз бір топ әріптесімен құттықтап келеді. Ғалекең тілектестігін білдіріп, сөз аяғында: «Маған 4-5 тілшіңді бер, біздің журналистерді «Арайыңа» ал. Тілшілер тәжірибе алмассын», – деп ұсынысын айтады. Сол сәтте Орағаң табанда: «Өйтіп тілшілерді топырлатып ары-бері ауыстырып әурелегенше, өзіміз орнымызды ауыстыра салмаймыз ба?» – деп, әдемі жол тауып кетіпті.

                                  Көзіңіз қарайып жүрген шығар?

       Орағаңды ауылдағы жеңгелерінің бірі көрген сайын «күннен-күнге қарайып бара жатырсың ғой, қайным» деп, қараторылығын қайта-қайта айтып, қалжыңдап, қажай беретін көрінеді. Шыдамның да шегі бар емес пе, тағы бірде жеңгесінің: «Түу, Астанада қызмет етсең де ағармапсың, қайта одан бетер қарайып кеткенбісің?» – деп қағыта жөнелгенінде, Орағаң: «Мүмкін, сіздің көзіңіз қарайып жүрген шығар?» – деп қойып қалыпты.


                                          Ерекше той

     Орағаңның жақын бір ағасы ердің жасы елуге толып, ұлан-асыр той істемекші болады. Сөйтіп, алдымен ағайынды жинап ақылдасады. «Елу жасқа күн сайын толып жатқам жоқпын ғой. Осы тойды өзгеше, әйтеуір, бір ерекше, жаңа технологиямен өткізсек деген ойым бар. Менің тойым елдің есінде қалатындай, ел айтып жүретіндей ерекше той болса... Қандай ойларың бар? Соны ақылдасу үшін өздеріңді әдейі жинадым», – депті.

     Әркім әртүрлі ұсыныс айтып, бірі «мықты асаба табу керек», екінші біреу «өнерпаздар алдыру керек» деп, ойларын ортаға салып жатқанда, үндемей отырған Орағаңнан «сен қандай ұсыныс айтасың» деп сұрапты.

    Сол кезде орнынан тұрған Орағаң:

   –  Аға, не айтайын... Тойды жаңа технологиямен өткізсек дейсіз. Ойыңыз дұрыс. Бірақ қазіргі жаңа технология – тамшылатып суғару емес пе? Сондықтан тойда арақ-шараптың шөлмектерінің беліне жіп байлап, төмен қаратып тамшылатып қоймасақ, басқа жаңашылдық көрмей тұрмын, – деп, жиналғандарды ду күлдіріпті.

Нұрболат ӘЛДИБЕК

Жамбыл облысы

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?