Ресейді асыраймыз деп, өзіміз аш қалмайық

Сайт Әкімшілігі - 25.06.20201846

  Әлемдік пандемия қазір бірқатар елдерді титықтата бастады. Ресей қаржыгерлерінің пайымдауынша, Ресей экономикасы қазірдің өзінде қатты соққы алып отыр. Экономист-сарапшылардың байыптауынша, Ресейде қазір азық-түлік тапшылығы туындай бастаған. Бұрын батыстан келетін азық-түлік өнімдерімен толтырып отырған Ресейдің ішкі нарығы қазір бос қалған. Норвегия, Грекия, Австралия, Аргентина, Канада елдерінен ауылшаруашылық өнімдерін аста-төк алатын көрші ел қазір біршама өнім түрлерінен аса тарығып отыр. Бұған қатысты «ендігі кезекте Ресейді Қазақстан асырай бастайды, сондықтан бұл арада Ресейді асыраймыз деп, өзіміз тарығып қалмаудың жолдарын қарастырғанымыз абзал» деген сарапшылар да бар.

Экономика ғылымының докторы, профессор Жұмаділда Баяхметовтің айтуынша, осы тұста Қазақстан үкіметі отандық өнім өндірушілерге нақты  қолдау білдіруі керек. Ресей бос жатқан нарығын енді Қазақстан арқылы толтыра бастайды. Осы арада сауатты әрекет етсе, біздің аграрийлер үлкен пайда көрер еді. Маманның пайымынша, алдағы уақытта бірінші кезекте ірі мұнай өндіретін зауыттардың маңынан шағын жанар-жағармай шығаратын зауыттар ашу өте маңызды. «Бұдан соң, астық сақтайтын орындардың қасынан ұн тартатын диірмен орындарын ашу қажет болады. Мал бордақылайтын орындардан тері-жүн өңдейтін цехтар ашу да тиімді болар еді. Біздегі баға мен тарифтердің өсуі тұрғындардың көпшілігінің табысынан әлдеқайда жоғары. Яғни тұрғындар бағаның өсуіне үнемі бейімделу үстінде. Бүгінде елімізде азық-түлік нарығы мен коммуналдық қызмет саласындағы қалыптасқан жағдайға отандық мамандардың біразы алаңдаушылық білдіріп отыр. Азық-түлік бағасының қымбаттауы мен коммуналдық төлемақының үздіксіз өсуі көпшілік азаматтардың тұрмыстық мәселелерін қиындатып  жібергені жасырын емес. Осыған орай, бәсекелестікті қорғау агенттігін министрлік деңгейіне көтеру керек. Бұл елдегі монополистердің бағаны орынсыз өсіруіне жол бермейтін дүние. Бағаны өсірмеуді бір министрлікке арнайы жүктесек, отандық өнім өндірушілерге тарифтерді төлеу арзанға түсіп, жұмыс істеу жеңілдейді. Бұдан соң өнім өндіру көлемінің сапасы да артады. Міне, біз үшін алдымен осы жайттарға мән берген жөн. Сонда отандық өндіріс нақты қолдауды сезініп, жұмысы алға басады», – дейді экономист-ғалым Жұмаділда Баяхметов.  

    Экономист-ғалымның пайымдауынша, негізінде, біздің экономикалық құрылымымыз екіге бөлінеді: қала және халықтың 47 пайызы тұратын ауыл. Сондықтан көрші елдегі жағдайды ескере отырып, алдағы уақытта ауыл шаруашылығына аса мән берілуі қажет.

   Ал бұл саланы зерттеп жүрген мамандардың пайымдауынша,  ауыл шаруашылығын дамытуды бір ғана ауыл шаруашылығы министрлігіне таңып қою дұрыс емес. Бұл шаруаны алдағы уақытта ұлттық экономика министрлігіне де жүктеу керек.

 Ойсалар

                          Әркім өз күнін өзі көретін заман туды


    Тақырыпқа орай, ой түйіндеген ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор Аман ЕКАЕВ былай деді:


    – Тереңнен байыптағанға бізді қиындықтан ұтымды алып шығатын сала –  ауыл шаруашылығы. Сондықтан ауыл шаруашылығы министрлігіне сауатты реформа жасаудың реті келді. Егер болашақта ауыл шаруашылығын жандандыра алмасақ, агроөнімдер өндіруге, отандық ет-сүт өндірісіне жан бітіре алмасақ, онда Ресейдің кебін біз де киеміз. Біз енді Ресейден азық-түлік ала алмаймыз. Себебі Ресейдің өзіне жетпей жатыр. Мұнай арзандап, одан түсетін түсім азайып, Еуропа елдері де ауылшаруашылық өнімдерін қымбаттатып жіберді. Қазір арзан азық-түлік импорты деген әңгіме жоқ. Себебі Ресейге тауар тасымалдай алмай қалған бірқатар Еуропа елдері бізге және басқа елдерге арзан азық-түлікті енді бермейді. Әркім өз күнін өзі көретін заман туды. Ал бұл арада біз отандық өндіріске ғана арқа сүйей аламыз. Демек, бізге шикізатты сыртқа шикі күйінше жібере бермей, ең соңғы дайын өнімге дейін өндіру саласының дамуына күш салу керек. Олай етпесек, күні ертең бізде де ашқұрсақ халық көбейеді. Болашақта бізге арзан өнімді Ресейге жіберуді доғару керек.  «Ресейді сапалы ет-сүт өнімдерімен қамтимыз» деген жобалардан бас тарта тұру керек. Ресейді қамтамасыз етеміз деп, өзіміз аш  қалсақ қайтеміз?! Сондықтан қазір біз үшін үкіметтің сауатты әрі пәрменді шешімдер қабылдауы маңызды.

Қарлығаш САЙЛАУБАЕВА

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?